Makita DMR116 Instruction Manual page 68

Job site radio
Hide thumbs Also See for DMR116:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТУ:
● Жоғарыда берілген батареяның жұмыс істеу
уақытына қатысты кесте тек анықтамалық мақсатта
берілген. Нақты жұмыс істеу уақыты батареяның
түріне, қуаттау жағдайына немесе пайдалану
ортасына байланысты өзгеруі мүмкін.
● Жоғарыда көрсетілген кейбір батарея картридждері
тұрғылықты жеріңізге қарай қолжетімді болмауы
мүмкін.
ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚУАТ КӨЗІ
Ескерту:
Батарея бөлімінің ішіндегі қосалқы батареялар алдын
ала орнатылған жадтарда сақталған деректерді
жоғалып кетуден сақтайды.
Қосалқы батареяны орнату (2 сур.)
1. Батарея бөлімін босату үшін батарея бөлімінің
жәшігін тартып шығарыңыз. Негізгі батарея бөлімі
мен қосалқы батарея бөлімі болады.
2. Қосалқы батарея бөлімінің қақпағын алып тастап,
2 жаңа UM-3 (AA-өлшемді) батареясын салыңыз.
Батареялардың бөлім ішінде көрсетілгендей дұрыс
полярлықпен салынғанына көз жеткізіңіз. Батарея
қақпағын ауыстырыңыз.
3. Қосалқы батареяларды орнатқаннан кейін радионы
қуаттау үшін негізгі батарея блогын орнатыңыз.
Радиоға сәйкес келетін батарея блогының тізімі
төмендегі кестеде берілген.
Келесі кестелерде батарея бір рет зарядталған кездегі
жұмыс уақыты көрсетілген.
Ысырмалы батарея картриджін
орнату немесе шығару (3 & 4 сур.)
● Батарея картриджін орнатпас немесе шешіп алмас
бұрын құралды әрқашан өшіріңіз.
● Батарея картриджін орнатқан немесе шығарған
кезде құрал мен батарея картриджін мықтап
ұстаңыз.
● Батарея картриджін орнату үшін батарея
картриджіндегі тілшені корпустағы ұясына
сәйкестендіріп, орнына ысыру керек. Оны шырт
еткен дыбыс шыққанша кіргізу қажет.
● Түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор жанса,
ол дұрыс орнатылмағанын білдіреді. Оны үнемі
толықтай, қызыл индикатор сөнгенше кіргізіп, орнату
керек. Әйтпесе ол радиодан түсіп қалып, сізге
немесе жаныңыздағыларға зақым келтіруі мүмкін.
● Батарея картриджін күштеп орнатуға болмайды.
Егер картридж дұрыс салынбаса, ол еркін
жылжымайды.
● Батарея картриджін шешіп алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғыта немесе
картридждің екі жағындағы түймелерді баса отырып,
оны құралдан шешіп алыңыз.
Батарея бөлімінің жәшігін бастапқы орнына
қайтарыңыз.
Қуаттың төмендеуі, деформация және «үзік-үзік
дыбыс» немесе дисплейде пайда болатын батарея
зарядының төмен екенін білдіретін белгі
осылардың барлығы негізгі батарея бөлімін ауыстыру
керектігін білдіретін белгілер.
Ескерту:
Батарея блогын жинақтағы айнымалы ток адаптерін
пайдаланып зарядтауға болмайды.
Батарея зарядының төмен екенін білдіретін белгінің
пайда болуы және " E" жазуының жыпылықтап
тұруы қосалқы батареяларды ауыстырудың уақыты
келгенін білдіреді.
Батареяның қалған сыйымдылығын
көрсету (5 сур.)
1. Индикатор шамдары
Модель нөмірінің соңында "B" белгісі бар батарея
картридждері үшін ғана
Батареяның қалған сыйымдылығын көрсету үшін
батарея картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз.
Индикатор шамы бірнеше секундқа жанады.
Индикатор немесе шамдар
Жанып
тұр
015658
ЕСКЕРТУ:
● Пайдалану жағдайына және қоршаған орта
температурасына байланысты индикатор нақты
сыйымдылығынан сәл өзгеше көрсетуі мүмкін.
● Батареяны қорғау жүйесі іске қосылғанда, бірінші
(сол жақтағы шеткі) бықылау шамы жапылықтайды.
68 Қазақ тілінде
2 Тексеру түймесі
Өшіп түр
Жыпылықтап
тұр
-
Қалған
сыйымдылық
75% ~ 100%
50% ~ 75%
25% ~ 50%
0% ~ 25%
Батареяны
қуаттау керек
Батареяда
ақау болуы
мүмкін

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents