Makita LS1018 Instruction Manual page 46

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Кертік панелін орналастыру
► Сурет7: 1. Бұранда 2. Кертік панелі
► Сурет8: 1. Ара жүзі 2. Жүз тістері 3. Кертік панелі
4. Сол жаққа көлбеу кесу 5. Тікелей кесу
6. Оң жаққа көлбеу кесу
Бұл құралда кесудің шығыс жағында жарықтардың
пайда болуын азайту үшін айналатын табанда кертік
панельдері берілген. Ара жүзі кертік панельдеріне
тиіп кетпес үшін, олар зауытта реттеледі. Қолданар
алдында кертік панельдерін келесідей реттеңіз:
Алдымен құралды желіден ажыратыңыз. Кертік
панельдеріне бекітілетін барлық бұрандаларды (оң
және сол жағында 3 бұрандадан бар) босатыңыз.
Кертік панельдері қолмен оңай жылжитын деңгейде
болуы үшін, оларды қайта қатайтыңыз. Сапты
толығымен төмен түсіріп, төменгі күйде сапты
құлыптау үшін тоқтатқыш істікті басыңыз. Сырғыту
сырықтарын бекітетін бұранданы босатыңыз.
Кескіш дискіні өзіңізге қарай толықтай тартыңыз.
Кертік панельдерін жүз тістерінің бүйірлеріне ғана
тиетіндей етіп реттеңіз. Алдыңғы бұрандаларды
қатайтыңыз (мықтап қатайтпаңыз). Кескіш дискіні
бағыттауыш тақтайшаға қарай толық итеріп,
кертік панельдерін жүз тістерінің бүйірлеріне ғана
тиетіндей етіп реттеңіз. Артқы бұрандаларды
қатайтыңыз (мықтап қатайтпаңыз).
Кертік панельдерін реттегеннен кейін, тоқтатқыш
істікті босатыңыз да, сапты көтеріңіз. Содан кейін
барлық бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Көлбеу кесу бұрышын орнатқаннан
кейін, кертік панельдерінің дұрыс
орнатылғандығына көз жеткізіңіз. Кертік
панельдерін дұрыс реттеу өңделетін бөлшекті
тиісті түрде ұстап, онда жарықтардың пайда
болуын азайтуға көмектеседі.
Максималды кесу мүмкіндігін
сақтау
Бұл құрал 255 мм ара жүзінің максималды кесу
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін зауытта реттеледі.
Кез келген реттеуді орындамас бұрын, құралды
қуаттан ажыратыңыз. Жаңа жүзді орнатқан кезде
әрқашан жүздің ең төменгі күйін тексеріңіз, қажет
болған жағдайда оны келесідей реттеңіз:
► Сурет9: 1. Реттегіш болт 2. Айналатын табан
► Сурет10: 1. Айналатын табанның үстіңгі беті
2. Жүздің шеті 3. Бағыттауыш тақтайша
Алдымен құралды желіден ажыратыңыз. Кескіш
дискіні бағыттауыш тақтайшаға қарай толық итеріп,
сапты толығымен төмен түсіріңіз. Реттегіш болтты
жүздің шеті бағыттауыш тақтайшаның алдыңғы беті
айналатын табанның үстіңгі бетіне сәйкес келетін
нүктеде айналатын табанның үстіңгі бетінен сәл
төмен шығып тұрғанша бұрау үшін алты қырлы кілтті
пайдаланыңыз.
Құралды желіден ажыратып, жүз төменгі табанның
ешбір бөлігіне тимейтініне сенімді болу үшін
сабынан ұстап, жүзді қолмен айналдырыңыз. Қажет
болса, сәл қайта реттеңіз.
ЕСКЕРТУ:
Құралды желіден ажыратып, жаңа жүзді
орнатқаннан кейін, сабы толығымен
түсірілгенде, жүз төменгі табанның
ешқандай бөлігіне тимейтініне әрқашан
көз жеткізіңіз. Егер жүз табанға тисе, ол кері
соққы беріп, ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Тоқтатқыш иінтірек
► Сурет11: 1. Тоқтатқыш иінтірек 2. Реттегіш
бұранда
Жүздің ең төменгі күйін тоқтатқыш иінтірекпен
оңай реттеуге болады. Оны реттеу үшін тоқтатқыш
иінтіректі суретте көрсетілгендей көрсеткі бағытымен
жылжытыңыз. Сапты толығымен түсірген кезде,
реттегіш бұранданы жүз қажетті күйде тоқтағанша
реттеңіз.
Қиғаш кесу бұрышын реттеу
► Сурет12: 1. Қиғаш кесу шкаласы 2. Көрсеткі
3. Құлыптау тетігі 4. Тұтқа
Тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұрап
босатыңыз. Құлыптау тетігін басып тұрып,
айналатын табанды бұраңыз. Тұтқаны көрсеткі
көлбеу кесу шкаласындағы қалаған бұрышқа
бағытталған күйге жылжытқаннан кейін, сағат тілі
бағытымен бұрап мықтап қатайтыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қиғаш кесу бұрышын өзгерткеннен кейін,
әрқашан тұтқаны мықтап қатайтып,
айналатын табанды бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Айналатын табанды бұраған кезде, сапты
толығымен көтеріңіз.
Көлбеу кесу бұрышын реттеу
► Сурет13: 1. Тетік
Көлбеу бұрышын реттеу үшін құралдың артқы
жағындағы тетікті сағат тіліне қарсы бағытта бұрап
босатыңыз. Ара жүзін қисайтқыңыз келген бағытқа
қарай сабын аздап басып, тұтқаны босатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Тетікті ұстап тұрған бұранданы алып тастау
арқылы және қажетті бұрышпен тетікті бекіту
арқылы тетікті әртүрлі бұрышпен реттеуге
болады.
► Сурет14: 1. Тетік 2. Тұтқа 3. Көрсеткі 4. Көлбеу
кесу шкаласы
Көрсеткі көлбеу кесу шкаласындағы қалаған
бұрышқа бағытталғанша, ара жүзін итеріңіз. Тұтқаны
бекіту үшін тетікті сағат тілі бағытында бұрап мықтап
қатайтыңыз.
► Сурет15: 1. Тетік
Кескіш дискіні оңға қарай еңкейткен кезде, кескіш
дискіні тетікті босатқаннан кейін, солға қарай сәл
еңкейтіп, босату түймесін басыңыз. Босату түймесін
басып тұрып, кескіш дискіні оңға қарай еңкейтіңіз.
46 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents