Makita 9561CH Instruction Manual page 28

Hide thumbs Also See for 9561CH:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

2.
Бұл электр құралымен жылтырату сияқты
жұмыстарды орындамаған жөн. Электр
құралын жобаланбаған жұмыстар үшін
пайдалану қауіп төндіріп, жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
3.
Құралды өндіруші тарапынан арнайы
жасалмаған және ұсынылмаған керек-
жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ
электрлік құралға бекітілсе де, онымен жұмыс
істеу қауіпті.
4.
Керек-жарақтың номиналды жылдамдығы
кемінде электр құралында белгіленген
максималды жылдамдыққа тең болуы
керек. Белгіленген жылдамдықтан жоғары
жылдамдықпен жұмыс істейтін керек жарақтар
бұзылып, ұшып кетуі мүмкін.
5.
Керек-жарақтың сыртқы диаметрі
және қалыңдығы электр құралының
сыйымдылық шегінде болуы тиіс. Өлшемі
дұрыс емес керек-жарақтарды дұрыс қорғау
немесе басқару мүмкін емес.
6.
Керек-жарақтардың бұрандалы бекітпесі
ажарлағыштың шпиндель ойығына
сәйкес келуі тиіс. Фланецтер арқылы
орнатылған керек-жарақтар үшін, керек-
жарақтардың білік саңылауы фланецтің
негізгі диаметріне сәйкес келуі керек.
Электр құралының бекіту құралдарына сәйкес
келмейтін керек-жарақтар тепе-теңдіктен
шығып, шектен тыс діріл тудырады және
құралды басқара алмауға әкелуі мүмкін.
Зақымдалған керек-жарақты
7.
пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдында
ысқыш дөңгелектер сияқты керек-жарақта
кетіктер және сызаттардың бар-жоғын,
диск табанында сызаттар, жыртылған
немесе қатты тозған жерлердің, сым
қылшақта босап кеткен жерлер немесе
сынған сымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
Электр құралы немесе керек-жарақ жерге
құласа, зақымдалғанын тексеріңіз немесе
зақымдалмаған керек-жарақты орнатыңыз.
Керек-жарақты тексеріп, орнатқаннан кейін,
айналмалы керек-жарақ аймағынан өзіңіз
және айналадағы адамдар алшақ тұруы
қажет, одан кейін электр құралын жүктемесіз
максималды жылдамдықта бір минутқа
іске қосыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар,
әдетте, осы сынақ уақыты ішінде сынады.
8.
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Жұмыс
түріне қарай бет қалқанын, қорғаныс
көзілдірігін немесе қауіпсіздік көзілдірігін
пайдаланыңыз. Қажет болса, ұсақ ысқыш
немесе өңдеу бөлшегінің бөліктерінен
қорғауға қабілетті шаңнан қорғайтын
маска, құлаққаптарды, қолғаптарды
және алжапқышты тағыңыз. Қорғаныс
көзілдірігі әр түрлі жұмыстардың нәтижесінде
пайда болатын ұшатын сынықтардан қорғай
алатындай болуы керек. Шаңнан қорғайтын
маска немесе респиратор жұмыс барысында
шыққан бөлшектерді сүзе алатын болуы керек.
Қарқындылығы жоғары шудың ұзақ әсері есту
қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
9.
Айналадағы адамдардың жұмыс аймағынан
қауіпсіз қашықтықта тұруын қадағалаңыз.
Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам
жеке қорғаныс жабдығын киюі қажет. Өңдеу
бөлшегінің немесе сынған керек-жарақтың
бөлшектері ұшып кетіп, жұмыс аймағынан тыс
жерде жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
10. Жұмыс істеп жатқанда, кесуге арналған
керек-жарақ жасырын сымға немесе
өз сымына тиіп кетуі мүмкін болса,
электр құралын тек оқшауланған арнайы
қысқыштармен ұстаңыз. Кесу құралы
кернеулі сымға тиіп кетсе, электрлік құралдың
ашық металл бөлшектерінде кернеу пайда
болады, нәтижесінде операторды ток соғуы
мүмкін.
11.
Сымды айналмалы керек-жарақтардан
қашық жерге қойыңыз. Басқа нәрсеге
алаңдаған жағдайда, сым үзіліп кетіп немесе
ілініп қалып, қолыңызды айналмалы керек-
жарақ ішіне тартып әкетуі мүмкін.
12. Электрлік құралды керек-жарағы толық
тоқтағанша жерге қоймаңыз. Айналмалы
керек-жарақ бетке ілінісіп, құралға ие бола
алмай қалуыңыз мүмкін.
13. Электрлік құралды жаныңызда ұстап
тұрғанда іске қоспаңыз. Айналып тұрған
керек-жараққа кездейсоқ тиіп кеткенде,
киіміңізді іліп, керек-жарақты денеңізге тартуы
мүмкін.
14. Электр құралының ауа желдеткіштерін
үнемі тазалап тұрыңыз. Қозғалтқыш
желдеткіші корпус ішіне шаң жинайды
және ұнтақталған металдың шамадан тыс
жиналуы электр қуатымен байланысты оқыс
оқиғалардың орын алуына әкелуі мүмкін.
15. Электрлік құралды тұтанатын материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды тұтандыруы мүмкін.
16. Салқындатқыш сұйықтықтарды қажет ететін
керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Суды
немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды
пайдалансаңыз, ток соғуы мүмкін.
Кері соққы және оған қатысты ескертулер
Кері соққы - қысылып немесе ілініп қалған
айналмалы дөңгелек, диск табаны, қылшақ немесе
кез келген басқа керек-жарақтың кенеттен пайда
болатын реакциясы. Қысу немесе іліну айналып
тұрған керек-жарақтың жылдам құлауына әкеледі,
ал бұл бақылаусыз тұрған электр құралының керек-
жарақ бұрылысына қарсы бағытта айналуына
әкеледі.
Мысалы, ысқыш дөңгелек өңдеу бөлшегіне ілінсе
немесе қысылып қалса, қысылатын орынға кіретін
дөңгелектің шеті материалдың беткі жағына кіріп,
дөңгелектің шығып кетуіне немесе сынуына әкелуі
мүмкін. Қысу нүктесінде дөңгелек қозғалысының
бағытына байланысты дөңгелек операторға қарай
немесе керісінше ұшып кетуі мүмкін. Сондай-ақ
мұндай жағдайда ысқыш дөңгелектер сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбау және/
немесе қате жұмыс процедураларының нәтижесінде
пайда болады және төмендегі сақтық шараларын
пайдалану арқылы оның алдын алуға болады.
28 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

9561cvh9562ch9562cvh9563c9564c9564cv ... Show all

Table of Contents