Makita MR002G Instruction Manual page 104

Job site radio
Hide thumbs Also See for MR002G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚУАТ КӨЗІ
ЕСКЕРТУ:
● Батарея қақпағын ашып жапқан кезде саусақты
қысып алмау үшін абай болу керек.
● Батарея бөлігінің бекіткішін батарея
картриджін орнатқаннан кейін немесе шығарып
алғаннан кейін бастапқы күйіне келтіріңіз.
Әйтпесе батарея картриджі радиодан түсіп
қалып, сізге немесе жаныңыздағыларға зақым
келтіруі мүмкін.
● Радионы тасымалдар алдында батарея
бөлігінің бекіткішін үнемі жауып бекіту керек.
● Батарея картриджін орнатар немесе шығарып
алар алдында радионы үнемі өшіру керек.
● Радионы құлатуға немесе ұруға болмайды.
Қабы сынса саусағыңызды қысуы немесе
денеңізге қатты тиюі мүмкін. Зақымдалған
радио өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупін
тудыратын күтпеген әрекеттерге әкелуі мүмкін.
● Батарея картриджін орнатқан немесе шығарған
кезде құрал мен батарея картриджін мықтап
ұстаңыз.
МАҢЫЗДЫ:
● Қуаттылығының азаюы, шуыл, «үзіле беретін
дыбыс» немесе дисплейде батареяның төмен
қуатының көрсетілуі және «POWERFAIL» жазуы
– негізгі батарея блогын ауыстыру керектігінің
белгісі.
● Батарея төмен қуатының индикаторы шығып,
«EMPTY» жазуы жыпылықтаса резервтік
батареяны ауыстыру уақыты келгенін білдіреді.
● Батарея картриджін өніммен бірге жабдықталған
АТ қуат адаптерімен қуаттауға болмайды.
● ●Батарея картриджі бірге жабдықталатын
стандартты керек-жарақ болып саналмайды.
Ысырмалы батарея картриджін
орнату немесе шығару (2-5 сур.)
● Батарея картриджін орнату үшін батарея
картриджіндегі тілшені корпустағы ұясына
сәйкестендіріп, орнына ысыру керек. Оны шырт
еткен дыбыс шыққанша кіргізу қажет.
● Түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор
жанса, ол дұрыс орнатылмағанын білдіреді.
Оны үнемі толықтай, қызыл индикатор сөнгенше
кіргізіп, орнату керек. Әйтпесе ол радиодан түсіп
қалып, сізге немесе жаныңыздағыларға зақым
келтіруі мүмкін.
● Батарея картриджін күштеп орнатуға болмайды.
Егер картридж дұрыс салынбаса, ол еркін
жылжымайды.
● Батарея картриджін шығарып алу үшін
картридждің алдындағы түймені жылжыта отырып,
оны өнімнен сыртқа қарай ысырыңыз.
Батареяның қалған сыйымдылығын
көрсету (6-8 сур.)
1. Индикатор шамдары 2 Тексеру түймесі
Батареяның қалған сыйымдылығын көрсету үшін
батарея картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз.
Индикатор шамы бірнеше секундқа жанады.
Индикатор немесе шамдар
Жанып
тұр
(Тек XGT және LXT
батареяларының картридждері
(Тек XGT және LXT
батареяларының картридждері
ЕСКЕРТУ:
● Пайдалану жағдайына және қоршаған орта
температурасына байланысты индикатор нақты
сыйымдылығынан сәл өзгеше көрсетуі мүмкін.
● Батареяны қорғау жүйесі жұмыс істегенде
бірінші (сол жақтағы шеткі) жарық индикаторы
жыпылықтайды.
Резервтік батареяны орнату (9-сур.)
Резервтік батареяны бастапқы жадта сақталған
деректердің жоғалмауы үшін батарея бөлігінде
сақтау керек.
1. Батарея бөлігін ашу үшін батарея бөлігінің
бекіткішін тартыңыз. Оның ішінде негізгі батарея
бөлігі және резервтік батарея бөлігі бар.
2. Резервтік батарея бөлігінің қақпағын ашып, 2
жаңа UM-3 (AA өлшемді) батареясын салыңыз.
Батареялардың полярлығы бөлік ішінде
көрсетілгенге сәйкес болуы керек. Батарея
қақпағын қайта орнатыңыз.
104 Қазақ тілінде
Өшіп
Жыпылықтап
түр
тұр
үшін)
үшін)
Қалған
сыйымдылық
75% ~ 100%
50% ~ 75%
25% ~ 50%
0% ~ 25%
Батареяны
қуаттау керек
Батареяда
ақау болуы
мүмкін

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents