Makita 9561CH Instruction Manual page 27

Hide thumbs Also See for 9561CH:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

8.
Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда,
сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты
қолданыңыз. Сыртта қолдануға жарамды
шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
9.
Егер электрлік құралды ылғалды жерде
пайдалану керек болса, қорғаныстық
ажырату құрылғысын (RCD) пайдаланыңыз.
Қорғаныстық ажырату құрылғысын пайдалану
ток соғу қаупін азайтады.
10. Электр қуатын әрдайым 30 мА немесе одан
кем номиналды дифференциалды тогы бар
қорғаныстық ажырату құрылғысы (RCD)
арқылы пайдаланған жөн.
Жеке қауіпсіздік
11.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық
танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда
немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-
дәрмектің әсерінде болған кезде электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Электрлік құралды
пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
12. Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін
тағыңыз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын қорғаныс аяқ киімі, каска
немесе құлаққап сияқты қорғаныс жабдықтарын
тиісті жағдайларда қолдану жарақаттану қаупін
азайтады.
13. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне және/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
14. Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
15. Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
16. Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
және әшекей тақпаңыз. Шаш, киім және
қолғабыңызды қозғалмалы бөлшектерден
алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе
ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы
мүмкін.
17. Шаң тұту және жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың
қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып
жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау
құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты
қауіпті азайтуы мүмкін.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
18. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
19. Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
20. Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз
және/немесе аккумулятор блогы бар болса,
оны шығарып алыңыз. Осындай алдын алу
шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
21. Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
22. Электр құралдарына техникалық қызмет
көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің
ауытқуы және оралуы, зақымдалған
бөлшектер және электрлік құралдың
жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.
23. Кесу құралдары өткір және таза болуы керек. Кескіш
жиектері өткір кесу құралдарын дұрыс пайдалансаңыз,
олар тұрып қалмайды және басқаруға оңай.
24. Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Қызмет көрсету
25. Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп
алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдалануы керек. Бұл электрлік құралдың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
26. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
27. Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және
майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.
АЖАРЛАҒЫШ МАШИНА
ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
Ажарлау, тегістеу, сым қылшақпен тазалау
немесе ысып кесу жұмыстарына арналған
жалпы қауіпсіздік ескертулері:
1.
Бұл электр құралы ажарлағыш, тегістегіш,
сым қылшақпен тазалағыш немесе кескіш
құрал ретінде жұмыс істеуге арналған. Осы
электрлік құралмен бірге берілген қауіпсіздік
ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді
және техникалық сипаттамаларды оқып
шығыңыз. Төменде берілген барлық нұсқауды
орындамаған жағдайда, электр тогының соғуы,
өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
27 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9561cvh9562ch9562cvh9563c9564c9564cv ... Show all

Table of Contents