Makita LS1018 Instruction Manual page 45

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

20. Шүріппені "ҚОСУЛЫ" күйінде құлыптамаңыз.
21. Әрдайым осы нұсқаулықта ұсынылған
керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Ысқыш
дөңгелектер сияқты үйлесімсіз керек-
жарақтарды пайдалану жарақатқа әкелуі
мүмкін.
22. Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтпаңыз және
теріге тигізбеңіз. Материал жеткізушісінің
қауіпсіздік туралы деректерін ұстаныңыз.
23. Осы құралмен сымды қуат көзін
пайдаланбаңыз.
Лазерге арналған қосымша қауіпсіздік ережелері
1.
ЛАЗЕР СӘУЛЕСІ, СӘУЛЕГЕ ҚАРАУҒА
НЕМЕСЕ ОПТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН
ТІКЕЛЕЙ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ, 2М КЛАСТЫ
ЛАЗЕР ӨНІМІ.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ОРНАТУ
Верстакта орнату
► Сурет2: 1. Тоқтатқыш істік
Құрал жеткізілгенде, тұтқа төмендетілген күйде
тоқтатқыш істікпен құлыпталады. Бір уақытта
тоқтатқыш істікті тарту және тұтқасын ақырындап
төмен қарай басу арқылы тоқтатқыш істікті
босатыңыз.
► Сурет3: 1. Болттар
Құралдың табанындағы болт саңылауларын
пайдалана отырып, құралды төрт болтпен тегіс
және тұрақты бетке бекіту керек. Бұл құралдың
аударылуына және жарақат алуға жол бермейді.
Ұстағыштар мен ұстағыш
жиынтықтарын орнату
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде ұстағыштар мен
ұстағыш жиынтықтары стандартты керек-жарақ
ретінде құралдың қаптамасында болмауы мүмкін.
► Сурет4: 1. Ұстағыш 2. Ұстағыш жиынтығы
3. Бұранда
Ұстағыштар мен ұстағыш жиынтықтары өңделетін
бөлшектерді көлденеңінен тірейді.
Ұстағыштар мен ұстағыш жиынтықтарын суретте
көрсетілгендей етіп екі жағына орнатыңыз.
Содан кейін ұстағыштар мен ұстағыш жиынтықтарын
бекіту үшін, бұрандаларды мықтап қатайтыңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
ЕСКЕРТУ:
Құралдың жұмысын реттемей және
тексермей тұрып, оның әрдайым өшірулі
екеніне және токтан ажыратылғанына көз
жеткізіңіз. Бұл нұсқауды орындамасаңыз,
құрал кенеттен іске қосылып, ауыр жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
Жүз сақтандырғышы
► Сурет5: 1. Жүз сақтандырғышы
Сапты түсірген кезде жүз сақтандырғышы автоматты түрде
көтеріледі. Кесуді аяқтағанда және сапты көтергенде, жүз
сақтандырғышы бастапқы күйіне қайтарылады.
ЕСКЕРТУ:
Жүз сақтандырғышын немесе сақтандырғышқа
бекітілген серіппені ешқашан бұзбаңыз немесе
алып тастамаңыз. Сақтандырғыштың бұзылу
нәтижесінде ашық қалған жүз жұмыс кезінде ауыр
жарақатқа алып келуі мүмкін.
Жеке қауіпсіздігіңіз үшін жүз сақтандырғышын әрдайым
жақсы жағдайда ұстаңыз. Жүз сақтандырғышының
кез келген ақаулығы дереу түзетілуі керек. Серіппелі
сақтандырғыштың қайтару әрекетін тексеріп шығыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жүз сақтандырғышы немесе серіппе
зақымдалған, ақаулы немесе алынған
болса, құралды ешқашан пайдаланбаңыз.
Құралды зақымдалған, ақаулы немесе
алынған сақтандырғышпен пайдалану ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
Егер мөлдір жүз сақтандырғышы кірленіп кетсе
немесе жүз бен өңделетін бөлшек жабысып
қалған жоңқалардан анық көрінбейтін болса,
араны ажыратыңыз да, сақтандырғышты дымқыл
шүберекпен мұқият тазалаңыз. Пластикалық
сақтандырғышқа ешқандай еріткіштерді немесе
мұнай негізіндегі тазартқыштарды қолданбаңыз,
себебі бұл сақтандырғышқа зақым келтіруі мүмкін.
Жүз сақтандырғышы ластанған болса және дұрыс
жұмыс істеу үшін тазалау қажет болса, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
құрал өшіріліп, желіден ажыратылған кезде, орталық
қақпақты ұстап тұратын алты қырлы болтты босату
үшін берілген тұқыр кілтін пайдаланыңыз. Алты
қырлы болтты сағат тіліне қарсы бұрап босатып, жүз
сақтандырғышы мен орталық қақпақты көтеріңіз.
► Сурет6: 1. Жүз сақтандырғышы
Осындай күйдегі жүз сақтандырғышын толығырақ және
тиімдірек тазалауға болады. Тазалау жұмысы аяқталған
соң, жоғарыдағы процедураны керісінше орындап, болтты
бекітіңіз. Серіппемен ұсталған жүз сақтандырғышын
алып тастамаңыз. Егер сақтандырғыш тозу немесе
ультракүлгін сәулесі нәтижесінде зақымдалса, жаңа
сақтандырғыш жөнінде Makita қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. САҚТАНДЫРҒЫШТЫ ЕШҚАШАН
БҰЗБАҢЫЗ НЕМЕСЕ АЛЫП ТАСТАМАҢЫЗ.
45 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents