Makita LH1201FL Instruction Manual page 36

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

13. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне және/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
14. Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
15. Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
16. Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
және әшекей тақпаңыз. Шаш, киім және
қолғабыңызды қозғалмалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын
шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
17. Шаң тұту және жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың
қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып
жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау
құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты
қауіпті азайтуы мүмкін.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
18. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
19. Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
20. Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе аккумулятор блогы бар болса,
оны шығарып алыңыз. Осындай алдын алу
шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
21. Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
22. Электр құралдарына техникалық қызмет
көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің
ауытқуы және оралуы, зақымдалған
бөлшектер және электрлік құралдың
жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз.
Зақымы болса, электрлік құралды жөндеген
соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен
болады.
23. Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және басқаруға оңай.
24. Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Қызмет көрсету
25. Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп
алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдалануы керек. Бұл электрлік құралдың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
26. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
27. Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және
майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.
АРАЛАҒЫШ СТАНОК ҚАУІПСІЗДІГІ
БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР
ҚАПТАЛДЫҚ АРА ЖӘНЕ ҮСТЕЛ АРАЛАҒЫШ
СТАНОК (ВЕРСТАК АРАЛАҒЫШ СТАНОК)
РЕЖИМДЕРІНІҢ ЕКЕУІНЕ ДЕ АРНАЛҒАН
1.
Жұмысқа кіріспес бұрын жүзде
жарықтардың немесе майысқан жерлердің
бар-жоғын мұқият тексеріңіз.
Зақымдалған жүзді дереу алмастырыңыз.
2.
Араны, әсіресе режимін ауыстырғаннан
кейін, сақтандырғышсыз және тіректі
пышақсыз қолданбаңыз. Әр қолданыс
алдында жүздің сақтандырғыштары
дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Жүз
сақтандырғыштары еркін қозғалмаса
және бірден жабылмаса, араны
пайдаланбаңыз. Жүз сақтандырғыштарын
ешқашан ашық күйге қысып бекітпеңіз.
Жүз сақтандырғыштарының кез келген
ақаулығы дереу түзетілуі керек.
Тек өндіруші мақұлдаған және EN847-1
3.
стандартына сәйкес келетін ара жүздерін
пайдаланыңыз. Кесінді ойығының ені
тіректі пышақтан қалыңырақ және жүз
корпусы тіректі пышақтан жіңішкерек болуы
керек.
4.
Жоғары жылдамдықты болаттан
дайындалған ара жүздерін пайдаланбаңыз.
5.
Қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
6.
Есту қабілетінің жоғалу қаупін азайту үшін
қорғаныс құлаққабын киіңіз.
7.
Ара жүздерімен (ара жүздері мүмкін
болатын жерде ұстағышта тасымалдануы
тиіс) және қатты материалмен жұмыс
істеген кезде қолғап киіңіз.
Кесу кезінде құралды шаң жинау
8.
құрылғысына жалғаңыз.
Итергішті пайдаланбаған кезде әрдайым
9.
сақтап қойыңыз.
10. Құрал деңгейінің айналасындағы еден
аймағын жақсы күйде ұстаңыз және бос
материалдардың, мысалы жоңқалардың
және кескіштердің болуына жол бермеңіз.
36 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents