Makita 9561CH Instruction Manual page 32

Hide thumbs Also See for 9561CH:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Бекіткіш тетікті типті
сақтандырғыш дөңгелегі бар
құралға арналған
► Сурет7: 1. Дөңгелек сақтандырғышы
2. Мойынтірек қорабы 3. Бұранда
4. Тетік
► Сурет8: 1. Бұранда
Бұранданы босатқаннан кейін, тетікті көрсеткі
бағытында тартыңыз. Дөңгелек сақтандырғышы
жолағындағы дөңес жерді мойынтірек қорабындағы
ойықпен туралап, дөңгелек сақтандырғышын
орнатыңыз. Содан кейін дөңгелек сақтандырғышын
180°-та айналдырыңыз. Жұмыс мақсаты үшін тетікті
көрсеткі бағытында тартқаннан кейін бұрандамен
бекітіңіз. Дөңгелек сақтандырғышының орнату
бұрышын тетік арқылы реттеуге болады.
Дөңгелек сақтандырғышын алып тастау үшін орнату
процедурасын керісінше орындаңыз.
Ортасы ойық ажарлау дөңгелегін/
көпфункциялы дискіні орнату
немесе алып тастау (қосымша
керек-жарақ)
► Сурет9: 1. Тоқтатқыш сомын 2. Ортасы ойық
ажарлағыш дөңгелек/көпфункциялы
диск 3. Ішкі фланец
Ішкі фланецті шпиндельге орнатыңыз. Дөңгелекті/
дискіні ішкі фланецке орнатып, тоқтатқыш сомынды
шпиндельге бұрап бекітіңіз.
Тоқтатқыш сомынды бекіту үшін шпиндель айнала
алмайтындай білік құлпын мықтап басыңыз, содан
кейін тоқтатқыш сомын кілтін қолданып, сағат
тілімен бұрап бекітіңіз.
► Сурет10: 1. Тоқтатқыш сомын кілті 2. Білік құлпы
Дөңгелекті алып тастау үшін орнату процедурасын
керісінше орындаңыз.
Ысқыш дискіні орнату немесе алу
(қосымша керек-жарақ)
ЕСКЕРТПЕ:
Осы нұсқаулықта көрсетілген тегістегіш
керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Оларды
бөлек сатып алу қажет.
► Сурет11: 1. Тоқтатқыш сомын 2. Ысқыш диск
3. Резеңке тығыздағыш
Резеңке тығыздағышты шпиндельге бекітіңіз.
Дискіні резеңке тығыздағышқа орнатып,
тоқтатқыш сомынды шпиндельге бұрап бекітіңіз.
Тоқтатқыш сомынды бекіту үшін шпиндель айнала
алмайтындай білік құлпын мықтап басыңыз, содан
кейін тоқтатқыш сомын кілтін қолданып, сағат
тілімен бұрап бекітіңіз.
Дискіні алып тастау үшін орнату процедурасын
керісінше орындаңыз.
Шаңнан қорғайтын қондырманы
(қосымша керек-жарақ) орнату
немесе алу
ЕСКЕРТУ:
Шаңнан қорғайтын қондырманы орнату
немесе алып тастау алдында құралдың
өшірілгеніне және қуаттан ажыратылғанына
көз жеткізіңіз. Әйтпесе бұл құралдың
зақымдануы мен дене жарақатын алуға
себеп болады.
Шаңнан қорғайтын қондырманың үш түрі бар және
олардың әрқайсысы әр түрлі күйде қолданылады.
► Сурет12: 1. A белгісі
► Сурет13: 1. B белгісі
► Сурет14: 1. C белгісі
Шаңнан қорғайтын қондырманы оның (A,B немесе C)
белгісі бар бүйірі құралдың басына қарайтындай етіп
орналастырыңыз. Шаңнан қорғайтын қондырманың
істіктерін желдеткішке бекітіңіз.
► Сурет15: 1. Істік 2. Желдеткіш
Шаңнан қорғайтын қондырманы қолмен алып
тастауға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Шаңмен немесе басқа бөлшектермен бітеліп
қалған болса, шаңнан қорғайтын қондырманы
тазалаңыз. Бітеліп қалған шаңнан қорғайтын
қондырмамен жұмыс істеуді жалғастыру
құралға зақым келтіруі мүмкін.
ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ:
Құралға күш салудың қажеті жоқ. Құралдың
салмағы жеткілікті қысым түсіреді. Күш
түсіріп, шамадан тыс қысым қолдану қауіп
төндіретін дөңгелек сынуына әкелуі мүмкін.
Егер ажарлау кезінде құрал құлап кетсе,
дөңгелекті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ауыстырыңыз.
Ажарлағыш дискіні немесе дөңгелекті
өңделетін аймаққа ЕШҚАШАН соқпаңыз не
қақпаңыз.
Дөңгелектің серпілуіне не ілінуіне жол
бермеңіз, әсіресе бұрыштармен, өткір
жиектермен және т.б. беттермен жұмыс істеген
кезде мұқият болыңыз. Бұл құралды игере
алмай қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
Құралды ағаш кескіш жүздермен және басқа
жүздермен ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз.
Ажарлағыш машинада осындай жүздерді
қолданған кезде жиі соққы береді, құралға ие
бола алмай қалсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысты аяқтағаннан кейін, үнемі
құралды өшіріп, оны төменге қоймас бұрын
дөңгелегінің толықтай тоқтағанын күтіңіз.
32 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9561cvh9562ch9562cvh9563c9564c9564cv ... Show all

Table of Contents