Makita 9561CH Instruction Manual page 30

Hide thumbs Also See for 9561CH:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Қауіпсіздік бойынша қосымша ескертулер:
17. Ортасы ойық ажарлау дөңгелектерін
пайдаланған кезде, тек шыны талшықпен
армирленген дөңгелектерді пайдаланыңыз.
18. Бұл ажарлағышпен тас қақпақшалы
дөңгелектерді ЕШҚАШАН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл ажарлағыш машина осы дөңгелек түрлеріне
арналмаған және мұндай өнімді пайдалану ауыр
жарақатқа әкелуі мүмкін.
19. Шпиндельді, фланецті (әсіресе
орнатылатын бетті) немесе тоқтатқыш
сомынды зақымдап алмас үшін абайлаңыз.
Бұл бөлшектердің зақымдалуы дөңгелектің
бұзылуына әкелуі мүмкін.
20. Ауыстырып-қосқышты іске қоспас
бұрын, дөңгелектің өңдеу бөлшегіне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
21. Құралды нақты өңдеу бөлшегіне қолданбас
бұрын, біраз уақыт іске қосылуына мүмкіндік
беріңіз. Дөңгелектің бос орнатылған немесе
дұрыс теңестірілмегенін білдіретін дірілін
немесе шайқалуын қадағалаңыз.
22. Ажарлау үшін арнайы дөңгелек бетін
пайдаланыңыз.
23. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
24. Өңдеу бөлшегін пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды. Ол өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
25. Дөңгелектерді дұрыс орнату және пайдалану
үшін өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Дөңгелектерді абайлап ұстаңыз және сақтаңыз.
26. Ірі ысқыш дөңгелектерді бейімдеу үшін
бөлек өтпелі төлкелер не адаптерлерді
пайдаланбаңыз.
27. Осы құралға арналған фланецтерді ғана
пайдаланыңыз.
28. Ойылған саңылаулы дөңгелекпен жабдықталған
құралдар бойынша, шпиндель ұзындығы сәйкес
келуі үшін дөңгелектегі ойықтың ұзындығы
жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
29. Өңдеу бөлшегінің дұрыс бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
30. Құралды өшіргеннен кейін, дөңгелектің әрі
қарай айналатынына назар аударыңыз.
31. Егер жұмыс орны өте ыстық және ылғалды
болса немесе ток өткізгіш шаңмен тым қатты
ластанған болса, оператор қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін қысқа тұйықталуды
ажыратқышты (30 мА) пайдаланыңыз.
32. Құралды құрамында асбест бар
материалдарға қолданбаңыз.
33. Кескіш дөңгелекті пайдаланған кезде,
әрқашан жергілікті заңнамаға сәйкес шаңды
жоюға арналған келте құбырлы қорғағыш
қаптаманы қолдана отырып, жұмыс істеңіз.
34. Кесу дискілеріне бүйірлік қысым түсірілмеуі тиіс.
35. Жұмыс кезінде матадан жасалған қолғапты
пайдаланбаңыз. Қолғап матасының талшықтары
құралға түсіп, оның бұзылуына себеп болады.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден
пайдаланып үйренген (қайта пайдалану
нәтижесінде) болсаңыз да, осы өнімді
қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы
ережелерін қатаң түрде САҚТАУ ҚАЖЕТ.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе
орындамау ауыр жарақаттарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемес және
тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және ажыратылғандығына көз
жеткізіңіз.
Білік құлпы
► Сурет1: 1. Білік құлпы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шпиндель қозғалып тұрғанда, білік құлпын
іске қосуға болмайды. Құралға зақым келуі
мүмкін.
Керек-жарақтарды орнату немесе алу кезінде
шпиндель айналмас үшін білік құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
► Сурет2: 1. Ысырма ауыстырып-қосқышы
Құлыптау ауыстырып-қосқышы
бар құралдар үшін
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды желіге қоспас бұрын, ысырма
ауыстырып-қосқышы дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына және ысырма ауыстырып-
қосқышының артқы жағы басылған кезде
"ӨШІРУЛІ" күйіне оралатынына көз жеткізіңіз.
Құралды іске қосу үшін сырғыту қосқышын
"I (ҚОСУЛЫ)" күйіне сырғытыңыз. Жұмысты
жалғастыру мақсатында ысырма ауыстырып-
қосқышының алдыңғы жағын құлыптау үшін
басыңыз.
Құралды тоқтату үшін ысырма ауыстырып-
қосқышының артқы жағын басыңыз, сосын "O
(ӨШІРУЛІ)" күйіне қарай жылжытыңыз.
30 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9561cvh9562ch9562cvh9563c9564c9564cv ... Show all

Table of Contents