Makita MR002G Instruction Manual page 102

Job site radio
Hide thumbs Also See for MR002G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
8. Батарея картриджін шегелеуге, кесуге,
сындыруға, лақтыруға, құлатуға немесе қатты
затқа соғуға болмайды. Бұндай жағдайда ол
өртеніп кетуі, қызып кетуі немесе жарылып кетуі
мүмкін.
9. Зақымдалған батареяны пайдалануға болмайды.
10. Қауіпке жол бермеу үшін пайдаланар алдында
батареяны ауыстыру нұсқаулығын оқу қажет.
Батареяның максималды разрядты тогы 8А тең
немесе одан жоғары болуы тиіс.
11. Литий-ионды батареяларға Қауіпті тауарлар
заңнамасы қолданылады. Коммерциялық
көліктер, яғни үшінші тараптар, жөнелтуші
органдар арнайы қаптау және таңбалау
талаптарын орындауы тиіс.
Жөнелтілетін позицияны дайындау үшін қауіпті
материалдар жөніндегі сарапшымен кеңесу
керек. Сонымен қатар егжей-тегжейлі сипатталуы
мүмкін жергілікті талаптарды орындау қажет.
Ашық түйісетін жерлерді орау немесе жауып қою
қажет, батареяны қозғалмайтындай етіп қаптау
керек.
12. Батареяны жою бойынша жергілікті талаптарды
орындаңыз.
13. Батареяларды тек Makita белгілеген өнімдермен
пайдалану керек. Батареяны талаптарға сәйкес
емес өнімдермен пайдалану өртке, қатты қызуға,
жарылысқа немесе электролиттің ағып кетуіне
әкелуі мүмкін.
14. Пайдалану барысында және пайдаланып
болғаннан кейін батарея картриджі қызып кетіп,
нәтижесінде күйіп қалуыңыз немесе төмен
температура жағдайында күйік алуыңыз мүмкін.
Ыстық батарея картридждерін пайдалану
ережелеріне назар аударыңыз.
15. Пайдаланылып болған құрылғы клеммасын
бірден қолданбаңыз, өйткені ол қызып кетіп, күйіп
қалуыңыз мүмкін.
16. Батарея картриджінің клеммаларына,
саңылауларына және ойықтарына жоңқалардың,
шаңның немесе топырақтың кіріп кетуіне жол
бермеңіз. Бұның салдарынан құрылғының
немесе батареяның өнімділігі төмендеуі немесе
сынып қалуы мүмкін.
17. Құрылғыны жоғары вольтті электр қуаты
желілерінің жанында қолдануға болатын
жағдайларды қоспағанда, батарея картриджін
жоғары вольтті электр қуаты желілерінің жанында
қолдануға болмайды. Бұның салдарынан
құрылғы немесе батарея картриджі жұмысқа
жарамсыз болып қалуы немесе бұзылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
● Егер батарея дұрыс емес орнатылған болса
жарылыс қаупі туындайды.
● Батареяны тек дәл сондай немесе оның
баламасымен алмастыру керек.
● Тек Makita түпнұсқалы батареяларын
пайдалану керек. Makita түпнұсқалы емес
батареяларын немесе өзгерістер енгізілген
батареяны пайдалану нәтижесінде өрт,
жарақат және зақым орын алатын батареяның
жарылысына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар
бұл жағдайда Makita құралдарына берілетін
Makita кепілдемесінің жарамдылығы
жойылады.
Батареяның жарамдылық мерзімін
ұзартуға кеңестер
1. Батарея картриджін қуаты толық таусылмай тұрып
қуаттаңыз. Құрал қуаты төмендегенін байқаған
жағдайда құралдың жұмысын тоқтатып, батарея
картриджін қуаттаңыз.
2. Қуаттау үшін батарея картриджінің қуатын
ешқашан толықтай отырғызуға болмайды. Асыра
қуаттау батареяның қызмет көрсету мерзімін
қысқартады.
3. Батарея картриджін бөлме температурасы 10°C
- 40°C (50°F - 104°F) жағдайында қуаттаңыз.
Қуаттамас бұрын батарея картриджінің суығанын
күтіңіз.
4. Батарея картриджін пайдаланбағанда оны
құралдан немесе қуаттау құрылғысынан алып
тастаңыз.
5. Батарея картриджі егер ұзақ (алты айдан көп)
уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны
қуаттап қойыңыз.
102 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents