Makita WA400MP Instruction Manual page 194

Weeding attachment
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Сыдыра жыртқыш саптамасының
қауіпсіздік техникасы бойынша
ескертулер
Құрылғыны ауа райы нашар болғанда,
1.
әсіресе найзағай тию қаупі бар болған
жағдайда пайдаланбаңыз. Осылайша
найзағай соғу қаупі азаяды.
2.
Құрылғы қолданылатын аумақта
жануарлардың бар-жоғын мұқият тексеріңіз.
Құрылғы пайдаланылған кезде, жануарларға
зақым келуі мүмкін.
3.
Құрылғы қолданылатын аумақты мұқият
тексеріп, тастардың, таяқтардың, сым
темірлердің, сүйектердің барлығын,
сондай-ақ басқа бөтен заттарды алып
тастаңыз. Жан-жаққа ұшқан заттар адамды
жарақаттауы мүмкін.
4.
Құрылғыны пайдалану алдында арамшөп
отау пышағының зақымдалмағанын
міндетті түрде қарап тексеріңіз. Зақымдалған
бөліктен жарақаттану қаупі артады.
5.
Аксессуарларды ауыстыру нұсқауларын
орындаңыз. Пышақты бекітетін гайкалар
немесе болттар жақсылап бұрап тартылмаса,
пышақ зақымдалуы немесе ажырап кетуі
мүмкін.
Көзді, құлақты, басты және қолды
6.
қорғайтын құралдарды киіңіз. Тиісті қорғаныс
құралдар ұшатын сынықтардан, не болмаса
қиятын бөлікке немесе пышаққа байқаусызда
тиіп кетуден жарақаттану қаупін азайтады.
Құрылғыны пайдаланған кезде міндетті
7.
түрде таймайтын және қорғайтын аяқ киім
киіңіз. Құрылғыны жалаң аяқ жүріп немесе
ашық сандал киіп пайдаланбаңыз. Бұдан
қозғалатын пышақтарға немесе бөліктерге тиіп
аяқты жарақаттау мүмкіндігі азаяды.
8.
Құрылғыны пайдаланған кезде міндетті
түрде ұзын балақты шалбар киіңіз. Дененің
ашық жерлерін ұшқан заттардан жарақаттау
ықтималдығы артады.
Құрылғыны пайдаланған кезде, адамдарды
9.
жақындатпаңыз. Ұшқан сынықтар адамдарды
ауыр жарақаттауы мүмкін.
10. Құрылғыны міндетті түрде екі қолмен
пайдаланыңыз. Құрылғыны екі қолмен
ұстасаңыз, оған ие бола алмай қалу жағдайына
тап болмайсыз.
Құрылғыны оқшауланған арнайы ұстау
11.
беттерінен ғана ұстаңыз, себебі кесетін
бөлік немесе пышақ көрінбей тұрған сым
темірге тиіп кетуі мүмкін. Кесетін бөлік
немесе пышақтар кернеулі сым темірге тиіп
кетсе, құрылғының ашық металл бөліктерінде
кернеу пайда болуы мүмкін, нәтижесінде
пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
12. Әрдайым аяқта нық тұрыңыз және
құрылғыны тек жерде тұрып пайдаланыңыз.
Тайғақ немесе тұрақсыз беттердің салдарынан
тепе-теңдігіңіз бұзылуы немесе құрылғыға ие
бола алмай қалуыңыз мүмкін.
13. Құрылғыны тым құлама беткейлерде
пайдаланбаңыз. Сонда құрылғыға ие бола
алмай қалу, тайғанау және құлау қаупі азайып,
жарақаттанбайсыз.
14. Еңіс жерлерде жұмыс істегенде, аяғыңызды
міндетті түрде нық қойыңыз, еңісті міндетті
түрде көлденең кесіп жұмыс істеңіз, жоғары
немесе төмен мүлде жүрмеңіз және бағытты
өте абайлап өзгертіңіз. Сонда құрылғыға ие
бола алмай қалу, тайғанау және құлау қаупі
азайып, жарақаттанбайсыз.
15. Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, денеңіздің
ешбір бөлігін арамшөп отау пышағына
жақындатпаңыз. Құрылғыны іске қоспай
тұрып, арамшөп отау пышағының
ешнәрсеге тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны пайдаланған кезде көңіліңіз бір
сәтке ауып кетсе, өзіңіз жарақаттануыңыз және
басқа адамдар жарақаттануы мүмкін.
16. Құрылғыны белден жоғары көтеріп
пайдаланбаңыз. Осылайша арамшөп отау
пышағы байқаусызда тиіп кетпейді және
құрылғыға күтпеген жағдайларда жақсырақ
басқарасыз.
17. Керіліп тұрған бұталарды немесе
көшеттерді қиған кезде, абайлаңыз. Олар
кері серпілуі мүмкін. Ағаш талшықтарындағы
керіліс босаған кезде, бұта немесе көшет
пайдаланушыны соғуы және/немесе
құрылғыны қолдан қағып жіберуі мүмкін.
18. Бұталар мен көшеттерді қиған кезде, аса
мұқият болыңыз. Жіңішке материал пышаққа
ілініп, сізді осып жіберуі немесе тепе-теңдігіңізді
бұзуы мүмкін.
19. Құрылғыға ие болыңыз және арамшөп отау
пышағын және басқа қозғалатын қауіпті
бөлшектерді қозғалып тұрғанда ұстамаңыз.
Осылайша қозғалатын бөлшектерден
жарақаттану қаупі азаяды.
20. Құрылғыны өшіріп және денеңізден
алыс ұстап тасыңыз. Құрылғыны дұрыс
қолдансаңыз, қозғалатын кескішке, кесетін
бөлікке немесе пышаққа байқаусызда тиіп кету
ықтималдығы азаяды.
21. Құрылғыны тасымалдағанда немесе
сақтағанда, арамшөп отау пышағының
жабынын міндетті түрде орнатыңыз.
Құрылғыны дұрыс қолдансаңыз, пышаққа
байқаусызда тиіп кету ықтималдығы азаяды.
22. Өндіруші белгілеп көрсеткен қосалқы
арамшөп отау пышақтарын ғана
пайдаланыңыз. Басқа қосалқы бөлшектерден
сыну және жарақаттану қаупі артуы мүмкін.
23. Тұрып қалған материалды алып тастаған
немесе құрылғы күтімін жасаған кезде,
қосқышты өшіру және аккумулятор блогын
шығару керек. Тұрып қалған материалды
алып жатқанда немесе күтім жасап жатқанда
құрылғы күтпеген жерден іске қосылса, ауыр
жарақат алуыңыз мүмкін.
194 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents