Makita LH1201FL Instruction Manual page 41

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Төменгі А жүз сақтандырғышы мен орталық қақпақты
бастапқы күйіне қайтарыңыз. Содан кейін орталық
қақпақты бекіту үшін алты қырлы болтты сағат тілі
бағытымен мықтап бұраңыз. В жүз сақтандырғышын
барынша жоғары көтеріп, көтерілген күйде бекіткіш
бұрандасын мықтап қатайтыңыз. Төменгі жүз
сақтандырғыштарының дұрыс жылжитынына көз
жеткізу үшін сапты төмендетіңіз. Кесу жұмысын
орындаудан бұрын, білік құлпының шпиндельді
босатқанына көз жеткізіңіз.
Тіректі пышақты реттеу
► Сурет19: 1. Жоғарғы жүз сақтандырғышы
2. Тіректі пышақ 3. Батырма
Тіректі пышақты реттемес бұрын, екі тетікті сағат
тіліне қарсы бағытта бұрау арқылы босатып,
жоғарғы үстелді батырманы сағат тіліне қарсы
бағытта бұрау арқылы төменгі күйге жылжытыңыз.
Жоғарғы үстелді суретте көрсетілгендей, екі тетікті
қайта қатайту арқылы бекітіңіз.
Тіректі пышақ пен жүз тістерінің арасында шамамен
4 мм - 5 мм бос орын болуы керек. Тіректі пышақты
екі алты қырлы болтты сағат тіліне қарсы бағытта
алты қырлы тұқыр кілтпен бұрап босату және
арақашықтықты өлшеу арқылы тиісінше реттеңіз.
Кесу алдында алты қырлы болттарды мықтап
бекітіп, жоғарғы жүз сақтандырғышы бірқалыпты
жұмыс істейтінін тексеріңіз.
► Сурет20: 1. Алты қырлы болттар
Тіректі пышақ жүз және тіректі пышақ түзу сызық
бойында болатындай етіп зауыттан жөнелтудің
алдында орнатылған.
► Сурет21: 1. Жүздің ені 2. Тіректі пышақ 3. Алты
қырлы болт
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Егер жүз бен тіректі пышақ дұрыс
тураланбаса, жұмыс барысында қауіпті
кептелудің туындауы мүмкін. Тіректі пышақ
жоғарыдан қараған кезде, жүз тістерінің
сыртқы ұштарының екеуінің арасында
орналасқанына көз жеткізіңіз. Құралды дұрыс
тураланбаған тіректі пышақпен пайдалану
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Егер олар кез
келген себеппен тураланбаған болса, жөндеу
үшін әрдайым Makita өкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Тіректі пышақты алып тастамаңыз.
Бағыттаушы тақтайшаны орнату
және реттеу
► Сурет22: 1. Бағыттаушы тақтайша ұстағышы
2. Жоғарғы үстелдегі шынжырлы
ара шинасы 3. Бекіткіш бұранда (A)
4. Бекіткіш бұранда (B) 5. Бағыттаушы
тақтайша
1.
Бағыттаушы тақтайшаны үстелдің үстіне
оның ұстағышы шынжырлы ара шинасымен
қосылатындай етіп орнатыңыз. Бағыттаушы
тақтайшаның бекіткіш бұрандасын (B) сағат тілі
бағытымен мықтап қатайтыңыз.
2.
Бекіткіш бұранданы (A) босатыңыз.
3.
Бағыттаушы тақтайшаны сырғытып, оны сізден
алыс тұрған ұшы өңделетін бөлшектің үстіңгі бетінде
ара жүзінің алдыңғы жиегі пайда болатын нүктеге
тураланатындай етіп бекітіңіз. Бұл реттеудің мақсаты
өңделетін бөлшектің ара жүзі мен бағыттаушы
тақтайшаның арасында қысылып қалған кесілген бөлігі
операторға қарай итеріліп шығуы арқылы кері соғу
қаупін азайту болып табылады. 3-сызық өңделетін
бөлшектің қалыңдығына немесе үстелдің деңгейіне
байланысты өзгереді. Бағыттаушы тақтайшаның орнын
өңделетін бөлшектің қалыңдығына сәйкес реттеңіз.
Бағыттаушы тақтайшаны реттегеннен кейін
бекіткіш бұрандасын (A) мықтап қатайтыңыз.
► Сурет23: 1. Бағыттаушы тақтайша
ЕСКЕРТПЕ:
Қапталдық ара режимінде бағыттаушы
тақтайша ара жүзінің сол жағында орнатылуы
тиіс.
► Сурет24: 1. Бағыттаушы тақтайша
2. Бағыттаушы тақтайша ұстағышы
3. Тураланатын сызық 4. Ара жүзі
5. Жоғарғы үстел 6. Өңделетін бөлшек
ЕСКЕРТПЕ:
Бағыттаушы тақтайшаны суретте
көрсетілгендей төрт үлгі бойынша орнатуға
болады. Бағыттаушы тақтайшаның бүйір
жақтарында екі саңылау бар, бір жағында
жанында көтеріңкі қыры бар саңылау,
екінші жағында көтеріңкі қыры жоқ саңылау
орналасқан. Тек жіңішке өңделетін бөлшектің
бөлігін кескенде, бағыттаушы тақтайшаның
үстіңгі бетіндегі көтеріңкі қырын өңделетін
бөлшекке қаратып падаланыңыз.
► Сурет25: 1. Бағыттаушы тақтайша
2. Бағыттаушы тақтайша ұстағышы
3. Ара жүзі
ЕСКЕРТПЕ:
Бағыттаушы тақтайшаның үлгісін ауыстыру
үшін, бағыттаушы тақтайшаны ұстағышынан
бекіткіш бұранданы (A) босату арқылы
алып, ұстағышқа қарайтын бетін жұмысқа
байланысты суретте көрсетілгендей
өзгертіңіз.
Бағыттаушы тақтайша ұстағышындағы екі
саңылаудың артқы жағына төртбұрышты
сомынды суретте көрсетілгендей
орналасатындай етіп енгізіңіз.
A немесе B үлгісінен C немесе D үлгісіне
өзгерту үшін немесе келеңсіз жағдайда
бағыттаушы тақтайша ұстағышынан
төртбұрышты сомынды, шайбаны және
бекіткіш бұранданы (A) алып, оларды
бастапқы күйіне қарама-қарсы күйге
орнатыңыз. Бағыттаушы тақтайша
ұстағышындағы төртбұрышты сомынды
бағыттаушы тақтайшаның саңылауына
енгізгеннен кейін бекіткіш бұранданы (A)
мықтап қатайтыңыз.
Бағыттаушы тақтайша ұстағышындағы екі
саңылаудың артқы жағына төртбұрышты
сомынды суретте көрсетілгендей
орналасатындай етіп енгізіңіз.
41 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents