Makita LS1018 Instruction Manual page 50

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Бұл құрал сырғымалы тақтайшамен жабдықталған,
әдетте ол суретте көрсетілгендей орналасуы керек.
Дегенмен сол жаққа көлбеу кесу жұмыстарын
орындаған кезде, құралдың басы жанасатын болса,
оны суретте көрсетілгендей сол жаққа орнатыңыз.
Көлбеу кесу жұмыстарын аяқтаған кезде,
сырғымалы тақтайшаны бастапқы орнына қоюды
ұмытпаңыз және бекіткіш бұранданы мықтап
қатайтып, бекітіңіз.
R төмен жақ тақтайшасы
ЕСКЕРТУ:
Құралмен жұмыс істеуден бұрын, R төмен
жақ тақтайшасының берік бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Оң жаққа көлбеу кесу жұмысын орындамас
бұрын, R төмен жақ тақтайшасын алыңыз.
Ол жүзге немесе құралдың бөлігіне тиіп,
оператордың ауыр жарақат алуына себеп
болуы мүмкін.
► Сурет35: 1. R төмен жақ тақтайшасы
2. Бұрандалар
R төмен жақ тақтайшасын бағыттаушы тақтайшаның
оң жағынан алып тастауға болады. R төмен жақ
тақтайшасын алып тастау үшін оны бекітетін
бұранданы босатып, тартып шығарыңыз.
Оны орнату үшін алу процедурасын керісінше
орындаңыз.
Көлбеу кесу жұмыстары аяқталған кезде, R төмен
жақ тақтайшасын бастапқы күйіне қайтаруды
ұмытпаңыз және оны бекіткіш бұрандалармен
мықтап қатайтып, бекітіңіз.
Тік қысқыш
► Сурет36: 1. Қысқыш тұтқасы 2. Қысқыш
батырмасы 3. Қысқыш соташығы
4. Бұранда 5. Бағыттауыш тақтайша
Тік қысқышты бағыттауыш тақтайшаның оң немесе
сол жағына орнатуға болады. Қысқыш сотағышын
бағыттауыш тақтайшаның саңылауына енгізіңіз және
оны бекіту үшін бағыттауыш тақтайшаның артқы
жағындағы бұранданы қатайтыңыз.
Қысқыш тұтқасын өңделетін бөлшектің қалыңдығы
мен пішініне сәйкес орналастырып, бұранданы
бұрау арқылы бекітіңіз. Егер қысқыш тұтқасын
бекітетін бұранда бағыттауыш тақтайшамен
жанасса, бұранданы қысқыш тұтқасының қарама-
қарсы жағына орнатыңыз. Сапты толығымен төмен
түсіргенде және кескіш дискіні тартқанда немесе
итергенде, құралдың ешбір бөлігі қысқышпен
жанаспайтынына көз жеткізіңіз. Құралдың кейбір
бөлігі қысқышпен жанасса, қысқышты қайта
орналастырыңыз.
Өңделетін бөлшекті бағыттауыш тақтайша мен
айналатын табанға қарай басыңыз. Өңделетін
бөлшекті қажетті кесу күйіне орналастырып, қысқыш
батырмасын бұрау арқылы бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Өңделетін бөлшек барлық жұмыс кезінде
айналатын табан мен қысқышы бар
бағыттауыш тақтайшаға берік бекітілуі
тиіс. Өңделетін бөлшек тақтайшаға дұрыс
бекітілмесе, кесу жұмыстары кезінде
материал жылжып кетіп, нәтижесінде жүздің
зақымдалуына, материалдың ұшып кетуіне,
басқаруды жоғалтуға және ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
Көлденең қысқыш (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет37: 1. Қысқыш пластинасы 2. Қысқыш
сомыны 3. Қысқыш батырмасы
Көлденең қысқышты табанның оң немесе сол жағына
екі күйде орнатуға болады. 10° немесе одан үлкен қиғаш
бұрыштар кесуді орындау кезінде көлденең қысқышты
табан бұрылатын бағытқа қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
► Сурет38
Қысқыш сомынын сағат тілі бағытымен бұрау арқылы
қысқыш босатылып, ішке және сыртқа қарай жылдам
жылжиды. Өңделетін бөлшекті ұстау үшін, қысқыш
пластинасы өңделетін бөлшекпен жанасып, қысқыш сағат
тілі бағытымен бұралғанша, қысқыш батырмасын алға
қарай итеріңіз. Содан кейін өңделетін бөлшекті бекіту
үшін қысқыш батырмасын сағат тілі бағытымен бұраңыз.
Көлденең қысқыш арқылы бекітілетін өңделетін
бөлшектің максималды ені – 215 мм.
Көлденең қысқышты табанның оң жағына орнатқан
кезде, өңделетін бөлшекті мықтырақ бекіту үшін R
төмен жақ тақтайшасын да пайдаланыңыз. R төмен
жақ тақтайшасын орнату үшін бұрын сипатталған "R
төмен жақ тақтайшасы" бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ:
Қысқыш сомынын өңделетін бөлшек
дұрыс бекітілгенше, әрқашан сағат тілі
бағытымен бұраңыз. Өңделетін бөлшек
дұрыс бекітілмесе, кесу жұмыстары кезінде
материал жылжып кетіп, нәтижесінде жүздің
зақымдалуына, материалдың ұшып кетуіне,
басқаруды жоғалтуға және ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
Плинтус сияқты тақтайшаға қарама-қарсы
жіңішке өңделетін бөлшекті кесу кезінде,
әрқашан көлденең қысқышты пайдаланыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Пайдаланудан бұрын,сапты тоқтатқыш
істікті тарту арқылы төмен түсірілген күйден
босатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Кесу кезінде сапқа шамадан тыс қысым
түсірмеңіз. Тым қатты күш қолдану моторға
шамадан тыс жүктеме түсуіне және/немесе
кесу тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Тегіс және жүз жылдамдығын төмендетпей
кесуге қажетті күшті пайдаланып қана сапты
төмен қарай итеріңіз.
50 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents