Makita LH1201FL Instruction Manual page 37

Table top miter saw
Hide thumbs Also See for LH1201FL:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

11.
Оператор құралды пайдалануда, оны
реттеуде және онымен жұмыс істеуде тиісті
дайындықтан өтеді.
12. Қараусыз қалдырған кезде араны тоқтатып,
қуаттан ажыратыңыз.
13. Шығарылатын шуды азайту үшін әрдайым
жүздің өткір және таза екенін тексеріңіз.
14. Құралда белгіленген жүктемесіз
жылдамдыққа тең немесе одан жоғары
максималды жылдамдықпен белгіленген
ара жүздерін ғана пайдаланыңыз.
15. Құралға лазер немесе жарық диоды
орнатылған кезде, лазер немесе жарық
диодын басқа түрімен алмастырмаңыз.
Жөндеу жұмысына байланысты өкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
16. Құрал сақтандырғышсыз ара жүзімен
жұмыс істеп тұрған кезде, кескіштерді
немесе өңделіп жатқан бөлшектің басқа
бөліктерін кесу аймағынан ешқашан
алмаңыз.
17. Құралды оймалау, жиек жасау және
ойық кесу жұмыстары үшін пайдалануға
болмайды.
18. Құралды тасымалдамас бұрын, әрдайым
ара жүзінің жоғарғы бөлігін жоғарғы
сақтандырғышпен жауып, барлық
қозғалатын бөліктерді бекітіңіз. Құралды
көтерген немесе тасымалдаған кезде,
сақтандырғышты тасымалдау тұтқасы
ретінде пайдаланбаңыз.
19. Ара жүзін орнату алдында немесе
орнатқан кезде, оны тазалап, шпиндельді,
фланецтерді (әсіресе орнатылатын бетті)
және алты қырлы болтты зақымдап алмау
үшін абай болыңыз. Бұл бөлшектердің
зақымдалуы жүздің бұзылуына әкелуі
мүмкін. Олардың нашар орнатылуы жүздің
дірілдеуіне/теңселуіне немесе сырғып
кетуіне себеп болуы мүмкін. Осы құралға
арналған фланецтерді ғана пайдаланыңыз.
20. Әрдайым осы нұсқаулықта ұсынылған
керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Ысып
кескіш дөңгелектер сияқты үйлесімсіз керек-
жарақтарды пайдалану жарақатқа әкелуі
мүмкін.
21. Кесілетін материал үшін сәйкес ара жүзін
таңдаңыз.
22. Шегелер және бұрандалар сияқты металл
заттарды кеспеңіз. Жұмысты бастау
алдында шегелердің, бұрандалардың және
басқа да бөтен материалдардың бар-жоғын
тексеріп, оларды өңделетін бөлшектен алып
тастаңыз.
23. Өңделетін бөлшекті кесуден БҰРЫН кез
келген бос бұтақтарды түсіріңіз.
24. Құралды тез тұтанатын сұйықтықтар
немесе газдар бар жерде пайдалануға
болмайды.
25. Құралды қоспас және жұмысты бастамас
бұрын, қауіпсіздігіңіз үшін жоңқаларды,
кішкентай бөлшектерді т.б. жұмыс
аймағынан және үстелдің үстінен алып
тастаңыз.
26. Қолыңызды, айналаңыздағы адамдарды
ара жүзінің жүретін жолына жақындатпаңыз
және өзіңіз жақындамаңыз және арамен
бір сызықтың бойында тұрмаңыз. Инерция
бойынша айналып тұрған жүзден сақ
болыңыз. Ол ара жүзінің айналасына
жетпей-ақ, ауыр жарақат тудыруы мүмкін.
27. Әрқашан, әсіресе қайталанатын, бірсарынды
жұмыс жасау кезінде мұқият болыңыз.
Жалған қауіпсіздік сезіміне сенбеңіз. Жүздер
ауыр жарақат тудыруы мүмкін.
28. Ауыстырып-қосқыш қосылмай тұрып, білік
құлпының босатылғанын тексеріңіз.
29. Құралды нақты өңделетін бөлшекке
қолданбас бұрын, біраз уақыт бойы іске
қосылып тұруына мүмкіндік беріңіз. Жүздің
сапасыз орнатылғанын немесе нашар тепе-
теңдікте екенін көрсететін дірілдің немесе
теңселудің бар-жоғын қадағалаңыз.
30. Жүз кесу алдында толық жылдамдыққа
жеткенше күтіңіз.
31. Қалыптан тыс әрекет байқалған жағдайда,
жұмысты дереу тоқтатыңыз.
32. Өңдеу бөлшегін жылжытпас немесе
реттеулерді өзгертпес бұрын құралды
өшіріп, ара жүзі тоқтағанға дейін күтіңіз.
33. Жүзді ауыстырмас бұрын, қызмет көрсету
немесе пайдаланбаған кезде құралды қуат
көзінен ажыратыңыз.
34. Жұмыс істеу барысында туындаған кейбір
шаңда қатерлі ісік, тума кемістіктерін және
басқа да репродуктивті зиян тудыратын
химиялық заттар бар. Төменде осындай
химиялық заттардың мысалдары
көрсетілген:
қорғасын негізіндегі бояумен боялған
материалдардан туындайтын қорғасын және
химиялық өңделген ағаш материалынан
туындайтын күшән және хром.
Осы әсерлердің қаупі бұл жұмыс түрін
қаншалықты жиі жасайтыныңызға
байланысты өзгереді. Осы химиялық
заттардың әсерін азайту үшін: жақсылап
желдетілген аймақта, микроскопиялық
бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы жасалған
шаңнан қорғайтын маска сияқты бекітілген
қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдаланып жұмыс істеңіз.
35. Құралды жазылғандай пайдаланған кезде
де, барлық қалдық қауіп факторларын жою
мүмкін емес. Құралдың құрылысы мен
дизайнына байланыста келесі қауіптер
туындауы мүмкін:
Егер электр құралы ұзақ уақыт
аралығында пайдаланылса және
дұрыс жұмыс істемесе немесе қызмет
көрсетілмесе, қол дірілдерінен
туындайтын денсаулыққа келетін зиян.
Кенеттен туындайтын ақаулық,
тозу немесе дұрыс пайдаланбауға
байланысты электр құралынан
кенеттен сырғып кете алатын бос
бекітілген қондырмалар тудыратын
жарақат немесе зақым.
37 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents