Makita LH1201FL Instruction Manual page 45

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қолыңыздың немесе саусақтарыңыздың
жүзге қарай жақындау қаупі пайда болғанда,
әрдайым итергіштер және итергіш блоктар
сияқты "жұмыс көмекшілерін" пайдаланыңыз.
Өңделетін бөлшекті әрдайым үстелмен
және бағыттаушы тақтайшамен бірге мықтап
ұстаңыз. Енгізу кезінде оны майыстыруға
немесе бұрауға болмайды. Егер өңделетін
бөлшек майысып немесе бұралып қалса,
қауіпті кері соққы туындауы мүмкін.
Өңделетін бөлшекті ЕШҚАШАН жүз жұмыс
істеп тұрған кезде шығармаңыз. Егер
өңделетін бөлшекті кесіп болғанға дейін
шығару қажет болса, алдымен өңделетін
бөлшекті мықтап ұстап тұрып, құралды
өшіріңіз. Өңделетін бөлшекті шығармас
бұрын, жүздің толық тоқтағанын күтіңіз. Мұны
орындамау қауіпті кері соққыға әкеліп соғуы
мүмкін.
Кесілген материалды ЕШҚАШАН жүз жұмыс
істеп тұрған кезде алмаңыз.
Қолыңызды немесе саусақтарыңызды жүз
өтетін жерге қоймаңыз.
Бағыттаушы тақтайшаны әрдайым мықтап
бекітіңіз, әйтпесе қауіпті кері соққы туындауы
мүмкін.
Шағын немесе жіңішке өңдеу бөлшегін кесу
кезінде әрдайым итергіштер және итергіш
блоктар сияқты "жұмыс көмекшілерін"
пайдаланыңыз.
Жұмыс көмекшілері
Итергіштер, итергіш блоктар немесе қосалқы
тақтайша "жұмыс көмекшілерінің" түрлері болып
табылады. Оларды оператордың кез келген дене
бөлігін жүзге тигізбей, қауіпсіз және сенімді кесу үшін
пайдаланыңыз.
Итергіш блок
2
130
200
55
80
10
1
30
1. Беті/жиегі параллель 2. Сап 3. Ағаш бұранда
4. Бірге желімдеу
15 мм фанера бөлігін пайдаланыңыз.
Сап фанера бөлігінің ортасында болуы керек.
Суретте көрсетілгендей желіммен және ағаш
бұрандаларымен бекітіңіз. Егер оператор
байқаусызда итергіш блокты ойып өтсе, жүзді
жапырып қалудан сақтау үшін 10 мм x 9 мм x 30 мм
шамасындағы ағаштың кішкентай бөлігі фанераға
әрдайым желімденуі тиіс.
(Итергіш блокта шегелерді ешқашан
пайдаланбаңыз.)
50
10
3
100
4
30
9
Қосалқы тақтайша
► Сурет42: 1. Беті/жиегі параллель 2. Саңылау
(диаметрі 7 мм)
► Сурет43: 1. Бекіткіш бұранда
10 мм және 15 мм фанера бөліктерінен қосалқы
тақтайша жасаңыз.
Бағыттаушы тақтайша ұстағышынан бағыттаушы
тақтайшаны, бекіткіш бұранданы (A), тегіс шайбаны
және төртбұрышты сомынды алып тастап, содан
кейін бағыттаушы тақтайша ұстағышына қосалқы
тақтайшаны M6x50 болтынан ұзынырақ M6 болтын,
шайбаларды және сомынды пайдаланып бекітіңіз.
Бойлай кесу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Ұзын немесе үлкен өңделетін бөлшектерді
кесу кезінде, әрдайым үстелдің артқы
жағында тиісті тіректі қамтамасыз етіңіз.
Ұзын тақтаның үстелдің үстінде қозғалуына
немесе жылжуына жол БЕРМЕҢІЗ. Бұл
жүздің кептеліп қалуына себеп болады және
кері соққы және ауыр жарақат алу мүмкіндігі
артады. Тірек үстелмен бірдей биіктікте
болуы тиіс.
1.
Кесу тереңдігін өңделетін бөлшектің
қалыңдығынан сәл жоғары етіп реттеңіз.
Осы реттеуді жасау үшін, екі тетікті босатып,
жоғарғы үстелді көтеріңіз немесе төмен
түсіріңіз.
2.
Бағыттаушы тақтайшаны қалаған кесу еніне
орнатып, оны орнына бекіткіш бұранданы
(A) қатайту арқылы бекітіңіз. Бойлай кесуден
бұрын, бағыттаушы тақтайша ұстағышының
екі бұрандасы бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Егер
жеткілікті дәрежеде бекітілмесе, оларды қайта
қатайтыңыз.
3.
Құралды қосып, өңделетін бөлшекті
бағыттаушы тақтайшамен жүзге қарай мұқият
апарыңыз.
(1)
Бойлай кесу ені 40 мм немесе кеңірек
болған кезде, итергішті пайдаланыңыз.
► Сурет44: 1. Итергіш
(2)
Бойлау кесі ені 40 мм-ден жіңішке болған
кезде, итергішті пайдалануға болмайды,
себебі ол жоғарғы жүз сақтандырғышына
соққы келтіреді. Қосалқы тақтайша мен
итергіш блокты пайдаланыңыз.
Үстелдің үстіндегі бағыттаушы тақтайшаға
бекітілген қосалқы тақтайшаны мықтап
орнатыңыз.
Өңделетін бөлшектің ұшы жоғарғы
үстелдің алдыңғы жиегінен шамамен
25 мм арақашықтықта болғанға дейін
апарыңыз. Қосалқы тақтайшаның бетінде
итергіш блокты пайдаланып, кесу
аяқталғанша жалғастырыңыз.
► Сурет45: 1. Қосалқы тақтайша 2. Итергіш блок
45 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents