Техникалық Қызмет Көрсету - Makita M1902 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for M1902:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Сүргілеу (қапсылау)
► Сурет12
Суретте көрсетілгендей сатылы кесу үшін, жиек
қоршауын (бағыттауыш сызғыш) пайдаланыңыз.
Өңдеу бөлшегіне кесу сызығын салыңыз. Құралдың
алдыңғы жағындағы тесікке жиек қоршауын
салыңыз. Жүз жиегін кесу сызығымен туралау.
► Сурет13: 1. Жүз жиегі 2. Кесу сызығы
Өңдеу бөлшегінің бүйіріне жанасқанша жиек
қоршауын реттеңіз, содан кейін бұрандамен
қатайтып бекітіңіз.
► Сурет14: 1. Бұранда 2. Жиек қоршауы
Жону барысында құралды жиек қоршауымен өңдеу
бөлшегінің бүйір жағымен тегіс жылжытыңыз.
Әйтпесе, жону біркелкі болмауы мүмкін.
► Сурет15
Сүргілеудің (қапсылау) максималды тереңдігі 9 мм
(11/32").
Ағаштың қосымша бөлігін бекіту арқылы қоршау
ұзындығын арттыру қажет болуы мүмкін. Осы
мақсаттарға арналған, сондай-ақ ұзартқыш
бағыттауышты бекіту үшін қоршауда ыңғайлы
тесіктер берілген (қосымша керек-жарақ).
► Сурет16
ЕСКЕРТПЕ: Бағыттауыш сызғыштың пішіні елге
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір елдерде
бағыттауыш сызғыш стандартты керек-жарақ
ретінде берілмеген.
Жиектеу
► Сурет17
► Сурет18
Суретте көрсетілгендей жиектеу үшін, "V" тәрізді
ойықты алдыңғы табанда өңдеу бөлшегінің жиегімен
туралап жоңғылаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
жүргізбес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және токтан ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуы мүмкін.
Тексеру немесе
Жанармайды, бензинді,
Жонғы жүздерін өткірлеу
Тек қалыпты жонғы жүздері үшін
Жұмыстың мүмкіндігінше тиімді атқарылуы үшін
жонғы жүздерін әрдайым өткір күйде ұстаңыз.
Кертіктерін алып, өткір жүз шығару үшін қайрақ
ұстағышты (қосымша керек-жарақ) пайдаланыңыз.
► Сурет19: 1. Қайрақ ұстағыш
Бірінші, ұстағыштағы екі құлақты бұранданы
босатып, (A) және (B) жонғы жүздерін (C) және (D)
жақтарымен байланысатындай етіп салыңыз. Содан
кейін құлақты бұранданы бекітіңіз.
► Сурет20: 1. Құлақты бұранда 2. (A) Жонғы жүзі
3. (B) Жонғы жүзі 4. (D) Жағы 5. (С)
Жағы
Қайрамас бұрын, тегістейтін тасты суға 2 немесе
3 минуттай салып қойыңыз. Бір уақытта бірдей
бұрышта қайралу үшін екі жүз де тегістейтін тасқа
тиетіндей етіп ұстағышты ұстаңыз.
► Сурет21
Графитті қылшақты ауыстыру
► Сурет22: 1. Шектеу белгісі
Графитті қылшақтарды жүйелі түрде алып, тексеріп
тұрыңыз. Оларды шектеу белгісіне түскен кезде
ауыстырыңыз. Графитті қылшақтарды таза және
ұстағыштарда сырғыту үшін бос ұстаңыз. Екі
графитті қылшақты бір уақытта ауыстыру қажет. Тек
бірдей графитті қылшақтарды пайдаланыңыз.
Жоңқа қақпағы және форсунканы шешу үшін бұрама
шегені бұрағышты пайдаланыңыз.
► Сурет23: 1. Жоңқа қақпағы және форсунка
2. Бұрама шегені бұрағыш
Қылшақұстағыш қалпақшаны шешу үшін бұрама
шегені бұрағышты пайдаланыңыз.
Тозған графитті қылшақтарды алып, жаңаларын
салыңыз және қылшақұстағыш қалпақшаны бекітіңіз.
► Сурет24: 1. Қылшақұстағыш қалпақшасы
2. Бұрама шегені бұрағыш
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану
арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе
зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан
орындалуы керек.
25 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents