Makita DRC200 Instruction Manual page 35

Hide thumbs Also See for DRC200:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Бұл дұрыс жұмыс істемеудің немесе ақаулықтардың
себебінен робот-тазалағыштың құлап түсуіне
байланысты жұмыс ақаулықтарына, жарақатқа
әкелуі мүмкін.
Сенсорларға немесе дөңгелектерге таспа
жапсыруға болмайды. Бамперді немесе дөңгелек
пішіндерін өзгертуге немесе бамперді шектен
тыс күшпен басуға болмайды.
Бұл дұрыс жұмыс істемеудің немесе ақаулықтардың
себебінен робот-тазалағыштың құлап түсуіне
байланысты жұмыс ақаулықтарына, жарақатқа
әкелуі мүмкін.
Тұрақты түрде әрбір сенсорды тазалап тұрыңыз.
Бұл нұсқауды орындамау дұрыс жұмыс істемеудің
немесе ақаулықтардың себебінен робот-
тазалағыштың құлап түсуіне байланысты жұмыс
ақаулықтарына, жарақатқа әкелуі мүмкін.
Лас, қабыршықтанған немесе жыртылған
шекаралық таспаларды (бөлек сатылады)
пайдалануға болмайды.
Бұл жұмыс ақаулықтарының салдарынан робот-
тазалағыштың құлап түсуіне байланысты жарақатқа
әкелуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Робот-тазалағышты келесі жерлерде
пайдалануға болмайды.
Бұл басқа жабдықтардың дұрыс жұмыс істемеуін
тудыруы мүмкін.
• Аурухананың ішінде немесе медициналық
жабдықтардың жанында
• Ұшақтың ішінде
• Дәлдікті бақылауды талап ететін немесе
әлсіз сигналдарды пайдаланатын электр
жабдықтарының жанында
Робот-тазалағыш пен қашықтағы контроллерді
ендірілетін кардиостимуляторлардан және
дефибрилляторлардан міндетті түрде 15 см-ден
астам қашықтықта ұстаңыз.
Бұл нұсқауды орындамау медициналық
құрылғылардың ақаулығына әкелуі мүмкін.
Бос орындарға және саңылауларға бөгде зат
салуға болмайды.
Бұл электр тогының соғуына немесе жарақаттануға
әкелуі мүмкін.
Робот-тазалағышты тазалау кезінде,
саусақтарыңыздың қысылып қалуынан сақ
болыңыз.
Бұл жарақатқа әкелуі мүмкін.
Робот-тазалағышты пайдаланбас бұрын
осы ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫН мұқият
оқығаныңызға көз жеткізіңіз.
Бұл нұсқауды орындамау жарақатты немесе
ақаулықты тудыруы мүмкін.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жағымсыз иіс, батарея сұйықтығының ағуы,
қалыпсыз қызу, пішінінің немесе түсінің өзгеруі
байқалса, батарея картриджін пайдалануды
тоқтатыңыз.
Бұл нұсқауды орындамау ақаулықты тудыруы
мүмкін.
Робот-тазалағышты сыртта немесе ол сыртқа
шығып кетуі мүмкін жерлерде пайдалануға
болмайды.
Бұл ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Робот-тазалағышты келесі жерлерде
пайдалануға болмайды.
Бұл ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
• Асқа арналған майдың бөлшектері немесе басқа
май құрамдастары ауада қалқитын жерлерде
• Шаштараз, әсемдік салондары, және химиялық
тазалау дүкендері сияқты аэрозоль немесе
химиялық заттар пайдаланылатын жерлерде
• Шаңды жерлерде
Робот-тазалағышты келесі жерлерде
пайдалануға болмайды.
Бұл еденнің қабатын зақымдауы немесе еден бетін
сыруы мүмкін.
• Тез зақымдалатын еден қабаттары бар жерлерде
(қой жүні, жүннен жасалған материалдар т.б.)
• Өңделмеген ағаш немесе мәрмәр едендерде
• Жақында балауыз жағылған едендерде
Робот-тазалағышты түгі ұзын (7 мм не одан да
көп) еден төсеніштеріне пайдалануға болмайды.
Бұл еден жапқыштарына зақым келтіруі мүмкін
немесе робот-тазалағышта ақаулықтар тудыруы
мүмкін.
Робот-тазалағышты бетон едендер сияқты
қатты, тегіс емес еден беттеріне пайдалануға
болмайды.
Бұл қылшақ пен дөңгелектің тозуына әкелуі мүмкін.
Қылшақтар мен дөңгелектер тозған жағдайда
робот-тазалағышты пайдалануға болмайды.
Бұл еден беттерінің сырылуына әкеледі.
Жұмысты тоқтатып, робот-тазалағышты сатып алған
жердегі дилеріңізбен кеңесіңіз.
Негізгі қылшаққа, бүйірлік қылшақтарға және
дөңгелектерге жабысқан шаң-тозаңдарды алып
тастаңыз.
Бұл нұсқауды орындамау еден беттерінің
сырылуына әкелуі мүмкін.
Келесі заттарды шаңсорғышпен тазалауға
болмайды.
Бұл робот-тазалағыштың ішін сыруы немесе
ластауы мүмкін немесе ақаулықты тудыруы мүмкін.
• Сұйықтықтар немесе дымқыл қоқыс
• Химикаттар немесе майлар
• Үй жануарларының тезегі
• Құм немесе ұнтақтың көп мөлшері
• Өткір заттар (шыны, жүздер, ілгектер, т.б.)
• Үлкен қағаздар немесе винильді қоқыс
• Сым немесе арқан
Ұсақ ұнтақты (гипс, цемент, бор, т.б.)
тазалағаннан кейін сүзгіні тазалаңыз.
Бұл нұсқауды орындамау ақаулықты тудыруы
мүмкін.
Сүзгі толып қалса немесе сенсорлары ластанса
робот-тазалағышты пайдалануға болмайды.
Бұл ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
35 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Drc200z

Table of Contents