Makita DMR116 Instruction Manual page 69

Job site radio
Hide thumbs Also See for DMR116:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жұмсақ иілген қадауышты антеннаны
орнату (2 & 6 сур.)
Жұмсақ иілген қадауышты антеннаны суретте
көрсетілгендей орнатыңыз.
Ескерту:
Батарея бөлімінде шешілген антеннаны сақтауға
арналған қорап бар.
Өніммен бірге берілген АТ қуат
адаптерін пайдалану (7 сур.)
Резеңке қорғағышты шешіп алып, адаптер ашасын
радионың алдыңғы жағындағы тұрақты ток
розеткасына салыңыз.
Адаптерді стандартты желілік розеткаға қосыңыз.
Адаптерді пайдаланған кезде батарея блогы
автоматты түрде ажырайды.
Пайдаланылмайтын айнымалы ток адаптерін негізгі
қуат көзінен ажырату керек.
Ескерту:
Радиодағы AM жиілігінде адаптердің салдарынан
қандай да бір кедергілер туындаса, радионы
айнымалы ток адаптерінен 30см алшақтау ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Уақытты орнату
1. Уақытты радио қосылып немесе өшіп тұрған кезде
орнатуға болады.
2. Қосалқы батареялар орнатылғанда, дисплейде "-: - -"
жазуы пайда болады.
3. Уақытты орнату түймесін
басып тұрыңыз, дисплейде уақытты орнату белгісі
мен сағат саны жыпылықтап, артынша дыбыс
сигналы беріледі.
4. Баптау/дыбыс деңгейін басқару тетігін бұрап,
қажетті уақытты орнатыңыз.
5. Уақытты орнатуды растау үшін
басыңыз, минут саны жыпылықтайды.
6. Қажетті минутты орнату үшін Баптау/дыбыс деңгейін
басқару тетігін тұраңыз.
7. Уақытты орнатуды аяқтау үшін
басыңыз.
Радионы пайдалану
Бұл радионы үш түрлі әдіспен баптауға болады –
іздеуді баптау, қолмен баптау және жадтағы алдын ала
орнатуларды қалпына келтіру.
Іздеуді баптау
1. Радионы қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.
2. Диапазон түймесін басып, қажетті жиіліктер
жолағын таңдаңыз. Резеңке иілген қадауышты
антеннаның FM диапазоны жақсырақ қабылдануы
2 секундтан ұзақ
түймесін
түймесін қайта
69 Қазақ тілінде
үшін тиісінше орнатылғанына көз жеткізіңіз.
AM (MW) диапазонында жақсы сигнал алу үшін
радионы бұраңыз. Радионы компьютер экранының
жанында және радиоға кедергі келтіретін басқа
жабдықтардың жанында пайдалануға болмайды.
3. Іздеу түймесін басып қалыңыз (Іздеу түймесін 2
секундтан ұзақ басып тұрған кезде уақытты орнау
функциясы қосылады), сұйық кристалды дисплейде
Іздеу белгісі жыпылықтайды, радио іздеуді бастап,
радиостанцияны тапқан кезде автоматты түрде
тоқтайды. Табылған станцияны ұстау үшін Іздеу
түймесін қайта басыңыз.
Ескерту:
Табылған станция стерео станция болса, дисплейде
стерео белгісі пайда болады.
Ескерту:
Егер сіз радиостанция табылған кезде қайтадан
Іздеу түймесін баспасаңыз, радио келесі қолжетімді
станцияларды іздей береді.
4. Қажетті дыбыс деңгейін орнату үшін Баптау/дыбыс
деңгейін басқару тетігін бұраңыз. Сұйық кристалды
дисплейде дыбыс деңгейінің өзгергені көрсетіледі.
Ескерту:
Дыбыс деңгейін реттегішті пайдаланған кезде
сіз Баптау/дыбыс деңгейін басқару тетігін басып,
дыбыс деңгейін реттегішті баптауды басқару күйіне
ауыстыра аласыз.
5. Радионы өшіру үшін Қосу түймесін басыңыз.
Дисплейде OFF (ӨШІР.) жазуы пайда болады.
Қолмен баптау
1. Радионы қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.
2. Диапазон түймесін басып, қажетті жиіліктер жолағын
таңдаңыз. Антеннаны жоғарыда көрсетілгендей
реттеңіз.
3. Баптау/дыбыс деңгейін басқару тетігін бір рет
бұрағанда, жиілік келесі қадаммен өзгереді:
FM: 0.05МГц AM: 9кГц
Ескерту:
Егер радио дыбыс деңгейін басқару күйінде тұрса,
Баптау/дыбыс деңгейін басқару тетігін басып,
Баптау күйін орнатыңыз.
4. Баптау/дыбыс деңгейін басқару тетігін дисплейде
қажетті диапазон көрсетілгенше бұраңыз.
5. Қажетті дыбыс деңгейін орнату үшін Баптау/дыбыс
деңгейін басқару тетігін бұраңыз.
6. Радионы өшіру үшін Қосу түймесін басыңыз.
Дисплейде OFF (ӨШІР.) жазуы көрсетіледі.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents