Makita LS1018 Instruction Manual page 43

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза және майлы
болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және
қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген
жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және
оған ие болу мүмкін болмайды.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған
қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге
ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа жөндеу
бойынша білікті аман тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдаланып жүзеге асыруы қажет. Бұл электрлік
құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Қапталдық араларға арналған
қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
1.
Қапталдық аралар ағашты немесе ағаш
тәрізді өнімдерді кесуге арналған, оларды
білік, қарнақ, істік және т.б. секілді темір
материалдарды кесу үшін ысып кескіш
дөңгелектермен пайдалануға болмайды.
Абразивті шаң төменгі сақтандырғыш сияқты
қозғалатын бөліктердің кептеліп қалуын тудырады.
Ысып кесуден шыққан ұшқындар төменгі
сақтандырғышты, кертікке арналған ойықты және
басқа пластикалық бөлшектерді күйдіреді.
2.
Қажет болғанда, өңделетін бөлшекті бекітіп
тірейтін қысқыштарды пайдаланыңыз. Егер
өңделетін бөлшекті қолмен ұстап бекітсеңіз,
қолыңызды әрдайым ара жүзінің екі жағынан
кемінде 100 мм қашықтықта ұстаңыз. Бұл
араны сенімді түрде қысқыштармен ұстату
немесе қолмен ұстап бекіту үшін тым
кішкентай бөліктерді кесу үшін пайдаланбаңыз.
Егер қолыңызды ара жүзіне тым жақын қойсаңыз,
жүздің тиюінен жарақат алу қаупі артады.
Өңделетін бөлшек тұрақты болып,
3.
қысқыштармен бекітілуі немесе қоршау мен
үстелге тіреп қойылуы керек. Өңделетін
бөлшекті қолмен ұстап жүзге қарай ешқашан
апармаңыз немесе кеспеңіз. Бекітілмеген
немесе қозғалмалы өңделетін бөлшектер жоғары
жылдамдықпен ұшып кетіп, жарақат тудыруы мүмкін.
4.
Араны өңделетін бөлшек бойымен итеріңіз.
Араны өңделетін бөлшек бойымен тартпаңыз.
Кесу үшін араның бастиегін көтеріп, өңделетін
бөлшектің үстінен кесуді орындамай
тартыңыз да, моторды іске қосыңыз, араның
бастиегін төмен басып, араны өңделетін
бөлшек бойымен итеріңіз. Тартым күшпен кесу
ара жүзінің өңделетін бөлшектің үстіне көтеріліп
кетуіне себеп болып, жүз жинағы операторға
қарай қатты күшпен ұшып кетуі мүмкін.
5.
Ара жүзінің алдыңғы немесе артқы
жағындағы кесу сызығына ешқашан
қолыңызды тигізбеңіз. Өңделетін бөлшекті
қолмен араның ар жағынан ұстау, яғни ара
жүзінің оң жағындағы өңделетін бөлшекті сол
қолыңызбен немесе керісінше ұстау өте қауіпті.
► Сурет1
6.
Жүз айналып тұрған кезде, ағаштың қоқыстарын
алып тастау үшін, немесе кез келген басқа
себеппен ара жүзінің екі жағынан 100 мм-ден жақын
аймаққа қоршаудың артқы жағына қолыңызды
салмаңыз. Айналып тұрған ара жүзінің қолыңызға
жақындығы анық болмай, ауыр жарақат әкелуі мүмкін.
7.
Кесу алдында өңделетін бөлшекті
тексеріңіз. Өңделетін бөлшек майысса не
деформацияланса, оның майысқан сыртқы
жағын қоршауға қарай қысып бекітіңіз. Әрқашан
өңделетін бөлшек, қоршау мен кесілген сызық
бойынша үстел арасында бос орынның
болмауын қадағалаңыз. Кесу кезінде бүгілген
немесе деформацияланған өңделетін бөлшектер
бұралып не жылжып кетіп, айналып тұрған ара
жүзіне кептеліп қалуы мүмкін. Өңделетін бөлшекте
шегелер не бөтен заттар болмауы тиіс.
8.
Араны үстел барлық құралдардан, ағаш
қоқыстарынан және т.б. тазаланбағанша,
өңделетін бөлшекті қоспағанда, пайдаланбаңыз.
Ұсақ қоқыстар немесе айналмалы жүзбен байланысқа
түсетін ағаштың немесе басқа заттардың бос
бөліктері жоғары жылдамдықпен ұшып кетуі мүмкін.
9.
Бір уақытта тек бір өңделетін бөлшекті
кесіңіз. Қатталған бірнеше өңделетін
бөлшектер қысқыштармен дұрыс бекітілмеуі
немесе тірелмеуі мүмкін және кесу кезінде
жүзге кептеліп не жылжып кетуі мүмкін.
10. Пайдаланар алдында қапталдық араның тегіс
және тұрақты жұмыс бетіне бекітілгеніне не
орналастырылғанына көз жеткізіңіз. Тегіс және
тұрақты жұмыс беті қапталдық араның жұмыс
барысында тұрақсыздық қаупін төмендетеді.
11.
Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Көлбеу немесе
қиғаш кесу бұрышы параметрлерін әр өзгерткен
сайын, реттелетін қоршау өңделетін бөлшекті
ұстап тұру үшін дұрыс орнатылғанына және
жүзге немесе сақтандыру жүйесіне кедергі
келтірмейтініне көз жеткізіңіз. Құралды іске
қоспай және үстелді өңделетін бөлшектен босатып,
кесуге ешқандай кедергі немесе қоршауды кесу
қаупі жоқ екендігіне көз жеткізу үшін ара жүзін
кескен сияқты болып, толық жылжытыңыз.
12. Үстел бетіне қарағанда кеңірек немесе ұзынырақ
өңделетін бөлшек үшін үстел ұзартқыштары,
аралау тіреуіштері және т.б. сияқты тиісті тіректі
қамтамасыз етіңіз. Қапталдық аралау үстелінен
ұзынырақ немесе кеңірек өңделетін бөлшектер берік
бекітілмеген жағдайда иілуі мүмкін. Егер кесілген
бөлшек немесе өңделетін бөлшек иілсе, төменгі
сақтандырғышты көтеруі не айналмалы жүз арқылы
ұшырылуы мүмкін.
13. Басқа адамды үстел ұзартқыштың
орнына немесе қосымша тіреу ретінде
пайдаланбаңыз. Тұрақсыз тірелген өңделетін
бөлшек кесу кезінде жүздің кептелуіне немесе
өңделетін бөлшектің жылжып кетуіне әкелуі
мүмкін, бұл сізді және көмекшіңізді айналып
тұрған жүзге қарай тарту қаупін тудырады.
14. Кесілген бөлік айналып тұрған ара жүзіне
кептеліп немесе қысылып қалмауы тиіс. Егер ол
шектелген болса, яғни ұзындықты орнатуға арналған
тоқтатқышты қолдану арқылы, кесілген бөлік жүзге
сыналанып, қатты күшпен ұшып кетуі мүмкін.
43 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents