Makita LH1201FL Instruction Manual page 38

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ҚАПТАЛДЫҚ АРА РЕЖИМІНДЕ ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ:
36. Кертік панелін тозған кезде ауыстырыңыз.
37. Қолыңыз бен саусақтарыңызды ара жүзіне
жақындатпай жұмыс істеу үшін итергішті
немесе итергіш блокты пайдаланыңыз.
38. Көлбеу кесу кезінде тұтқаның мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Тұтқаны
бекіту үшін тетікті сағат тілі бағытында
қатайтыңыз.
39. Кез келген жұмысты қолмен ұстап
орындамаңыз. Өңделетін бөлшек барлық
жұмыс кезінде айналатын табан мен қысқышы
бар бағыттауыш тақтайшаға берік бекітілуі
тиіс. Өңделетін бөлшекті ешқашан қолыңызбен
бекітпеңіз.
40. Әрбір кесудің алдында құралдың тепе-
теңдікте тұрғанына көз жеткізіңіз.
41. Қажет болған жағдайда құралды верстакқа
бекітіңіз.
42. Ұзын өңделетін бөлшектерді тиісті қосымша
тіректермен тіреп қойыңыз.
43. Ешқашан қысқышпен мықтап ұстауға
келмейтін кішкентай өңдеу бөлшегін
кеспеңіз. Өңдеу бөлшегін дұрыс ұстамау кері
соққы тудырып, ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
44. Араны ағаш, алюминий немесе ұқсас
материалдардан басқасын кесу үшін
пайдаланбаңыз.
45. Айналатын табан жұмыс кезінде
қозғалмайтындай етіп бекітілгенін
тексеріңіз.
46. Жүздің ең төменгі күйінде айналатын
табанға тиіп кетпеуіне және ауыстырып-
қосқышты іске қоспас бұрын, өңделетін
бөлшекке тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
47. Сабынан мықтап ұстаңыз. Ара іске қосқан
және тоқтаған сәтте сәл жоғары не төмен
жылжитынын ескеріңіз.
ҮСТЕЛ АРАЛАҒЫШ СТАНОК (ВЕРСТАК
АРАЛАҒЫШ СТАНОК) РЕЖИМІНДЕ
ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ:
48. Тұтқаның жұмыс күйінде мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Тұтқаны
бекіту үшін тетікті сағат тілі бағытында
қатайтыңыз.
49. Верстак аралағыш станогының үстелі
таңдалған биіктікте мықтап бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
50. Кез келген жұмысты қолмен ұстап
орындамаңыз. Қолмен ұстау - бағыттаушы
тақтайшаның орнына қолыңызды тірек
ретінде немесе өңделетін бөлшекті
бағыттауға пайдалану болып табылады.
51. Ауыстырып-қосқышты іске қоспас бұрын,
жүздің тіректі пышаққа немесе өңдеу
бөлшегіне тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
52. КЕРІ СОҚҚЫ қаупін азайту үшін нұсқауларға
ерекше назар аударыңыз. КЕРІ СОҚҚЫ –
қысылған, жылжып кеткен немесе ілініп
қалған ара жүзіне кенеттен берілетін
реакция. КЕРІ СОҚҚЫ өңделетін бөлшектің
құралдың артқы жағынан операторға қарай
шығарылуына әкеліп соғады. КЕРІ СОҚҚЫ
АУЫР ЖЕКЕ ЖАРАҚАТҚА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Жүзді қайрап тұру, бағыттаушы тақтайшаны
жүзге параллель ету, тіректі пышақ пен
жүз сақтандырғышын орнында сақтау
және дұрыс пайдалану, жүзді соңына дейін
итергенше өңделетін бөлшекті босатпау
және майысқан не пішінін өзгерткен немесе
тақтайшада бағыттауға тік жиегі жоқ
өңделетін бөлшекті бойлай кеспеу арқылы
КЕРІ СОҚҚЫЛАРҒА жол бермеңіз.
53. Ара жүзін өңделетін бөлшекке кенеттен
және тез енгізбеңіз. Қатты өңделетін
бөлшектерді кескенде мүмкіндігінше баяу
енгізіңіз. Енгізген кезде өңделетін бөлшекті
майыстыруға немесе бұрауға болмайды.
Егер жүз өңделетін бөлшекке ілініп немесе
кептеліп қалса, құралды дереу өшіріңіз.
Құралды қуаттан ажыратып, содан кейін
кептелген жерді тазалаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайталап пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
ОРНАТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
айналасындағы еден аймағын жақсы күйде
ұстаңыз және жоңқалар және кескіштер сияқты
бос материалдардың болуына жол бермеңіз.
Верстакта орнату
Құралдың табанындағы болт саңылауларын
пайдалана отырып, құралды екі болтпен тегіс
және тұрақты бетке бекіту керек. Бұл құралдың
аударылуына және жарақат алуға жол бермейді.
► Сурет1: 1. Болт
38 ҚАЗАҚША
Құрал деңгейінің

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents