Makita LS1018 Instruction Manual page 51

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Кесу жұмысын орындау үшін сапты төмен
қарай мұқият басыңыз. Сапты күшпен басса
немесе бүйірлік күш қолданылса, жүз дірілдеп,
өңделетін бөлшекте із (ара ізін) қалдырады
және кесу дәлдігі бұзылады.
Сырғытып кесу кезінде, кескіш дискіні
бағыттауыш тақтайшаға қарай тоқтатусыз
мұқият итеріңіз. Кесу кезінде кескіш дискінің
қозғалысы тоқтаса, өңделетін бөлшекте із
қалып, кесу дәлдігі бұзылады.
ЕСКЕРТУ:
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас бұрын,
жүздің т.б. бөліктің өңдеу бөлшегіне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Жүзі өңделетін бөлшекпен жанасатын
құралды іске қосу кері соққы мен ауыр
жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін.
1. Ойып кесу (шағын өңдеу
бөлшектерін кесу)
► Сурет39: 1. Тоқтатқыш бұранда
Биіктігі 91 мм және жалпақтығы 70 мм-ге
дейінгі өңделетін бөлшектерді келесідей кесуге
болады.
Кескіш дискіні бағыттауыш тақтайшаға
қарай толығымен итеріңіз және кескіш
дискіні бекіту үшін тоқтатқыш бұранданы
сағат тілі бағытымен қатайтыңыз. Өңделетін
бөлшекті қысқыштың тиісті түрімен дұрыс
бекітіңіз. Жүз ештеңеге тимей тұрғанда
құралды қосып, төмендетуден бұрын жүз
толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз. Содан
кейін өңделетін бөлшекті кесу үшін сапты
толықтай төмендетілген күйге баяу түсіріңіз.
Кесу жұмысы аяқталғаннан кейін, құралды
өшіріңіз және жүзді толықтай көтерілген
күйіне қайтарудан бұрын, ЖҮЗДІҢ ТОЛЫҚ
ТОҚТАҒАНЫН КҮТІҢІЗ.
ЕСКЕРТУ:
Жұмыс істеу кезінде кескіш диск
жылжымас үшін, батырманы сағат
тілі бағытымен мықтап қатайтыңыз.
Батырманы жеткіліксіз қатайтқан жағдайда
кері соққы мен ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
2. Сырғытып (итеру) кесу (жалпақ
өңдеу бөлшектерін кесу)
► Сурет40: 1. Тоқтатқыш бұранда
Кескіш диск еркін сырғуы үшін, тоқтатқыш
бұранданы сағат тіліне қарсы бағытпен
босатыңыз. Өңделетін бөлшекті қысқыштың
тиісті түрімен бекітіңіз. Кескіш дискіні өзіңізге
қарай толықтай тартыңыз. Жүз ештеңеге
тимей тұрғанда құралды қосып, жүз толық
жылдамдыққа жеткенше күтіңіз. Сапты төмен
қарай басып, КЕСКІШ ДИСКІНІ БАҒЫТТАУЫШ
ТАҚТАЙШАҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕЛЕТІН БӨЛШЕККЕ
ҚАРАЙ ИТЕРІҢІЗ. Кесу жұмысы аяқталғаннан
кейін, құралды өшіріңіз және жүзді толықтай
көтерілген күйіне қайтарудан бұрын, ЖҮЗДІҢ
ТОЛЫҚ ТОҚТАҒАНЫН КҮТІҢІЗ.
ЕСКЕРТУ:
Сырғытып кесуді орындаған кезде,
алдымен кескіш дискіні толығымен
өзіңізге дейін тартып, сапты төмен қарай
басыңыз, содан кейін кескіш дискіні
бағыттауыш тақтайшаға қарай итеріңіз.
Кесу жұмысын кескіш дискіні өзіңізге
қарай толықтай тартпайынша ешқашан
бастамаңыз. Сырғытып кесуді кескіш дискіні
өзіңізге қарай тартпай орындасаңыз, күтпеген
кері соққы мен ауыр жарақат туындауы
мүмкін.
Кескіш дискіні өзіңізге қарай тарту арқылы
сырғытып кесуді орындауға ешқашан
тырыспаңыз. Кесу кезінде кескіш дискіні
өзіңізге қарай тарту күтпеген кері соққы
тудырып, ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Саптың төмендетілген күйінде сырғытып
кесуді ешқашан орындамаңыз.
Жүзі айналып тұрған кезде, кескіш дискіні
бекітетін тоқтатқыш бұранданы ешқашан
босатпаңыз. Кесу кезінде кескіш дискіні
босату күтпеген кері соққы тудырып, ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
3. Қиғаш кесу
"Қиғаш кесу бұрышын реттеу" атты алдыңғы
бөлімді қараңыз.
4. Көлбеу кесу
► Сурет41
Көлбеу кесу бұрышын орнату үшін тетікті
босатып, жүзді толықтай еңкейтіңіз ("Қиғаш
кесу бұрышын реттеу" атты алдыңғы
бөлімді қараңыз). Таңдалған көлбеу кесу
бұрышын қауіпсіз бекіту үшін тетіктің мықтап
қатайтылғанына көз жеткізіңіз. Өңделетін
бөлшектерді қысқыштармен бекітіңіз. Кескіш
диск операторға толығымен кері қарай
тартылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Жүз
ештеңеге тимей тұрғанда құралды қосып,
жүз толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз.
Қысымды жүзбен параллель қолдану кезінде
сапты толықтай төмендетілген күйге мұқият
түсіріңіз және ӨҢДЕЛЕТІН БӨЛШЕКТІ КЕСУ
ҮШІН КЕСКІШ ДИСКІНІ БАҒЫТТАУЫШ
ТАҚТАЙШАҒА ҚАРАЙ ИТЕРІҢІЗ. Кесу жұмысы
аяқталғаннан кейін, құралды өшіріңіз және
жүзді толықтай көтерілген күйіне қайтарудан
бұрын, ЖҮЗДІҢ ТОЛЫҚ ТОҚТАҒАНЫН КҮТІҢІЗ.
51 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents