Makita MR002G Instruction Manual page 106

Job site radio
Hide thumbs Also See for MR002G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
4. Бірнеше секундтан кейін дисплей жаңарады.
Дисплейде табылған сигналдың жиілігі көрсетіледі.
5. Басқа станцияны табу үшін баптау тетікшесін
алдындағыдай басып ұстап тұрыңыз.
6. Толқын диапазоны соңына жеткенде радио толқын
диапазонының соңынан басына қарай іздеуді
қайта бастайды.
7. Қажетінше дыбыс деңгейін реттеу үшін баптау
тетікшесін бұраңыз.
Ескерту:
● Дыбысын реттеген кезде экранда FM/AM
жазуының жыпылықтап тұрмауын қадағалаңыз.
● Егер экранда FM/AM жазуы жыпылықтап тұрса,
станцияларды қолмен бұрап баптауға болады
(толығырақ мәліметті «AM/FM диапазондарын
қолмен баптау» бөлімінен қараңыз).
● Дыбыс тым жоғары болмауы керек. Есту
мүшесіне зақым келтірмеу үшін радионы жоғары
дыбыстық деңгейде ұзақ тыңдамаңыз.
8. Радионы өшіру үшін қосу түймесін басыңыз.
AM/FM диапазондарын қолмен
баптау
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз.
2. Радионың АМ немесе FM режимін таңдау үшін
Диапазонды таңдау түймесін басыңыз.
3. Баптау тетікшесін бассаңыз дисплейде FM/AM
жазуы жыпылықтайды.
Ескерту:
● FM/AM жазуы шамамен 10 секунд
жыпылықтайды. Осы кезде радионы тек қолмен
баптауға болады.
● Егер FM/AM жазуы жыпылықтағанда дыбысты
реттеу керек болса, баптау тетікшесін басып,
жыпылықтауды тоқтатыңыз, содан кейін баптау
тетікшесін бұрап дыбыс деңгейін реттеуге болады.
4. Станцияны баптау үшін баптау тетікшесін бұраңыз.
5. Толқын диапазоны соңына жеткенде радио толқын
диапазонының соңынан басына қарай іздеуді
қайта бастайды.
6. Қажетінше дыбыс деңгейін реттеу үшін баптау
тетікшесін бұраңыз.
AM/FM режимдерінде станцияларды
алдын ала баптау
Радионың AM және FM диапазондарында алдын
ала бапталған 5 станция бар. Олар әрбір толқын
диапазонына бірдей пайдаланылады.
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз.
2. Қажетті толқын диапазонын таңдау үшін
Диапазонды таңдау түймесін басыңыз. Жоғарыда
сипатталғандай қажетті радио станциясын
баптаңыз.
3. Қажетті алдын ала түймесін (1-5) дисплейде
жиіліктен кейін, мысалы «Р4» жазуы көрінгенше
басып ұстап тұрыңыз. Станцияны алдын ала
баптау нөмірін басу арқылы сақтау керек.
Қалған алдын ала баптауларды сақтау үшін осы
процедураны қайталаңыз.
4. Қажетінше, жоғарыдағы процедураны орындай
отырып бұрын сақталған алдын ала бапталған
станцияларды өзгертуге болады.
Дисплей режимдері – FM
Радиода FM режимінің бірнеше дисплей таңдауы
бар.
Мәзір/Ақпарат түймесін бірнеше рет басып тыңдап
отырған станцияның радиохабар тарату жүйесі
ақпаратын көруге болады.
a. Station name
(станция атауы)
b. Program type
(бағдарлама түрі)
c. Radio text
(радио мәтіні)
d. Year/Day
(жыл/күн)
e. Date/Day
(күн/апта күні)
f. Frequency
(жиілік)
FM стерео (авто)/моно режимдері
Егер тыңдап жатқан FM радиостанцияның сигналы
әлсіз болса, быжылдаған дыбыс шығады. Осы
быжылды радионы стерео режимінен моно режиміне
ауыстыру арқылы азайтуға болады.
1. FM диапазонын таңдау керек болса Диапазонды
таңдау түймесін басып жоғарыда көрсетілгендей
қажетті FM станциясын баптаңыз.
2. Мәзірлік баптауды енгізу үшін мәзір/ақпарат
түймесін басып ұстап тұрыңыз.
3. Дисплейде «FM AUTO» (немесе «MONO») жазуы
шыққанша баптау тетікшесін бұраңыз. Егер баптау
автоматты болса, быжылды азайту үшін моно
режиміне ауыстыру үшін баптау тетікшесін басып
бұраңыз. Таңдау жасау үшін баптау тетікшесін
басыңыз.
Алдын ала бапталған AM/FM
режимін қайтару
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз.
106 Қазақ тілінде
Тыңдалып жатқан станция
атауын көрсетеді.
Тыңдалып жатқан Поп,
Классикалық, Жаңалықтар, т.б.
сияқты станция түрін көрсетеді.
Радионың жаңа бұйымдар,
т.б. сияқты мәтіндік
хабарламаларын көрсетеді.
Радиода бапталған күнге
сәйкес жылды және апта күнін
көрсетеді.
Радиода бапталған күнге
сәйкес ағымдағы күнді және
апта күнін көрсетеді.
Тыңдап жатқан станцияның FM
жиілігін көрсетеді.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents