Makita 9561CH Instruction Manual page 33

Hide thumbs Also See for 9561CH:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Ажарлау және тегістеу
жұмыстары
Бір қолыңызбен құралды корпусынан, ал екінші
қолыңызбен бүйірлік тұтқасынан ӘРДАЙЫМ мықтап
ұстаңыз. Құралды іске қосыңыз да, дөңгелекті
немесе дискіні өңдеу бөлшегіне қолданыңыз.
Негізінде дөңгелектің немесе дискінің шетін өңдеу
бөлшегінің бетіне шамамен 15 градустық бұрышта
ұстаңыз.
Жаңа дөңгелекті қолданысқа енгізу кезінде,
ажарлағышты B бағытында жүргізбеңіз, әйтпесе
ол өңдеу бөлшегін ойып өтуі мүмкін. Дөңгелектің
шеті қолданыс әсерінен дөңгелектенгеннен кейін,
дөңгелек А және В бағыттарында жұмыс істей
алады.
► Сурет16
Сым қақпақшалы қылшақпен/
конустық сым қылшақпен жұмыс
істеу (қосымша керек жарақ)
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қылшақтың алдында немесе онымен
бір сызықтың бойында ешбір адамның
болмауына көз жеткізіп, құралды жүктемесіз
іске қосу арқылы қылшақ жұмысын тексеріңіз.
Зақымдалған немесе тепе-теңдікті жоғалтқан
қылшақтарды пайдаланбаңыз. Зақымдалған
қылшақты пайдалану сынған қылшақ
сымдарымен жанасудан туындайтын жарақат
ықтималдығын арттырады.
► Сурет17: 1. Сым қақпақшалы қылшағы/конустық
сым қылшағы
Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз және оны
шпиндельге оңай қол жеткізу үшін төңкеріп қойыңыз.
Шпиндельдегі барлық керек-жарақтарды алып
тастаңыз. Сым қақпақшалы қылшақтарды/конустық
сым қылшақты шпиндельге бұрап, берілген кілтпен
қатайтыңыз. Қылшақты пайдалану барысында қатты
қысым түсірмеңіз, әйтпесе сымдар шектен тыс
майысып, мерзімінен бұрын сынып қалуы мүмкін.
Ысып кескіш дөңгелекпен/
алмаз дөңгелекпен жұмыс істеу
(қосымша керек жарақ)
► Сурет18: 1. Тоқтатқыш сомын 2. Ысып кескіш
дөңгелек/алмаз дөңгелек 3. Ішкі
фланец 4. Ысып кескіш дөңгелекке/
алмаз дөңгелекке арналған дөңгелек
сақтандырғышы
33 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9561cvh9562ch9562cvh9563c9564c9564cv ... Show all

Table of Contents