Makita LH1201FL Instruction Manual page 43

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Төмен жақ тақтайша (тек Еуропа
елдеріне арналған)
► Сурет35: 1. Төмен жақ тақтайша
Бұл құрал төмен жақ тақтайшамен жабдықталған. Әдетте
төмен жақ тақтайшаны ішкі жаққа орналастырыңыз.
Дегенмен сол жаққа көлбеу кесу жұмысын орындау
кезінде оны сыртқы жағына аударыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Сол жаққа көлбеу кесу жұмысын орындау кезінде төмен
жақ тақтайшаны сыртқы жағына аударыңыз. Әйтпесе
ол жүзге немесе құралдың бөлігіне тиіп, оператордың
ауыр жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
Тік қысқыш
► Сурет36: 1. Қысқыш тұтқасы 2. Қысқыш
соташығы 3. Бағыттауыш тақтайша
4. Ұстағыш 5. Қысқыш батырмасы
6. Бұранда
Тік қысқышты бағыттауыш тақтайшаның оң немесе
сол жағына екі күйде орнатуға болады. Қысқыш
соташығын бағыттауыш тақтайшасының саңылауына
немесе ұстағыш жиынтығына енгізіп, қысқыш
соташығын бекіту үшін бұранданы қатайтыңыз.
Қысқыш тұтқасын өңделетін бөлшектің қалыңдығы мен
пішініне сәйкес орналастырып, бұранданы бұрау арқылы
бекітіңіз. Егер қысқыш тұтқасын бекітетін бұранда бағыттауыш
тақтайшамен жанасса, бұранданы қысқыш тұтқасының
қарама-қарсы жағына орнатыңыз. Сапты толығымен
төмен түсірген кезде, құралдың ешбір бөлігі қысқышпен
жанаспайтынына көз жеткізіңіз. Құралдың кейбір бөлігі
қысқышпен жанасса, қысқышты қайта орналастырыңыз.
Өңделетін бөлшекті бағыттауыш тақтайша мен айналатын
табанға қарай басыңыз. Өңделетін бөлшекті қажетті кесу күйіне
орналастырып, қысқыш батырмасын бұрау арқылы бекітіңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Өңделетін бөлшек айналатын табан мен
бағыттауыш тақтайшаға берік бекітілуі тиіс.
Көлденең қысқыш (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет37: 1. Қысқыш батырмасы 2. Дөңес бөлік
3. Қысқыш білігі 4. Табан
Көлденең қысқышты табанның оң немесе сол жағына
орнатуға болады. 30° немесе одан үлкен қиғаш бұрыштар
кесуді орындау кезінде көлденең қысқышты табан
бұрылатын бағытқа қарама-қарсы жаққа орнатыңыз. Қысқыш
батырмасын сағат тіліне қарсы бұрау арқылы бұранда
босатылып, қысқыш білігі ішке және сыртқа қарай жылдам
жылжи алады. Қысқыш батырмасын сағат тілі бағытымен
бұрау арқылы бұранда бекітілген қалпында қалады.
Өңделетін бөлшекті ұстау үшін қысқыш батырмасын дөңес
бөлігі ең жоғарғы күйіне жеткенше сағат тілі бағытымен
мұқият бұраңыз, содан кейін қатайтыңыз. Егер қысқыш
батырмасы сағат тілі бағытымен бұрау кезінде ішке қатты
кірген немесе тартылған болса, дөңес бөлігі бұрышта
тоқтауы мүмкін. Мұндай жағдайда, сағат тілі бағытымен
қайта мұқият бұрамас бұрын, қысқыш батырмасын бұранда
босатылғанша кері қарай сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
Көлденең қысқыш арқылы бекітілетін өңделетін
бөлшектің максималды ені – 200 мм.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ:
Құралды қапталдық ара режимінде
пайдаланған кезде, жоғарғы үстелді ең жоғарғы
күйінде бекітіңіз, сонда араның жүзі оның
жоғарғы бетінен ешқашан шығып кетпейді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Пайдаланудан бұрын,сапты тоқтатқыш
істікті тарту арқылы төмен түсірілген күйден
босатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас бұрын,
жүздің т.б. бөліктің өңдеу бөлшегіне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
ҚАПТАЛДЫҚ АРА РЕТІНДЕ КЕСУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Кесу кезінде сапқа шамадан тыс қысым түсірмеңіз.
Тым қатты күш қолдану моторға шамадан тыс
жүктеме түсуіне және/немесе кесу тиімділігінің
төмендеуіне әкелуі мүмкін. Тегіс және жүз
жылдамдығын төмендетпей кесуге қажетті күшті
пайдаланып қана сапты төмен қарай итеріңіз.
Кесу жұмысын орындау үшін сапты төмен
қарай ақырын басыңыз. Сапты күшпен
басса немесе бүйірлік күш қолданылса, жүз
дірілдеп, өңделетін бөлшекте із (ара ізін)
қалдырады және кесу дәлдігі бұзылады.
1. Ойып кесу
► Сурет38: 1. Қысқыш
Өңделетін бөлшекті бағыттауыш тақтайшаға және
бұрмалы үстелге бекітіңіз. Жүз ештеңеге тимей
тұрғанда құралды қосып, төмендетуден бұрын жүз
толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз. Содан кейін
өңделетін бөлшекті кесу үшін сапты толықтай
төмендетілген күйге баяу түсіріңіз. Кесу жұмысы
аяқталғаннан кейін, құралды өшіріңіз және жүзді
толықтай көтерілген күйіне қайтарудан бұрын,
ЖҮЗДІҢ ТОЛЫҚ ТОҚТАҒАНЫН КҮТІҢІЗ.
2. Қиғаш кесу
"Қиғаш кесу бұрышын реттеу" атты алдыңғы
бөлімді қараңыз.
3. Көлбеу кесу
► Сурет39: 1. Қысқыш
Көлбеу кесу бұрышын орнату үшін тетікті босатып, жүзді
толықтай еңкейтіңіз ("Қиғаш кесу бұрышын реттеу"
атты алдыңғы бөлімді қараңыз). Таңдалған көлбеу
кесу бұрышын қауіпсіз бекіту үшін тетіктің мықтап
қатайтылғанына көз жеткізіңіз. Өңделетін бөлшекті
бағыттауыш тақтайшаға және бұрмалы үстелге бекітіңіз.
Жүз ештеңеге тимей тұрғанда құралды қосып, жүз
толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз. Содан кейін
қысымды жүзбен параллель қолдану арқылы сапты
толықтай төмендетілген күйге мұқият түсіріңіз. Кесу
жұмысы аяқталғаннан кейін, құралды өшіріңіз және
жүзді толықтай көтерілген күйіне қайтарудан бұрын,
ЖҮЗДІҢ ТОЛЫҚ ТОҚТАҒАНЫН КҮТІҢІЗ.
43 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents