Makita LS0816F Instruction Manual page 184

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS0816F:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Көлбеу кесу
ЕСКЕРТУ:
ара дискісін тігінен қиғаш
кесетіндей етіп орнатқан соң, құралды
пайдаланбай тұрып, күймеше мен ара дискісінің
кесілетін толық ұзындық бойынша еркін
қозғалатынына көз жеткізіңіз. Кескен кезде
күймешенің немесе ара дискісінің жүрісіне кедергі
келсе, ара кері серпілуі және ауыр жарақаттауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
тігінен қиғаш кескен кезде,
ара дискісі жүретін аймаққа қолыңызды
жақындатпаңыз. Ара дискісінің бұрышы кесірінен
пайдаланушы кесу кезінде ара дискісінің іс жүзіндегі
кесу жолынан шатасып, дискіге тиіп кетуі мүмкін
және нәтижесінде ауыр жарақат алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
толық тоқтамаған ара дискісін
көтеруге болмайды. Тігінен қиғаш кескен кезде,
кесілген бөлік ара дискісіне тірелуі мүмкін. Ара
дискісі айналып тұрған кезде көтерілсе, кесілген
бөлік ара дискісінен ыршып, материалды
сындыруы және ауыр жарақаттауы мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
ара дискісіне параллель күш түсіріңіз. Күш
айналатын табанға перпендикуляр түрде түсірілсе
немесе қысым бағыты кескен кезде өзгертілсе,
кесу дәлдігі бұзылады.
1.
Күймеше тимеуі үшін, сырғитын тіреуді сол
жаққа орнатыңыз.
2.
Күймеше еркін көтеріліп, сырғуы үшін
тоқтатқыш істікті шығарыңыз және иіндегі үлкен
басты винтті бұрап босатыңыз.
3.
Тігінен қиғаш кесу бұрышын реттеу туралы
бөлімде көрсетілген процедураларға сай тігінен қиғаш
кесу бұрышын реттеңіз. Содан кейін тұтқаны бекітіңіз.
4.
Өңделетін бөлшектерді қысқыштармен бекітіңіз.
5.
Кескіш дискіні өзіңізге қарай толықтай тартыңыз.
6.
Дискілі ара жүзі ештеңеге тимей тұрғанда,
құралды қосып, дискілі ара жүзі толық жылдамдыққа
жеткенше күтіңіз.
7.
Дискілі ара жүзіне параллель түрде күш түсіре
отырып, сапты толықтай түсірілген күйге ақырын
түсіріңіз және күймешені бағыттауыш сызғышқа
қарай итеру арқылы кесілетін бөлшекті кесіңіз.
8.
Кесіп болған соң, құралды өшіріңіз және ара
дискісін толықтай көтерілген күйіне қайтармай
тұрып, дискілі ара жүзі толық тоқтағанша күтіңіз.
► Сурет43
Құрама кесу
Құрама кесу – өңделетін бөлшекте қиғаш кесу
бұрышы кесілетін уақытта көлбеу кесу бұрышы
жасалатын үрдіс. Құрама кесу жұмысын кестеде
көрсетілген бұрыш бойынша орындауға болады.
Қиғаш кесу бұрышы
Сол және оң жағы 0° - 45°
Құрама кесу жұмысын орындау кезінде ойып кесу,
сырғытып (итеру) кесу, қиғаш кесу және көлбеу
кесуге арналған бөлімді қараңыз.
сапты басқан кезде,
Көлбеу кесу бұрышы
Сол жағы 0° - 45°
Багеттер мен галтельдерді кесу
Багеттер және галтельдерді айналатын табанда тегіс
орналастырып, қапталдық арамен кесуге болады.
Багеттердің екі түрі бар, ал галтельдердің бір түрі
бар: 52/38° қабырға бұрышының багеті, 45° қабырға
бұрышының багеті және 45°қабырға бұрышының
галтелі.
► Сурет44: 1. 52/38° түріндегі багет 2. 45° түріндегі
багет 3. 45° түріндегі галтель
"Ішкі" 90° бұрыштар (суреттегі (a) және (b)) мен
"Сыртқы" 90° бұрыштарға (суреттегі (c) және (d))
енгізуге арналған багеттер мен галтельдердің
байланыстары бар.
1. Ішкі бұрыш 2. Сыртқы бұрыш
1
(b)
(a)
(b)
(a)
1. Ішкі бұрыш 2. Сыртқы бұрыш
Өлшеу
Қабырға енін өлшеп, өңделетін бөлшектің енін соған
сәйкес реттеңіз. Өңделетін бөлшек қабырғасының
жанасатын шетінің ені қабырға енімен бірдей
екендігіне көз жеткізіңіз.
► Сурет45: 1. Өңделетін бөлшек 2. Қабырға
ені 3. Өңделетін бөлшектің ені
4. Қабырғаның жанасатын шеті
Ара бұрыштарын тексеру үшін сынақ ретінде кесуге
әрқашан бірнеше бөліктерді пайдаланыңыз.
Багеттер мен галтельдерді кесу кезінде, көлбеу
кесу бұрышы мен қиғаш кесу бұрышын кестеде
(A) көрсетілгендей орнатып, қалыптарды
ара табанының жоғарғы бетіне кестеде (B)
көрсетілгендей орналастырыңыз.
184 ҚАЗАҚША
(a) (b)
(c) (d)
1
2
(a)
(b)
(a)
(b)
(d)
(c)
(a)
(b)
2

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents