Samsung UE32N4000AU User Manual page 86

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 36
Түс немесе жарықтылық сапасы нашар.
• ТД мәзірінен Сурет параметрлерін реттеңіз. (Сурет режимі / Түс / Ашықтық / Айқындық тармағына
өтіңіз)
• ТД мәзірінен Қуат үнемдеу параметрін түзетіңіз. (MENUm - Жүйе - Үнемдеу шешімі - Қуат үнемдеу
тармағына өтіңіз)
• Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін, оның бастапқы параметрлерін орнатып көріңіз. (MENUm -
Сурет - Сур. з.мән-н кел-у тармағына өтіңіз)
Бейнебеттің шетінде нүктелерден тұратын сызық пайда болады.
• Егер суреттің өлшемі Экранға сәй-у қалпында тұрса, 16:9 пішіміне қойыңыз.
• Кабель немесе жерсерік ресиверінің ажыратымдылығын өзгертіңіз.
Сурет ақ немесе қара болып көрінеді.
• Аудио-видео сигналын қолдансаңыз, видео сымын (сары) ТД-дың 1-ші құралас элементінің жасыл
ұяшығына жалғаңыз.
Арналарды ауыстырған кезде, сурет қимылсыз қалады не бұзылып немесе баяу жылжиды.
• Егер кабель немесе жерсерік ресивері арқылы қосылсаңыз, кабель немесе жерсерік ресиверін
қалпына келтіріп көріңіз. AC сымын қайта жалғап, кабель немесе жерсерік ресивері өшіп-қосылғанша
күте тұрыңыз. Бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.
• Кабельдік ресивер немесе жерсерік ресиверінің шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p
шамасына орнатыңыз.
Үнділік сапасы
• Әуелі ТД аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін Дыбыс сынағы сынағын өткізіп
көріңіз. (MENUm - Қолдау - Өзін-к диагностика - Дыбыс сынағы тармағына өтіңіз)
• Аудио дұрыс болса, дыбыс мәселесі сигнал көзіне не сигналға байланысты болуы мүмкін.
Ешбір дыбыс жоқ немесе дыбыс параметрі ең жоғары деңгейде тұрса да дауыс ақырын шығады.
• ТД-ға қосылған құрылғының (кабель/жерсерік ресивері, DVD, Blu-ray т.б.) дыбысын тексеріңіз.
Сурет жақсы көрсетілсе де, дыбыс шықпайды.
• Дыбыс шығысы параметрін Тлд динамигі қалпына дыбыс мәзірі арқылы қойыңыз.
• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, аудио сымдардың ТД-дың аудио кіріс ұяшықтарына дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз.
• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, құрылғының аудио шығыс параметрін (мысалы, теледидарға HDMI
жалғанып тұрса, кабельдік немесе жерсеріктік ресивердің аудио параметрін HDMI параметріне
орнату қажет болуы мүмкін) тексеріңіз.
• DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Үндеткіштер жағымсыз шуыл шығарып тұр.
• Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып тұрмағанын
тексеріңіз.
• Антенна немесе кабель қосылымдарының сигнал қарқынын тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті бұзуы
мүмкін.
Қазақ - 20

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents