Makita LS1018 Instruction Manual page 44

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

15. Әрқашан біліктер немесе түтіктер тәрізді
дөңгелек материалдарды дұрыс ұстап
тұруға арналған қысқышты немесе
фиксаторды пайдаланыңыз. Біліктер кесу
кезінде айналып кетуге бейім, бұл жүздің
ілінуіне және өңделетін бөлшекті қолмен жүзге
қарай тарту керектігіне әкеледі.
16. Өңделетін бөлшекке тигізбестен бұрын, жүзді
толық жылдамдығына жеткізіңіз. Бұл өңделетін
бөлшектің ұшырылу қаупін төмендетеді.
17. Өңделетін бөлшек немесе жүз кептеліп
қалса, қапталдық араны өшіріңіз. Барлық
қозғалатын бөлшектердің тоқтауын күтіп,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз немесе
аккумулятор жинағын алыңыз. Содан
кейін кептелген материалды босатыңыз.
Кептелген өңделетін бөлшекті аралауды
жалғастыру басқаруды жоғалтуға немесе
қапталдық араны зақымдауға әкелуі мүмкін.
18. Кесуді аяқтағаннан кейін, ауыстырып-
қосқышты босатыңыз, араның бастиегін
төмен түсіріп, кесілген бөлшекті алып
тастамас бұрын, жүздің тоқтауын күтіңіз.
Қолды инерция бойынша айналған жүзге
жақындату қауіпті.
19. Толық емес кесу кезінде немесе араның
бастиегі толығымен төмен түскенше,
ауыстырып-қосқышты босатқан кезде
сапты мықтап ұстаңыз. Араның тежелуі
араның бастиегі кенеттен төмен түсіп, жарақат
алу қаупін тудыруы мүмкін.
20. Ара жүзін құралда белгіленген немесе
нұсқаулықта көрсетілген диаметрмен ғана
пайдаланыңыз. Өлшемі сай келмейтін жүзді
пайдалану жүзді тиісті түрде сақтандыруға
немесе сақтандырғыштың жұмыс істеуіне
кері әсер етуі мүмкін, нәтижесінде ауыр дене
жарақатының пайда болуы ықтимал.
21. Құралда белгіленген жылдамдыққа тең
немесе одан жоғары жылдамдықпен
белгіленген ара жүздерін ғана
пайдаланыңыз.
22. Араны ағаш, алюминий немесе ұқсас
материалдардан басқасын кесу үшін
пайдаланбаңыз.
23. (Тек Еуропа елдері үшін)
Әрқашан EN847-1 стандартына сәйкес
келетін жүзді пайдаланыңыз.
Қосымша нұсқаулар
1.
Шеберхананы балалар кірмейтіндей
құлыптап, жабық ұстаңыз.
2.
Құрал үстіне ешқашан тұрмаңыз. Құрал
еңкейтілген болса немесе кескіш құралға
кездейсоқ тиіп кетсеңіз, ауыр жарақат алуыңыз
мүмкін.
3.
Құралды ешқашан қосулы күйде қараусыз
қалдырмаңыз. Өшіріп қойыңыз. Толық
тоқтағанға дейін құралды қалдырмаңыз.
4.
Араны сақтандырғышсыз қолданбаңыз. Әр
қолданыс алдында жүздің сақтандырғышы
дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Жүз
сақтандырғышы еркін қозғалмаса және
бірден жабылмаса, араны пайдаланбаңыз.
Жүз сақтандырғышын ешқашан ашық күйде
қысып бекітпеңіз.
5.
Қолыңызды ара жүзінің жүретін жолына
жақындатпаңыз. Инерция бойынша
айналып тұрған жүзді ұстаңыз. Ол әлі де
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
6.
Жарақат алу қаупін азайту үшін, әрбір
көлденең кесу жұмысынан кейін кескіш
дискіні толық артқы күйіне қайтарыңыз.
7.
Құралды көтермес бұрын, барлық
қозғалатын бөліктерді әрдайым бекітіңіз.
Кескіштің басын құлыптайтын тоқтатқыш
8.
істік қандай да бір кесу жұмыстарына емес,
тек тасымалдау мен сақтауға арналған.
9.
Жұмысқа кірісуден бұрын, жүзде жарықтар
мен зақымдардың бар-жоғын мұқият
тексеріңіз. Жарылған немесе зақымдалған
жүзді дереу алмастырыңыз. Жүздегі
қатып қалған шайыр мен ағаш шайыры
араны баяулатады және кері соққы
ықтималдығын арттырады. Алдымен ара
жүзін құралдан алып тастаңыз, сосын оны
шайыр кетіргішпен, ыстық сумен немесе
керосинмен тазалаңыз. Жүзді тазалау үшін
бензинді ешқашан пайдаланбаңыз.
10. Сырғытып кесу кезінде КЕРІ СОҚҚЫ орын
алуы мүмкін. Кесу жұмыстары барысында
жүз өңделетін бөлшекке кептелген кезде,
КЕРІ СОҚҚЫ пайда болып, ара жүзі
операторға қарай жылдам беріледі. Бұл
басқаруды жоғалтуға және ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін. Егер кесу жұмыстары кезінде
жүз кептеліп қалса, кесуді жалғастырмай,
ауыстырып-қосқышты бірден жіберіңіз.
Осы құралға арналған фланецтерді ғана
11.
пайдаланыңыз.
12. Білікті, фланецтерді (әсіресе орнатылатын
бетті) немесе болтты зақымдап алмас
үшін абай болыңыз. Бұл бөлшектердің
зақымдалуы жүздің бұзылуына әкелуі
мүмкін.
13. Айналатын табан жұмыс кезінде
қозғалмайтындай етіп бекітілгенін
тексеріңіз. Араны орнықты жұмыс
платформасына немесе верстакқа
бекіту үшін табандағы саңылауларды
пайдаланыңыз. Оператор ыңғайсыз
орналасқан жағдайда құралды ЕШҚАШАН
пайдаланбаңыз.
14. Ауыстырып-қосқыш қосылмай тұрып, білік
құлпының босатылғанын тексеріңіз.
15. Жүздің ең төменгі күйінде айналатын
табанға тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
16. Сабынан мықтап ұстаңыз. Ара іске қосқан
және тоқтаған сәтте сәл жоғары не төмен
жылжитынын ескеріңіз.
17. Ауыстырып-қосқышты іске қоспас
бұрын, жүздің өңделетін бөлшекке тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
18. Құралды нақты өңделетін бөлшекке
қолданбас бұрын, біраз уақыт бойы іске
қосылып тұруына мүмкіндік беріңіз. Жүздің
сапасыз орнатылғанын немесе нашар
теңдестірілгенін көрсететін дірілді немесе
теңселуді қадағалаңыз.
19. Қалыптан тыс әрекет байқалған жағдайда
жұмысты дереу тоқтатыңыз.
44 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents