Makita TW007G Instruction Manual page 32

Cordless impact wrench
Hide thumbs Also See for TW007G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Аккумулятордың максималды
қызмет ету мерзімін сақтау
бойынша кеңестер
1.
Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған
кезде, құрал жұмысын тоқтатып,
аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2.
Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3.
Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C
(50 °F – 104 °F) бөлме температурасында
зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор
картриджін суытыңыз.
Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
4.
уақытта оны құралдан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз.
5.
Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған
болсаңыз, оны зарядтаңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құралды өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде құралды және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Құралды және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құралдың және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жарақат алуға
әкеп соқтыруы мүмкін.
► Сурет1: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп
тұрса, ол толығымен құлыпталмағанын білдіреді.
Құралдың функциясын
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей
етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған
жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді
немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Құралдың/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрал құралды/аккумуляторды қорғаныс жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қозғалтқыштың қуат
көзін автоматты түрде өшіреді. Егер құрал немесе
аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап
болса, құрал жұмыс барысында автоматты түрде
тоқтайды.
Шамадан тыс жүктемеден
қорғаныс
Құрал/аккумулятор тым жоғары ток шығаратын
күйде жұмыс істегенде, құрал автоматты түрде
тоқтайды. Бұл жағдайда құралды өшіріңіз және
құралдың шамадан тыс жүктелуіне себеп болған
жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске қосу
үшін құралды қосыңыз.
Қызып кетуден қорғаныс
Құрал/аккумулятор қызып кеткен жағдайда
автоматты түрде тоқтайды және шам
жыпылықтайды. Бұл жағдайда құралды қайта іске
қоспас бұрын суытыңыз.
Зарядтың шамадан тыс
таусылуынан қорғаныс
Аккумулятордың қалған қуаты жеткіліксіз болған
кезде, құрал автоматты түрде тоқтайды. Осы кезде
аккумуляторды құралдан алып тастап, зарядтаңыз.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
► Сурет2: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру
түймесі
32 ҚАЗАҚША
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Tw008g

Table of Contents