Makita LS1018 Instruction Manual page 47

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS1018:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

► Сурет16: 1. Көрсеткі 2. Босату түймесі 3. Көлбеу
кесу шкаласы
Көрсеткі көлбеу кесу шкаласындағы қалаған
бұрышқа бағытталғанша, ара жүзін итеріңіз. Тұтқаны
бекіту үшін тетікті сағат тілі бағытында бұрап мықтап
қатайтыңыз.
Көлбеу кесу бұрыштарын өзгерткенде,
кертік панельдерін "Кертік панельдерін
орналастыру" бөлімінде түсіндірілгендей дұрыс
орналастырыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Көлбеу кесу бұрышын өзгерткеннен кейін,
әрқашан тетікті сағат тілі бағытында бұрап
қатайтып, тұтқаны бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Ара жүзін еңкейткенде саптың толығымен
көтерілгеніне көз жеткізіңіз.
Көлбеу кесу бұрыштарын өзгерткенде,
кертік панельдерін "Кертік панельдерін
орналастыру" бөлімінде түсіндірілгендей дұрыс
орналастырыңыз.
Сырғуды құлыптау функциясын
реттеу
► Сурет17: 1. Тоқтатқыш бұранда
Сырғыту сырығын құлыптау үшін, тоқтатқыш
бұранданы сағат тілі бағытымен бұраңыз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
► Сурет18: 1. Құлыптау түймесі 2. Ауыстырып-
қосқыш шүріппесі 3. Аспалы құлыпқа
арналған саңылау
Ауыстырып-қосқыш шүріппесінің кездейсоқ
тартылып кетуіне жол бермеу үшін құлыптау түймесі
орнатылған. Құралды іске қосу үшін құлыпты ашу
түймесін басып, ауыстырып-қосқыш шүріппесін
тартыңыз. Тоқтату үшін ауыстырып-қосқыш
шүріппесін жіберіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Құралды қоспас бұрын, әрдайым
ауыстырып-қосқыш шүріппесінің дұрыс
жұмыс істеп тұрғанына және босатылған
кезде "ӨШІРУЛІ" күйіне қайтарылатынына
көз жеткізіп тұрыңыз. Құлыпты ашу
түймесін баспай, ауыстырып-қосқыш
шүріппесін қатты тартпаңыз. Бұл
ауыстырып-қосқыштың зақымдалуына
әкелуі мүмкін. Құралды дұрыс жұмыс
істемейтін ауыстырып-қосқышпен пайдалану
басқаруды жоғалтуға және ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
Құралды құлыптау үшін аспалы құлыпты кірістіруге
арналған ауыстырып-қосқыш шүріппесінде саңылау
беріледі.
ЕСКЕРТУ:
Диаметрі 6,35 мм-ден аспайтын өзегі не
кабелі бар құлыпты пайдаланбаңыз.
Кішкене өзек не кабель құралды өшірулі
күйде дұрыс бекітпеуі мүмкін және кездейсоқ
жұмыс істеп кеткен жағдайда, ауыр
жарақатқа алып келуі мүмкін.
Құралды ЕШҚАШАН толығымен істейтін
ауыстырып-қосқышсыз пайдаланбаңыз.
Ауыстырып-қосқышы жұмыс істемейтін
кез келген құрал ӨТЕ ҚАУІПТІ және кейінгі
пайдаланудан бұрын жөнделуі тиіс, әйтпесе
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік үшін бұл құралда құралдың
абайсызда қосылып кетуіне жол бермейтін
құлыпты ашу түймесі орнатылған. Құлыпты
ашу түймесін баспай тұрып, тек ауыстырып-
қосқыш түймесін тартқанда құрал қосылып
кетсе, оны ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз.
Жөндеуді қажет ететін ауыстырып-қосқыш
абайсызда іске қосылуға және ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін. Әрі қарай
қолдану АЛДЫНДА құралды тиісті жөндеу
жұмыстары үшін Makita қызмет көрсету
орталығына қайтарыңыз.
Орау арқылы немесе басқа да әрекеттерді
жасау арқылы құлыптау түймесіне ЕШҚАШАН
зақым келтірмеңіз. Бұзылған құлыптау түймесі
бар ауыстырып-қосқыш абайсызда іске қосылуға
және ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Электронды функциясы
Бірқалыпты іске қосу функциясы
Бұл функция іске қосу айналу моментін шектеу арқылы
құралды біртіндеп іске қосу мүмкіндігін береді.
Лазер сәулесінің әрекеті
Тек LS1018L үлгісі үшін
ЕСКЕРТПЕ:
Алғашқы пайдалану алдында, батарея
жәшігіне екі AA құрғақ элементін орнатыңыз.
Оларды орнату үшін "Лазер блогына
арналған құрғақ элементтерді ауыстыру"
атты бөлімді қараңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Лазерді пайдаланбаған кезде, оны міндетті
түрде өшіріп қойыңыз.
► Сурет19: 1. Лазерге арналған ауыстырып-қосқыш
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Лазер сәулесіне ешқашан қарамаңыз. Лазер
сәулесінің тікелей әсері көзіңізді жарақаттауы
мүмкін.
ЛАЗЕРЛІК СӘУЛЕЛЕНУ: СӘУЛЕГЕ ҚАРАУҒА
БОЛМАЙДЫ. 2М КЛАСТЫ ЛАЗЕР ӨНІМІ.
Лазер сызығын жылжытпас бұрын немесе
техникалық қызмет көрсету шеңберінде
реттеуді орындамас бұрын, құралды желіден
ажыратыңыз.
47 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ls1018l

Table of Contents