Oral-B iO6 Manual page 110

Hide thumbs Also See for iO6:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
және (немесе) қызыл иегіңіз сезімтал болса, Oral-B
компаниясы «Сезімтал тазалау» немесе «Өте сезімтал
тазалау» режимін пайдалануды ұсынады (Oral-B Gentle
Care саптамасы болса, міндетті емес (d)).
Режимдердің қол жетімділігі сіз сатып алған модельге
байланысты.
Таймер
Әр 30 секунд сайын мотордың жұмысында айқын естілетін
қысқа үзілістер ауыз қуысының келесі квадрантына көшу
туралы еске салады. Мотордың жұмысында ұзағырақ
жалғасатын үзілістер стоматологтар ұсынған тіс
тазалаудың 2 минуттық ұзақтығының аяқталуын білдіреді.
Таймер пайдалану барысында оның қысқа уақытқа өшуінде
де өткен уақытты есте сақтайды. Кідіріс 30 секундтан артық
болса немесе тіс щеткасының тұтқасын желіге жалғанған
зарядтау құрылғысына орналастырғанда таймердің
нөлденуі орындалады.
Ескерту. Oral-B қолданбасының кейбір функцияларын
пайдаланғанда таймер ажыратылуы мүмкін.
Ескерту. Таймерді Oral-B қолданбасы арқылы да реттеуге
болады.
Зерделі ысым датчигіні функциялары (a)
Тіс щеткаңыз әртүрлі түстермен көрсетілген түрлі
функциялары бар қысым датчигімен (3) жабдықталған:
Ақ (әдепкі) = жұмыс режимінің индикаторы (Oral-B (b)
қолданбасында басқа түсті таңдауға болады) /төмен
қысым индикаторы
Қызыл = жоғары қысым /аккумулятордың төмен заряд
индикаторы
Жасыл = ұсынылған қысымның индикаторы
Көк = Bluetooth арқылы жұптастыру индикаторы
Қызғылт сары = қате индикаторы (дисплейдегі
нұсқауларды орындаңыз)
Жасыл түспен белгі беретін оңтайлы қысым қолданып тісті
тазалаңыз. Егер тіс щеткасын шамадан тыс бассаңыз,
қысымды төмендету қажеттілігін көрсететін индикатор
қызыл түсте жанады. Егер датчик ақ (немесе сіз таңдаған)
түсте жанса, қысымды арттыру ұсынылады.
Жоғары қысым қолданылса, саптаманың жылдамдығы
төмендейді («Күнделікті тазалау», «Қарқынды тазалау»
және «Сезімтал тазалау» режимдерінде). Пайдалану
барысында тіс щеткасын абайлап басу арқылы қысым
датчигінің жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Ескерту: Oral-B қолданбасының кейбір функцияларын
пайдаланғанда қысым датчигі ажыратылуы мүмкін.
Ескерту. Қысым датчигі тіл тазалау режимінде
ажыратылады (модельге байланысты).
110
91451398 _iO6_EE_75x155.indd 110
91451398 _iO6_EE_75x155.indd 110
23.11.20 10:09
23.11.20 10:09

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents