Makita DMR203 Instruction Manual page 77

Cordless job site speaker
Hide thumbs Also See for DMR203:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
«Pairing» (Жұптастырылып жатыр) жазуы
көрсетіледі.
2. Құрылғының пайдалану нұсқаулығына сәйкес
динамикке қосылу үшін құрылғыңызда Bluetooth
қосыңыз. Bluetooth құрылғысының тізімін ашып
«DMR203» атты құрылғыны таңдаңыз (Bluetooth
BT2.1 нұсқасынан бұрынғы мобильді құрылғыларда
«0000» құпия кодын енгізу қажет).
3. Жалғанғанда, растау дыбысы беріледі. Дисплейде
«Paired» (Жұптастырылды) жазуы көрсетіледі.
Бастапқы құрылғыдан кез келген музыканы таңдауға
және ойнатуға болады. Дыбыс деңгейін бастапқы
құрылғыдан немесе тікелей динамиктен реттеуге
болады.
4. Ойналған тректерді қосу/тоқтау және іздеуді
Bluetooth қосылған құрылғыдан немесе динамиктен
басқаруға болады.
Ескерту:
● Егер 2 Bluetooth құрылғысы алғаш рет сәйкестіріліп,
екеуі де динамикті іздесе, екеуінде де динамикке
қосу мүмкіндігі көрінеді. Алайда егер бір құрылғы
динамикпен бірінші болып қосылса, басқа Bluetooth
құрылғысы оны таба алмайды.
● Егер Bluetooth құрылғыңыз уақытша динамиктен
ажыраса, оның қайтадан қолмен қосу керек.
● Егер Bluetooth құрылғыңызда «DMR203» көрініп,
құрылғыңыз оған қосыла алмаса, динамикті тізімнен
жойып, жоғарыда берілген нұсқау бойынша қайта
сәйкестіріңіз.
● Bluetooth таратудың оңтайлы қашықтығы динамиктен
шамамен 10 метр (30 фут) (ашық жерде), бірақ 30
метр (100 фут) қашықтыққа да жетуі мүмкін.
● Егер Bluetooth байланысы оңтайлы қашықтықтан
алыс кету, кедергілер, т.б. себептермен ажырау
уақыты асқандықтан жоғалып кетсе, құрылғыны
динамикке қайта қосу қажет болуы мүмкін.
● Заттай кедергілер, басқа сымсыз құралдар немесе
электромагнитті құрылғылар да байланыс сапасына
әсер етуі мүмкін.
● Bluetooth байланысу көрсеткіші қосылған Bluetooth
құрылғысына қатысты әртүрлі болуы мүмкін.
Динамикке қосылмас бұрын құрылғыңыздың
Bluetooth мүмкіндіктерін қараңыз. Кейбір Bluetooth
құрылғыларында барлық қажетті сипаттамалар
болмауы мүмкін.
Bluetooth режимінде аудио
файлдарды қосу
Динамикті таңдалған Bluetooth құрылғысымен
ойдағыдай қосқаннан кейін музыканы қосылған
Bluetooth құрылғысы арқылы басқарып қоса аласыз.
1. Музыка ойнауы басталғанда динамиктегі немесе
құрылғыңыздағы дыбыс деңгейінің тетікшесі арқылы
дыбыс деңгейін баптаңыз.
2. Bluetooth құрылғысындағы басқару элементтерін
пайдаланып, тректерді ойнатыңыз/кідіртіңіз және
тректен трекке өтіңіз. Не болмаса, ойнату процесін
динамиктегі Ойнату/кідірту, Келесі трек және
Алдыңғы трек түймешіктерімен басқарыңыз.
3. Ойнатылып жатқан тректе алға-артқа жылжу үшін
Алға жылдам айналдыру немесе Артқа айналдыру
түймешігін басып тұрыңыз. Қажетті жерге жеткенде
түймешікті жіберіңіз.
Ескерту:
● Осы басқару элементтерінің барлығына кей
ойнатқыш қолданбалары немесе құрылғылар жауап
бермеуі мүмкін.
● Кейбір мобильді телефондар қоңырау соққанда
немесе қабылдағанда уақытша ажырауы мүмкін.
Кейбір құрылғыларда мәтіндік хабарламалар,
электронды хаттар келгенде немесе басқа да аудио
таратуға қатысы жоқ себептермен Bluetooth аудио
таратылуының дыбысын уақытша өшіруі мүмкін. Бұл
қосылған құрылғының функциясы болып табылады
және динамиктің ақауы емес.
● Bluetooth режимінде ойнатылған кезде, дисплейде
атауы, орындаушы, альбом, т.с.с. тректің ақпараты
көрсетіледі.
Бұрын сәйкестірілген Bluetooth
құрылғысын ойнату
Динамиктің жадында жұптастырылған құрылғының 8
жиынтығы сақталуы мүмкін, ал жад осы мөлшерден
асып кетсе, ең ескі жұптастыру жазбасының үстіне
жазылады. Егер Bluetooth құрылғысы динамикпен
бұрын сәйкестірілген болса, динамик Bluetooth
құрылғысын жадында сақтап қалады да соңғы рет
қосылған жадындағы құрылғыға қосылуға тырысады.
Егер соңғы қосылған құрылғы жоқ болса динамикті
табуға болады.
Bluetooth құрылғысын ажырату
Bluetooth құрылғысынан ажырау немесе Bluetooth
құрылғысындағы Bluetooth функциясын өшіріп
байланысты ажырату үшін, дисплейде «Pairing»
(Жұптастырылып жатыр) жазуы көрсетілгенше
Bluetooth арқылы жұптастыру түймешігін 2-3 секунд
басып тұрыңыз.
Bluetooth сәйкестірілген құрылғыны
жадтан өшіру
Жұптастырылған барлық құрылғылардың жадын
босату үшін, Bluetooth арқылы жұптастыру түймешігін
екі сигнал естілгенше 5 секундтан көп басып тұрыңыз.
77 Қазақ тілінде

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents