Makita LS1018 Instruction Manual page 49

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ЕСКЕРТУ:
Жүзді шпиндельге орнатар алдында
әрқашан ішкі және сыртқы фланецтердің
арасында сіз пайдаланатын жүздің
жақтау саңылауы үшін дұрыс сақина
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Дұрыс емес
жақтау саңылауы сақинасын пайдалану
нәтижесінде жүз қате орнатылуы мүмкін, ол,
өз кезегінде, жүздің қозғалуы мен қатты діріл
жағдайларына себеп болып, нәтижесінде
жұмыс барысында басқарудың жоғалуы мен
ауыр жарақат орын алуы мүмкін.
► Сурет27: 1. Жүз қақпағы 2. Көрсеткі 3. Көрсеткі
4. Ара жүзі
Жүзді орнату үшін оны шпиндельге мұқият бекітіп,
жүз бетіндегі көрсеткі бағытының жүз қақпағының
бағытымен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Сыртқы фланец пен алты қырлы болтты орнатып,
содан кейін алты қырлы болтты (сол жақ) тұқыр
кілтін пайдалану арқылы білік құлпын басып тұрып,
сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
► Сурет28: 1. Алты қырлы болт (сол жақ)
2. Сыртқы фланец 3. Ара жүзі
4. Сақина 5. Ішкі фланец 6. Шпиндель
► Сурет29: 1. Тұқыр кілті 2. Жүз қақпағы
3. Орталық қақпақ 4. Алты қырлы болт
5. Жүз сақтандырғышы
Жүз сақтандырғышы мен орталық қақпақты
бастапқы күйіне қайтарыңыз. Содан кейін орталық
қақпақты бекіту үшін алты қырлы болтты сағат тілі
бағытымен мықтап бұраңыз. Сапты тоқтатқыш істікті
тарту арқылы көтерілген күйден босатыңыз. Жүз
сақтандырғышының дұрыс жылжитынына көз жеткізу
үшін сапты төмендетіңіз. Кесу жұмысын орындаудан
бұрын, білік құлпының шпиндельді босатқанына көз
жеткізіңіз.
Шаңсорғышты қосу
Кесу жұмысын таза түрде орындағыңыз келсе,
Makita шаңсорғышын жалғаңыз.
► Сурет30
Шаң қапшығы
► Сурет31: 1. Шаң жүретін мойын 2. Шаң қапшығы
3. Бекіткіш
Шаң қапшығын пайдалану кесу жұмысының таза
орындалуын қамтамасыз етеді және шаң жинауды
жеңілдетеді. Шаң қапшығын бекіту үшін оны шаң
жүретін мойынға енгізіңіз.
Шаң қапшығы шамамен жартылай толғанда,
оны құралдан алып, бекіткішті шығарыңыз. Шаң
қапшығының ішіне жабысып қалған бөлшектерді сәл
қағып түсіріп тастаңыз, әйтпесе олар шаңды одан әрі
жинауға кедергі келтіруі мүмкін.
Өңделетін бөлшекті бекіту
ЕСКЕРТУ:
Өңделетін бөлшекті әрдайым қысқыштың
немесе багет тоқтатқыштарының дұрыс
түрімен бекіту өте маңызды болып
табылады. Әйтпесе ауыр жарақатқа әкеліп,
құралға және/немесе өңделетін бөлшекке
зақым келтіруі мүмкін.
Кесу жұмысынан кейін, жүзі толық
тоқтағанша, оны көтермеңіз. Инерциямен
айналып тұрған араны көтеру ауыр
жарақатқа әкеліп, өңделетін бөлшекке зақым
келтіруі мүмкін.
Араның тірек табанынан ұзынырақ
өңделетін бөлшекті кесу кезінде, материал
деңгейін сақтау үшін, материал тірек
табанның толық ұзындығы бойынша және
бірдей биіктікте сақталуы қажет. Тиісті
өңделетін бөлшекті тіреу ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін ара жүзінің қысылу немесе
кері соққы беруіне жол бермейді. Өңделетін
бөлшекті бекіту үшін тік қысқышқа және/
немесе көлденең қысқышқа сүйенбеңіз.
Жұқа материалдар майысуы мүмкін. Жүздің
қысылуына немесе КЕРІ СОҚҚЫ беруіне
жол бермеу үшін Өңделетін бөлшекті толық
ұзындығы бойынша тіреңіз.
► Сурет32: 1. Тірек 2. Айналатын табан
Бағыттауыш тақтайшаны
(СЫРҒЫМАЛЫ ТАҚТАЙШАНЫ)
реттеу
► Сурет33: 1. Сырғымалы тақтайша 2. Бекіткіш
бұранда
ЕСКЕРТУ:
Құралмен жұмыс істеуден бұрын, сырғымалы
тақтайшаның берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Көлбеу кесуден бұрын, сапты толығымен
кез келген күйге төмендету мен
жоғарылату кезінде немесе қозғалыстың
толық ауқымы бойынша кескіш дискінің
жылжуы кезінде, құралдың ешқандай
бөлігінің, әсіресе жүз тақтайшасымен
жанаспайтынына көз жеткізіңіз. Құрал
немесе жүз тақтайшамен жанасса, бұл
материалдың кенет қозғалуына немесе кері
соққы беруіне және ауыр жарақатқа әкелуі
мүмкін.
► Сурет34: 1. Сырғымалы тақтайша
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Көлбеу кесу жұмыстарын орындаған кезде,
сырғымалы тақтайшаны сол жаққа сырғытып,
суретте көрсетілгендей етіп бекітіңіз. Әйтпесе
ол жүзге немесе құралдың бөлігіне тиіп,
оператордың ауыр жарақат алуына себеп
болуы мүмкін.
49 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents