Техникалық Қызмет Көрсету - Makita LH1201FL Instruction Manual

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Құралды тасымалдау
► Сурет46: 1. Тоқтатқыш істік
Құралдың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Үстел жоғарғы күйде бекітілуі тиіс. Жүзді 0° көлбеу кесу
бұрышында және айналатын табанды сол жақ қиғаш
кесу бұрышында толықтай бекітіңіз. Сапты толығымен
төмен түсіріңіз де, оны тоқтатқыш істікті ішке қарай
толықтай итеру арқылы төменгі күйде бекітіңіз.
Құралды суретте көрсетілгендей, табанының екі
жағынан ұстап тасымалдаңыз. Ұстағыштарды,
шаң қапшығын т.б. алып тастасаңыз, құралды
тасымалдау жеңілдейді.
► Сурет47
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды тасымалдаудан бұрын, әрдайым
барлық қозғалатын бөліктерді бекітіңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде
түссіздену, құрал пішінінің өзгеруі немесе
жарықтар пайда болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Ең тиімді және қауіпсіз жұмыс үшін, әрдайым
жүздің өткір және таза екендігіне көз
жеткізіңіз.
Кесу бұрышын реттеу
Бұл құрал зауытта мұқият реттеліп, тураланған,
бірақ ұқыпсыз пайдалану туралауға әсер етуі мүмкін.
Егер құрал дұрыс тураланбаса, келесіні орындаңыз:
1. Қиғаш кесу бұрышы
► Сурет48: 1. Алты қырлы болт
Айналатын табанды бекітетін тұтқаны босатыңыз.
Айналатын табанды көрсеткі қиғаш кесу
шкаласындағы 0°-қа бағытталатындай етіп
бұраңыз. Тұтқаны бекітіп, тұқыр кілтпен бағыттауыш
тақтайшаны бекітетін алты қырлы болтты босатыңыз.
Сапты толығымен төмен түсіріңіз де, оны
тоқтатқыш істікті ішке қарай итеру арқылы төменгі
күйде бекітіңіз. Жүздің бүйірін үшбұрышты сызғыш,
бұрыштық, т.б. арқылы бағыттауыш тақтайшаның
бетімен тік бұрышқа қойыңыз. Содан кейін
бағыттауыш тақтайшадағы алты қырлы болттарды
оң жағынан бастап мықтап бекітіңіз.
► Сурет49: 1. Үшбұрышты сызғыш 2. Тұтқа
3. Бағыттауыш тақтайша
2. Көлбеу кесу бұрышы
► Сурет50: 1. Айналатын табан 2. Тетік 3. 0°-қа
реттегіш болт
(1)
0° көлбеу кесу бұрышы
Сапты толығымен төмен түсіріңіз де, оны
тоқтатқыш істікті ішке қарай итеру арқылы
төменгі күйде бекітіңіз. Құралдың артқы
жағындағы тетікті босатыңыз.
Жүзді оңға еңкейту үшін, айналатын
табанның оң жағындағы 0° көлбеу кесу
бұрышын реттегіш болтты екі немесе
үш айналыммен сағат тілі бағытымен
бұраңыз.
0° көлбеу кесу бұрышын реттегіш
болтты сағат тіліне қарсы бағытта бұрау
арқылы жүз бүйірін үшбұрышты сызғыш,
бұрыштық және т.б. көмегімен айналатын
табанның үстіңгі бетімен мұқият тік
бұрышқа қойыңыз.
► Сурет51: 1. Үшбұрышты сызғыш 2. Ара жүзі
3. Айналатын табанның үстіңгі беті
Айналатын табандағы көрсеткі тұтқадағы
көлбеу кесу шкаласындағы 0°-қа
бағытталғанына көз жеткізіңіз. Егер
0°-қа бағытталмаса, көрсеткіні бекітетін
бұранданы босатып, көрсеткіні 0°-қа
бағытталатындай етіп реттеңіз.
► Сурет52: 1. Тұтқа 2. Көлбеу кесу шкаласы
3. Көрсеткі 4. Айналатын табан
(2)
45° көлбеу кесу бұрышы
► Сурет53: 1. Тетік 2. Тұтқа 3. Көрсеткі 4. 45°
көлбеу кесу бұрышын реттегіш болт
45° көлбеу кесу бұрышын тек 0° көлбеу
кесу бұрышын реттеуді орындағаннан
кейін реттеңіз. Сол жақ 45° көлбеу кесу
бұрышын реттеу үшін тетікті босатып,
жүзді солға қарай толықтай еңкейтіңіз.
Тұтқадағы көрсеткі тұтқадағы көлбеу кесу
шкаласындағы 45°-қа бағытталғанына
көз жеткізіңіз. Егер көрсеткі 45°-қа
бағытталмаса,тұтқаның сол жағындағы
45° көлбеу кесу бұрышының реттегіш
болтын көрсеткі 45°-қа бағытталғанша
бұраңыз.
Графитті қылшақтарды ауыстыру
► Сурет54
Графитті қылшақтарды жүйелі түрде алып тастап,
тексеріп тұрыңыз. Оларды 3 мм ұзындыққа дейін
тозған кезінде ауыстырыңыз. Графитті қылшақтарды
тазалап тұрыңыз және ұстағыштарда сырғыту үшін
бос ұстаңыз. Екі графитті қылшақты бір уақытта
ауыстыру қажет. Тек бірдей графитті қылшақтарды
пайдаланыңыз.
Қылшақ ұстағыш қалпақшаларды алып тастау үшін
бұрама шегені бұрағышты пайдаланыңыз. Тозған
графитті қылшақтарды алып, жаңаларын салыңыз
және қылшақ ұстағыш қалпақшаларды бекітіңіз.
► Сурет55: 1. Бұрама шегені бұрағыш 2. Қылшақ
ұстағыш қалпақшасы
46 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents