Makita M1902 Instruction Manual page 21

Hide thumbs Also See for M1902:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

5.
Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
6.
Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
және әшекей тақпаңыз. Шашыңызды және
киіміңізді қозғалмалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын шаш
қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
7.
Шаң тұту және жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың қосулы
екендігіне және дұрыс қолданылып жатқанына
көз жеткізіңіз. Шаң жинау құрылғысын пайдалану
шаңмен байланысты қауіпті азайтуы мүмкін.
8.
Құралды жиі пайдалану нәтижесінде
босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз
қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте
ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде
көзіңізді жарақаттап алмау үшін міндетті түрде
қорғаныс көзілдірігін тағыңыз. Қорғаныс
көзілдіріктері АҚШ-та ANSI Z87.1, Еуропада EN
166 немесе Австралияда/Жаңа Зеландияда AS/
NZS 1336 қауіпсіздік стандарттарымен сәйкес
келуі керек. Австралияда/Жаңа Зеландияда
бетіңізді қорғау үшін қорғаныс маскасын кию
заң негізінде талап етіледі.
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың
тиісті қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс
берушінің жауапкершілігінде.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
1.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
2.
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп көндіреді және оны жөндеу керек.
3.
Кез келген реттеулер жасамас бұрын,
керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын
немесе электрлік құралдарды ұзақ уақытқа
сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен
ажыратыңыз және/немесе аккумулятор
блогы бар болса, оны шығарып алыңыз.
Осындай алдын алу шаралары электрлік
құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін
азайтады.
4.
Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
5.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы және оралуы,
зақымдалған бөлшектер және электрлік
құралдың жұмысына кері әсер ететін
басқа жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз.
Зақымы болса, электрлік құралды жөндеген
соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен
болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және сол себепті оларды басқару да оңайырақ
етеді.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза және майлы
болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және
қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген
жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және
оған ие болу мүмкін болмайды.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
9.
ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған
қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге
ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
2.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Жонғы қауіпсіздігі бойынша
ескертулер
1.
Құралды орнатпас бұрын дискілі алмас
араның тоқтауын күтіңіз. Ашық айналып
тұрған дискілі алмас ара басқаруды жоғалту
мен ауыр жарақат алуға әкелетін беттермен
жанасуы мүмкін.
2.
Электрлік құралды оқшауланған арнайы
қысқыштармен ұстаңыз, себебі дискілі
алмас ара өз сымына тиіп кетуі мүмкін.
Кернеулі сымды кесу нәтижесінде электрлік
құралдың ашық металл бөлшектерінде кернеу
пайда болады және операторды ток соғуы
мүмкін.
21 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents