Makita LH1201FL Instruction Manual page 40

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
► Сурет8: 1. Қуат ауыстырып-қосқышы 2. Шам
ауыстырып-қосқышы 3. Лазер
ауыстырып-қосқышы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысқа кіріспес бұрын құралдың қосылып,
өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Құралды іске қосу үшін ҚОСУЛЫ ( I ) түймесін
басыңыз. Тоқтату үшін ӨШІРУЛІ ( O ) түймесін
басыңыз.
Шамдарды жағу
► Сурет9: 1. Шам
Шамды жағу үшін ауыстырып-қосқыштың жоғарғы
күйін және өшіру үшін төменгі күйін басыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шамға немесе шам көзіне тікелей қарамаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Шам линзасын тазалау үшін құрғақ шүберекті
пайдаланыңыз. Шамның линзасын сызып
алмаңыз, әйтпесе ол жарықтандыруды
төмендетуі мүмкін.
Лазер сәулесінің әрекеті
► Сурет10: 1. Лазерге арналған
ауыстырып-қосқыш
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
ЛАЗЕР СӘУЛЕСІ
Сәулеге қарауға болмайды.
Лазер сәулесін қосу үшін ауыстырып-қосқыштың
жоғарғы күйін (I) басыңыз. Лазер сәулесін өшіру үшін
ауыстырып-қосқыштың төменгі күйін (0) басыңыз.
Жоғарғы үстелдің жоғарғы және
төменгі жағын реттеу
► Сурет11: 1. Тетік 2. Батырма
Жоғарғы үстелдің жоғарғы және төменгі жағын
реттеу үшін, екі тетікті сағат тіліне қарсы бағытта
бұрап босатып, батырманы бұраңыз. Жоғарғы
үстелді көтеру үшін батырманы сағат тілі бағытымен
бұраңыз. Жоғарғы үстелді түсіру үшін батырманы
сағат тіліне қарсы бұраңыз. Осы тетіктерді
реттегеннен кейін мықтап қатайтыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Құралды қапталдық ара режимінде
пайдаланған кезде жоғарғы үстелді ең
жоғарғы күйіне және үстел аралағыш станок
(верстак режимі) режимінде қалаған күйге
орнатыңыз.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Ара жүзін орнату немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жүзді орнату немесе алып тастау алдында
құралдың өшірілгеніне және қуаттан
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Жүзді алу немесе орнату үшін берілген
Makita тұқыр кілтін ғана пайдаланыңыз.
Әйтпесе алты қырлы болт қатты тартылып
бекітілуі немесе жеткіліксіз бекітілуі мүмкін.
Ол жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Жоғарғы үстелді ең жоғарғы күйінде бекітіңіз.
Сапты тоқтатқыш істікті ішке қарай итеру арқылы
көтерілген күйде құлыптаңыз.
► Сурет12: 1. Тоқтатқыш істік
► Сурет13: 1. Төменгі А жүз сақтандырғышы
2. Төменгі В жүз сақтандырғышы
3. Жоғарғы үстел 4. Мотор корпусы
5. Сап
Содан кейін орталық қақпақты ұстап тұрған алты
қырлы болтты тұқыр кілтпен сағат тіліне қарсы
бағытта бұрап босатыңыз. Саптың жанындағы
тетікті солға қарай басып тұрған кезде төменгі А жүз
сақтандырғышы мен орталық қақпақты көтеріңіз.
► Сурет14: 1. Орталық қақпақ 2. Тұқыр кілті
3. Алты қырлы болт 4. Төменгі А жүз
сақтандырғышы
Шпиндельді құлыптау үшін білік құлпын басып, алты
қырлы болтты сағат тілі бағытымен бұрап босату үшін
тұқыр кілтті пайдаланыңыз. Содан соң алты қырлы
болтты, сыртқы фланецті және жүзді шығарып алыңыз.
► Сурет15: 1. Тұқыр кілті 2. Білік құлпы 3. Алты
қырлы болт
Жүзді орнату үшін оны шпиндельге мұқият орнатып,
жүз бетіндегі көрсеткі бағытының жүз қақпағының
бағытымен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сыртқы
фланец пен алты қырлы болтты орнатып, содан
кейін алты қырлы болтты (сол жақ) тұқыр кілтті
пайдалану арқылы білік құлпын басып тұрып, сағат
тілі бағытына қарсы бағытта бұраңыз.
► Сурет16: 1. В жүз сақтандырғышы 2. Ара жүзі
► Сурет17: 1. Жүз қақпағы 2. Көрсеткі 3. Ара жүзі
4. Көрсеткі
► Сурет18: 1. Алты қырлы болт 2. Сыртқы фланец
3. Ара жүзі 4. Ішкі фланец 5. Шпиндель
6. Сақина
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Сыртқы диаметрі 25,4 мм немесе 30 мм
сақина шпиндельге зауытта орнатылады.
Жүзді шпиндельге орнатар алдында әрқашан
шпиндельге сіз пайдаланатын жақтау
саңылауы үшін дұрыс сақина орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
40 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents