Makita LS0816F Instruction Manual page 176

Slide compound miter saw
Hide thumbs Also See for LS0816F:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
13. Басқа адамды үстел ұзартқыштың
орнына немесе қосымша тіреу ретінде
пайдаланбаңыз. Тұрақсыз тірелген өңделетін
бөлшек кесу кезінде жүздің кептелуіне немесе
өңделетін бөлшектің жылжып кетуіне әкелуі
мүмкін, бұл сізді және көмекшіңізді айналып
тұрған жүзге қарай тарту қаупін тудырады.
14. Кесілген бөлік айналып тұрған ара жүзіне
кептеліп немесе қысылып қалмауы тиіс.
Егер ол шектелген болса, яғни ұзындықты
орнатуға арналған тоқтатқышты қолдану
арқылы, кесілген бөлік жүзге сыналанып, қатты
күшпен ұшып кетуі мүмкін.
15. Әрқашан біліктер немесе түтіктер тәрізді
дөңгелек материалдарды дұрыс ұстап
тұруға арналған қысқышты немесе
фиксаторды пайдаланыңыз. Біліктер кесу
кезінде айналып кетуге бейім, бұл жүздің
ілінуіне және өңделетін бөлшекті қолмен жүзге
қарай тарту керектігіне әкеледі.
16. Өңделетін бөлшекке тигізбестен бұрын,
жүзді толық жылдамдығына жеткізіңіз.
Бұл өңделетін бөлшектің ұшырылу қаупін
төмендетеді.
17. Өңделетін бөлшек немесе жүз кептеліп
қалса, қапталдық араны өшіріңіз. Барлық
қозғалатын бөлшектердің тоқтауын күтіп,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз немесе
аккумулятор жинағын алыңыз. Содан
кейін кептелген материалды босатыңыз.
Кептелген өңделетін бөлшекті аралауды
жалғастыру басқаруды жоғалтуға немесе
қапталдық араны зақымдауға әкелуі мүмкін.
18. Кесуді аяқтағаннан кейін, ауыстырып-
қосқышты босатыңыз, араның бастиегін
төмен түсіріп, кесілген бөлшекті алып
тастамас бұрын, жүздің тоқтауын күтіңіз.
Қолды инерция бойынша айналған жүзге
жақындату қауіпті.
19. Құралда белгіленген немесе нұсқаулықта
көрсетілген диаметрлі ара дискісін ғана
пайдаланыңыз. Өлшемі сәйкес келмейтін ара
дискісін пайдалансаңыз, ара дискісі тиісті түрде
қорғалмай немесе қорғағыш дұрыс істемей,
нәтижесінде адам ауыр жарақат алуы мүмкін.
20. Құралда белгіленген жылдамдыққа тең
немесе одан жоғары жылдамдықпен
белгіленген ара жүздерін ғана
пайдаланыңыз.
21. Арамен тек көрсетілген материалдарды
кесіңіз.
22. (Тек Еуропа елдерінде)
Ағашқа және ұқсас материалдарға арналған
болса, міндетті түрде EN847-1 стандартына
сәйкес келетін ара дискісін пайдаланыңыз.
Қосымша нұсқаулар
1.
Шеберхананы балалар кірмейтіндей
құлыптап, жабық ұстаңыз.
2.
Құрал үстіне ешқашан тұрмаңыз. Құрал
еңкейтілген болса немесе кескіш құралға
кездейсоқ тиіп кетсеңіз, ауыр жарақат алуыңыз
мүмкін.
3.
Құралды ешқашан қосулы күйде қараусыз
қалдырмаңыз. Өшіріп қойыңыз. Толық
тоқтағанға дейін құралды қалдырмаңыз.
4.
Араны сақтандырғышсыз қолданбаңыз. Әр
қолданыс алдында жүздің сақтандырғышы
дұрыс жабылғанын тексеріңіз. Жүз
сақтандырғышы еркін қозғалмаса және
бірден жабылмаса, араны пайдаланбаңыз.
Жүз сақтандырғышын ешқашан ашық күйде
қысып бекітпеңіз.
5.
Қолыңызды ара дискісі жүретін жаққа
жақындатпаңыз. Инерциямен айналып
тұрған ара дискісіне тимеңіз. Ол сонда да
ауыр жарақаттауы мүмкін.
6.
Жарақат алу қаупін азайту үшін, әрбір
көлденең кесу жұмысынан кейін кескіш
дискіні толық артқы күйіне қайтарыңыз.
Құралды көтермес бұрын, барлық
7.
қозғалатын бөліктерді әрдайым бекітіңіз.
Ара басын құлыптайтын тоқтатқыш істік
8.
немесе тоқтатқыш тетік кесу жұмыстарына
емес, тек тасымалдау мен сақтауға арналған.
9.
Пайдаланбай тұрып, ара дискісінің
жарылған немесе зақымдалған жерлерінің
бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Жарылған
немесе зақымдалған ара дискісін дереу
алмастырыңыз. Ара дискілерінде қатып
қалған шайыр мен қарамай салдарынан
ара баяулайды және кері соққы қаупі
артады. Алдымен ара дискісін құралдан
шешіп алыңыз, сосын оны шайыр мен
қарамай кетіру құралымен, ыстық сумен
немесе керосинмен тазалаңыз. Ара дискісін
бензинмен мүлде тазалауға болмайды.
10. Сырғытып кескенде, КЕРІ СОҚҚЫ орын
алуы мүмкін. Кесу жұмыстары барысында
ара дискісі кесілетін бөлшекке тұрып қалған
кезде, КЕРІ СОҚҚЫ пайда болып, ара дискіcі
пайдаланушыға қарай жылдам жүреді.
Бұның салдарынан пайдаланушы араны
басқара алмай қалуы және ауыр жарақат
алуы мүмкін. Кескен кезде ара дискісі
тұрып қалып істесе, кесуді жалғастырмай,
қосқышты бірден жіберіңіз.
11.
Осы құралға арналған фланецтерді ғана
пайдаланыңыз.
12. Шпиндельді, фланецтерді (әсіресе
орнатылатын бетті) немесе болтты
зақымдап алмаңыз. Бұл бөлшектер
зақымдалса, ара дискісі сынуы мүмкін.
13. Айналатын табан жұмыс кезінде
қозғалмайтындай етіп бекітілгенін
тексеріңіз. Араны орнықты жұмыс
платформасына немесе верстакқа
бекіту үшін табандағы саңылауларды
пайдаланыңыз. Оператор ыңғайсыз
орналасқан жағдайда құралды ЕШҚАШАН
пайдаланбаңыз.
14. Ауыстырып-қосқыш қосылмай тұрып, білік
құлпының босатылғанын тексеріңіз.
15. Ара дискісі ең төменгі күйінде тұрған
айналатын табанға тиіп тұрмауы тиіс.
16. Сабынан мықтап ұстаңыз. Ара іске қосқан
және тоқтаған сәтте сәл жоғары не төмен
жылжитынын ескеріңіз.
17. Қосқышты іске қосу алдында, ара дискісінің
кесілетін бөлшекке тиіп тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
176 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents