Makita DUB187 Instruction Manual page 27

Cordless blower vacuum
Hide thumbs Also See for DUB187:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Аккумулятордың максималды
қызмет ету мерзімін сақтау
бойынша кеңестер
1.
Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған
кезде, құрал жұмысын тоқтатып,
аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2.
Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3.
Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C
(50 °F – 104 °F) бөлме температурасында
зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор
картриджін суытыңыз.
Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
4.
уақытта оны құралдан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз.
5.
Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған
болсаңыз, оны зарядтаңыз.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
бір жұмыстар жүргізбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екеніне және аккумулятор
картриджінің шығарылғанына көз жеткізіңіз.
Дөңгелектерді орнату немесе
шешіп алу
Дөңгелектерді орнату үшін дөңгелектердің ілмегін
суретте көрсетілгендей саптаманың ұясына кіргізіңіз.
► Сурет1: 1. Ілмек 2. Ұя
Дөңгелектерді шешіп алу үшін ілмекті жоғары сәл
сырғытыңыз да, дөңгелектерді шешіп алыңыз.
► Сурет2: 1. Ілмек
Саптаманы орнату
Негізгі блоктың винтін босатып алыңыз.
Саптамадағы шығыңқы бөліктерді негізгі блоктағы
ойықтарға туралаңыз да, саптаманы негізгі блокқа
шығыңқы жерлер орнына сырт етіп орнатылғанша
кіргізіңіз. Саптаманы бекіту үшін винтті мықтап
бұраңыз.
► Сурет3: 1. Винт 2. Саптама 3. Шығыңқы жер
Құралға қандай да
Шаң қапшығын орнату немесе алу
Шаң қапшығының ілмегін негізгі блоктың ілгегіне
іліңіз, содан кейін шаң қапшығы тұтқасының
алдыңғы жағын негізгі блокқа іліңіз, содан кейін
тұтқаның артқы жағын суретте көрсетілгендей
орнына түскенше жоғары тартыңыз.
► Сурет4: 1. Ілмек 2. Тұтқа 3. Шаң қапшығы
Шаң қапшығын алу үшін орнату процедурасын
керісінше орындаңыз.
Кең саптаманы орнату және
шешіп алу
Қосымша керек-жарақ
Кең саптаманы шығыңқы жерлерін жоғары қаратып
саптамаға кіргізіңіз.
► Сурет5: 1. Шығыңқы жер
Иықбауды бекіту
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
қуат беру блогы сияқты сөмкелі қуат көзімен
тіркесімде пайдаланған кезде, машина
жиынтығында берілген иық белбеуін емес,
Makita компаниясы ұсынған ілгіш белдікті
қолданыңыз.
Егер машина жиынтығында берілген иық
белбеуімен бірге сөмкелі қуат көзінің иық белбеуін
тағатын болсаңыз, төтенше жағдайда машинаны
немесе сөмкелі қуат көзін алу қиынға соғады және
бұл апатқа әкелуі немесе жарақатқа себеп болуы
мүмкін. Ұсынылған ілгіш белдік туралы Makita
өкілетті қызмет көрсету орталығынан сұраңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
құралға мықтап ілінгеніне көз жеткізіңіз. Егер
ілмектер толықтай ілінбесе, олар жылжып кетіп,
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
иықбауды пайдаланыңыз. Басқа иықбауды
пайдалану жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Иықбаудың ілгегін машинаға суретте көрсетілгендей
іліңіз.
► Сурет6: 1. Ілмек
27 ҚАЗАҚША
Машинаны портативті
Иықбау ілмектерінің
Осы құралға арналған

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents