Makita LS1018 Instruction Manual page 55

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

2. Көлбеу кесу бұрышы
(1)
0° көлбеу кесу бұрышы
► Сурет51: 1. Тетік 2. Тұтқа
Кескіш дискіні бағыттауыш тақтайшаға
қарай итеріңіз және кескіш дискіні бекіту
үшін тоқтатқыш бұранданы қатайтыңыз.
Сапты толығымен төмен түсіріңіз де, оны
тоқтатқыш істікті ішке қарай итеру арқылы
төменгі күйде бекітіңіз. Құралдың артқы
жағындағы тетікті босатыңыз.
► Сурет52: 1. 0°-қа реттегіш болт 2. Сол жақ 45°
көлбеу кесу бұрышын реттегіш болт
Жүзді оңға қисайту үшін, тұтқаның оң жағындағы
алты қырлы болтты екі немесе үш айналыммен
сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз.
► Сурет53: 1. Үшбұрышты сызғыш 2. Ара жүзі
3. Айналатын үстелдің үстіңгі беті
Оң жақ тұтқаны сағат тілі бағытымен
алты қырлы болтты қолданып бұрау
арқылы жүз бүйірін үшбұрышты сызғыш,
бұрыштық және т.б. көмегімен айналатын
табанның үстіңгі бетімен мұқият тік
бұрышқа қойыңыз. Содан кейін тетікті
мықтап бекітіңіз.
► Сурет54: 1. Бұранда 2. Көрсеткі 3. Көлбеу кесу
шкаласы
Тұтқадағы көрсеткі тұтқа ұстағышындағы
көлбеу кесу шкаласындағы 0°-қа
бағытталғанына көз жеткізіңіз. Егер
олар 0°-қа бағытталмаса, көрсеткіні
бекітетін бұранданы босатып, оны 0°-қа
бағытталатындай етіп реттеңіз.
(2)
45° көлбеу кесу бұрышы
► Сурет55: 1. Оң жақ 45° көлбеу кесу бұрышын
реттегіш болт 2. Сол жақ 45° көлбеу
кесу бұрышын реттегіш болт
45° көлбеу кесу бұрышын тек 0° көлбеу
кесу бұрышын реттеуді орындағаннан
кейін реттеңіз. Сол жақ 45° көлбеу кесу
бұрышын реттеу үшін тетікті босатып, жүзді
солға қарай толықтай еңкейтіңіз. Тұтқадағы
көрсеткі тұтқа ұстағышындағы көлбеу кесу
шкаласындағы 45°-қа бағытталғанына көз
жеткізіңіз. Егер көрсеткі 45°-қа бағытталмаса,
тұтқа ұстағышының оң жағындағы 45° көлбеу
кесу бұрышының реттегіш болтын көрсеткі
45°-қа бағытталғанша бұраңыз.
Оң жақ 45° көлбеу кесу бұрышын
реттеу үшін, жоғарыда сипатталған
процедураларды орындаңыз.
► Сурет56
Графитті қылшақтарды жүйелі түрде алып тастап,
тексеріп тұрыңыз. Оларды 3 мм ұзындыққа дейін
тозған кезінде ауыстырыңыз. Графитті қылшақтарды
тазалап тұрыңыз және ұстағыштарда сырғыту үшін
бос ұстаңыз. Екі графитті қылшақты бір уақытта
ауыстыру қажет. Тек бірдей графитті қылшақтарды
пайдаланыңыз.
► Сурет57: 1. Бұрама шегені бұрағыш 2. Қылшақ
ұстағыш қалпақшасы
Қылшақ ұстағыш қалпақшаларды алып тастау үшін
бұрама шегені бұрағышты пайдаланыңыз. Тозған
графитті қылшақтарды алып, жаңаларын салыңыз
және қылшақ ұстағыш қалпақшаларды бекітіңіз.
Пайдаланудан кейін
Құралды пайдаланғаннан кейін оған
жабысатын жоңқа мен шаңды шүберекпен
немесе сол сияқты затпен сүртіңіз. Жүз
сақтандырғышын "Жүз сақтандырғышы" атты
алдыңғы бөлімде берілген нұсқауларға сәйкес
тазалаңыз. Сырғымалы бөліктерді тот басуына
жол бермеу үшін машина майымен майлаңыз.
Құралды сақтайтын кезде, кескіш дискіні
өзіңізге қарай толықтай тартыңыз.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін жөндеу, кез келген басқа
техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
жұмыстары әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін
пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті
қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы
керек.
ҚОСЫМША
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
ЕСКЕРТУ:
Бұл Makita керек-жарақтары мен
қондырмаларын осы нұсқаулықта
көрсетілген Makita құралымен бірге
пайдаланған жөн. Басқа керек-жарақтар
мен қондырмаларды пайдалану ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Makita керек-жарағын немесе
қондырмасын тек мақсатына сәйкес
пайдаланыңыз. Керек-жарақтар мен
қондырмаларды дұрыс пайдаланбау ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу
үшін. жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Болат және карбитпен ұшталған ара жүздері
(Кесілетін материал үшін пайдаланылатын
тиісті ара жүздері бойынша мәліметтер үшін
Makita компаниясының дилеріне хабарласыңыз
немесе веб-сайтына кіріңіз.)
R төмен жақ тақтайшасы
Қысқыш жиынтығы (Көлденең қысқыш)
Тік қысқыш
Екінші ұшында алты қырлы кілті бар тұқыр кілті
Ұстағыш
Ұстағыш жиынтығы
Шаң қапшығы
Бүгілмелі құбыр
Үшбұрышты сызғыш
ЕСКЕРТПЕ:
Тізімдегі кейбір элементтер стандартты
керек-жарақтар ретінде құралдың
қаптамасында болуы мүмкін. Олар әр елде
әртүрлі болуы мүмкін.
55 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents