Makita DUB187 Instruction Manual page 25

Cordless blower vacuum
Hide thumbs Also See for DUB187:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
16. Саусақтарыңызды немесе басқа заттарды
сору саңылауына немесе ауаүрлегіш
шығысына салмаңыз.
17. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Аккумулятор картриджін салмас бұрын,
машинаны жинамай тұрып немесе
тасымалдамас бұрын, ауыстырып-
қосқышы өшірулі күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Саусағыңызды машинаның
ауыстырып-қосқышына қойып тасымалдау
немесе ауыстырып-қосқышы қосулы
ауаүрлегішті қуат көзіне қосу жазатайым
оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
18. Тырнақ, әйнек сынықтары немесе өткір
жүздер секілді қауіпті материалдарды
ешқашан үрлемеңіз немесе сормаңыз.
19. Машинаны тұтанғыш материалдардың
жанында пайдаланбаңыз.
20. Машинаны температурасы төмен ортада
ұзақ уақыт бойы пайдаланбаңыз.
21. Қорғаныстары немесе қалқандары ақаулы,
не болмаса қауіпсіздік құрылғылары жоқ
машинаны мүлде пайдаланбаңыз.
Техникалық қызмет көрсету және сақтау
1.
Машинаның қауіпсіз жұмыс жағдайында
екеніне көз жеткізу үшін, барлық сомындарды,
болттар мен бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
2.
Бөлшектері тозса немесе зақымдалса,
оларды Makita компаниясы ұсынған
бөлшектермен ауыстырыңыз.
3.
Машинаны құрғақ және балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
4.
Машинаны тексеру, оған қызмет көрсету,
оны сақтау немесе керек-жарақты
ауыстыру үшін тоқтатқанда, оны өшіріп,
барлық қозғалмалы бөлшектерінің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз және аккумулятор
картриджін алыңыз. Машинамен кез келген
жұмыс істеу алдында, оны суытыңыз.
Машинаға абайлап техникалық қызмет
көрсетіңіз және оны таза ұстаңыз.
Пайдалансаңыз, жазатайым оқиға орын алуы
немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Машинаны сақтау алдында, оны әрқашан
5.
суытыңыз.
Машинаны жаңбыр астында қалдырмаңыз.
6.
Машинаның ішінде сақтаңыз.
7.
Машинаны көтергенде, тізеңізді бүгіңіз және
арқаңызға зақым келтірмес үшін сақ болыңыз.
8.
Жүйелі түрде техникалық күтім жасаңыз.
Пайдаланар алдында техникалық күтім
жасаған жөн.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
ғана қуаттау керек. Бір аккумулятор
картриджіне сәйкес келетін зарядтау
құрылғысын басқа аккумулятор картриджіне
пайдалану салдарынан өрт шығуы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор картридждерімен
пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор
картриджін пайдалану салдарынан жарақат
алуыңыз және өрт шығуы мүмкін.
3.
Пайдаланылмаған аккумулятор картриджіне
қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, винттер сияқты металл заттар
мен екі клемманың арасын қоса алатын
басқа шағын металл заттарды жақындатуға
болмайды. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы салдарынан күйіп қалуыңыз
немесе өрт шығуы мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
4.
сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз,
сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген
болса, медициналық көмекке жүгініңіз.
Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену
немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор картриджін немесе құралды
пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумулятор картридждерінен
күтпеген жағдайлар туындауы және олар өрт,
жарылыс немесе жарақат алу қаупіне себеп
болуы мүмкін.
Аккумулятор картриджін немесе құралды
6.
отқа салмаңыз немесе шамадан жоғары
температуралы ортада ұстамаңыз. Отқа
салу немесе 130 °C шамасынан жоғары
температура әсеріне ұшырату салдарынан
жарылыс орын алуы мүмкін.
7.
Қуаттауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
картриджін немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан асыра
қуаттамаңыз. Қате қуаттау немесе көрсетілген
ауқымнан асатын температурада қуаттау
салдарынан аккумулятор зақымдалуы және өрт
шығу қаупі артуы мүмкін.
Электрлік және аккумулятор қауіпсіздігі
1.
Аккумулятор картридждерін отқа
тастамаңыз. Аккумулятор элементі жарылуы
мүмкін. Қоқысқа тастау бойынша арнайы
нұсқауларды жергілікті нормалардан қараңыз.
Аккумулятор картридждерін ашпаңыз немесе
2.
майыстырмаңыз. Одан шығатын электролит
күйдіреді және көзді немесе теріні зақымдауы
мүмкін. Жұтылған жағдайда, улы болуы мүмкін.
3.
Аккумулятор картриджін жаңбырда немесе
ылғалды жерлерде қуаттамаңыз.
4.
Қауіпті ортада жұмыс істемеңіз. Машинаны
дымқыл немесе ылғалды жерлерде
пайдаланбаңыз немесе жаңбыр астында
қалдырмаңыз. Машинаға су кіретін болса, ток
соғу қаупі артады.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа жөндеу
бойынша білікті аман тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдаланып жүзеге асыруы қажет. Бұл электрлік
құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2.
Зақымдалған аккумулятор картридждерін
мүлде жөндемеңіз. Аккумулятор
картридждеріне өндіруші немесе мақұлданған
қызмет провайдерлері сервис жасауы тиіс.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
25 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents