7
Құмыраны мотор бөлігіне жоғарыдан төмен қақпағын төмен қаратып
орналастырыңыз. Тұтқа оң жақта екендігін және дұрыс тіркелгенін тексеріңіз.
Ескертпе: Егер құмыра және тұтқа дұрыс күйде болмаса, құрал булауды
бастамайды.
8
Басқару тұтқасын булау күйіне бұраңыз.
» Құралдың булап жатқанын көрсету үшін булау шамы қызғылт сары түспен
жанады.
Ескерту: Ыстық бу немесе ыстық су саусақтарды күйдіруі мүмкін. Ыстық бөлшектер
мен буды ұстамаңыз және балалардың ұстауына жол бермеңіз, себебі күйікке
себеп болуы мүмкін.
» Булау уақыты су ыдысына салынған су мөлшеріне байланысты.
«Ингредиенттер және булау уақыты» тарауындағы кестені және рецепт
буклетін қараңыз.
» Булау процесі аяқталған кезде құрал дыбыстық сигнал шығарып, булау шамы
өшеді.
- Қазақша 119 -