Makita DRC200 Instruction Manual page 40

Hide thumbs Also See for DRC200:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жылдамдықты тұрақтандыру режимі
Қолдану:
Жақсы ұйымдастырылған қойма мен
ұзын галерея сияқты кедергілері аз
үлкен едендерде.
Үлгілік режим
Сипаттама (H-1 суреті):
Робот-тазалағыш тік (a) және
көлденең (b) жүріс айналымын
қайталайды.*
Қолдану:
Кеңсе сияқты кедергілері көп едендерде.
Кездейсоқ
Сипаттама (H-2 суреті):
режим
Робот-тазалағыш тік (c) және көлденең
(d) жүріс айналымын қайталайды.
* Кездескен жағдайларға байланысты, робот-
тазалағыштың нақты жүрген жолы осы картадан
өзгеше болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Робот-тазалағыш өте алмайтын
немесе бүйірлік қылшағы жетпейтін тар жерлерді
тазалай алмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Тазалау циклі аяқталған соң, кейбір
жағдайларда еденде кішкене шаң қалуы мүмкін.
Ұйқы режимі
Егер робот-тазалағыш күту режимінде 5 минутқа
жуық қалдырылса, робот-тазалағыш батарея қуатын
үнемдеу үшін автоматты түрде ұйқы режиміне
еніп, басқару шамы (F-1 суреті) жанады. Сондай-ақ
робот-тазалағыш автоматты түрде қосылу таймері
белсендірілген кезде ұйқы режиміне енеді.
Күту режиміне қайта оралу үшін, «Негізгі әрекеттер»
бөліміндегі 3-қадамды орындаңыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Бұл режимде параметрлерді
өзгерту және тазалау жұмыстарын бастау мүмкін
емес.
Робот-тазалағышты тасымалдау
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Робот-тазалағышты
тасымалдамас бұрын, оны міндетті түрде өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Қолыңыз тұтқа мен робот-
тазалағыштың корпусына арасына қысылып
қалмауы үшін сақ болыңыз.
Тұтқаны ұстау (J-1 суреті).
ХАБАРЛАНДЫРУ: Робот-тазалағыштың артқы
түбін екінші қолыңызбен тіресеңіз, шаң мен кір
негізгі қылшақ саңылауынан түсіп қалмауы үшін
құралды артынан тым қатты көтермеу керек.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Робот-тазалағышты сүйреуге
болмайды.
75% не одан көп
50% және 75% аралығында
(50%-ды қосқанда)
25% және 50% аралығында
25% не одан төмен
Бос
Батарея қатесі
Контейнерді босату
Робот-тазалағыш жоғары деңгейде жұмыс істеуі үшін
әрбір қолданыстан кейін контейнерді босатыңыз.
1. Робот-тазалағышты өшіру үшін робот-
тазалағыштағы
суреті) барлық индикаторлар сөнгенге
дейін басып тұрыңыз немесе қашықтағы
контроллердегі
басыңыз.
2. Құлпынан босату үшін үстіңгі қақпақты (K-1
суреті) басып, босатыңыз да, қақпақты
толығымен ашыңыз.
3. Шаң қорабын (K-2 суреті) шығарып алыңыз.
4. Екі құлыпты (K-3 суреті) да босатып, шаң
қорабының қақпағын ашыңыз.
5. Жоғарғы контейнерді (K-4 суреті) шығарып,
босатыңыз.
6. Жиналған шаңды сүзгіден (K-5 суреті) алып,
төменгі контейнерді босатыңыз (K-6 суреті).
7. Робот-тазалағыштағы шаң қорабын кері ретпен
алмастырыңыз.
Жетілдірілген әрекеттер
Келесі артықшылықтар робот-тазалағыш күту
режимінде болғанда ғана орнатылады («Негізгі
әрекеттер» бөліміндегі 1-қадамды қараңыз).
Қуатты үнемдеу
Робот-тазалағыш вакуумды желдеткішін
пайдаланбай-ақ көзге көрінетін шаңды тарта алады.
Егер ұсақ шаңды кетірудің керегі болмаса, вакуум
желдеткішті өшіру робот-тазалағыштың жұмыс істеу
уақытын ұзарту үшін батарея қуатын үнемдейді.
Күту режимінде вакуум шамын (F-10 суреті) өшіру
үшін робот-тазалағыштағы (F-10 суреті) немесе
қашықтағы контроллердегі (G-7 суреті) вакуум
түймесін басыңыз.
Вакуумдық желдеткішті қосу үшін робот-
тазалағыштағы (F-10 суреті) немесе қашықтағы
контроллердегі (G-7 суреті) вакуум түймесін
басыңыз. Шам қайта жанады.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Автоматты қосылу таймері
қосулы кезде, ұйқы режимінде бұл параметр
қолжетімді болмайды.
ХАБАРЛАНДЫРУ: Вакуумды желдеткіш өшірулі
болған жағдайда,
көрсету шамы (F-3 суреті) сүзгіге кір толып кетсе
де жанбайды.
Зуммердің дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыссыз режимді қосқанда зуммер дыбысының үш
деңгейін таңдауға болады.
Күту режимінде робот-тазалағыштағы (F-9 суреті)
немесе қашықтағы контроллердегі (G-6 суреті)
зуммер түймесін бірнеше рет басыңыз. Түймені
басқан сайын, зуммер келесі тәртіпте сигнал береді:
жоғары дыбыста (шам жанады), төмен дыбыста
(шам жанады) және еш дыбыссыз (шам сөнеді).
40 ҚАЗАҚША
ҚУАТ түймесін (F-8
ӨШІРУ түймесін (G-1 суреті)
сүзгіге техникалық қызмет

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Drc200z

Table of Contents