Makita DMR203 Instruction Manual page 75

Cordless job site speaker
Hide thumbs Also See for DMR203:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚУАТ КӨЗІ
ЕСКЕРТУ:
● Батарея қақпағын ашып жапқан кезде саусақты
қысып алмау үшін абай болу керек.
● Батарея бөлігінің бекіткішін батарея картриджін
орнатқаннан кейін немесе шығарып алғаннан
кейін бастапқы күйіне келтіріңіз. Әйтпесе
батарея картриджі динамиктен түсіп қалып,
сізге немесе жаныңыздағыларға зақым келтіруі
мүмкін.
● Динамикті тасымалдар алдында батарея
бөлігінің бекіткішін үнемі жауып бекіту керек.
● Батарея картриджін орнатар немесе шығарып
алар алдында динамикті үнемі өшіру керек.
● Динамикті құлатуға немесе ұруға болмайды.
Қабы сынса саусағыңызды қысуы немесе
денеңізге қатты тиюі мүмкін. Зақымдалған
динамик өрт, жарылыс немесе жарақат алу
қаупін тудыратын күтпеген әрекеттерге әкелуі
мүмкін.
● Батареялық картриджді орнатқанда немесе
шығарғанда, динамикті және батареялық
картриджді мықтап ұстау керек. Мықтап
ұсталмаса, динамик пен батареялық картридж
қолдан шығып кетіп, зақымдалуы және адам
жарақат алуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
● Дисплейде қуаттың азаюы, бұрмалану, «үзік-үзік
дыбыс» немесе «төмен батарея» белгілерінің пайда
болуы негізгі батареялық блокты ауыстыру қажет
екенін білдіреді.
● Батарея картриджін өніммен бірге жабдықталған АТ
қуат адаптерімен қуаттауға болмайды.
● Батарея картриджі бірге жабдықталатын стандартты
керек-жарақ болып саналмайды.
Ысырмалы батарея картриджін
орнату немесе шығару (3-ші және
4-ші сур.)
● Батарея картриджін орнату үшін батарея
картриджіндегі тілшені корпустағы ұясына
сәйкестендіріп, орнына ысыру керек. Оны шырт
еткен дыбыс шыққанша кіргізу қажет.
● Түйменің жоғарғы жағында қызыл индикатор жанса,
ол дұрыс орнатылмағанын білдіреді. Оны үнемі
толықтай, қызыл индикатор сөнгенше кіргізіп, орнату
керек. Әйтпесе ол динамиктен түсіп қалып, сізге
немесе жаныңыздағыларға зақым келтіруі мүмкін.
● Батарея картриджін күштеп орнатуға болмайды.
Егер картридж дұрыс салынбаса, ол еркін
жылжымайды.
● Батареялық картриджді шығарып алу үшін,
картридждің алдыңғы жағындағы түймешікті басып
тұрып, картриджді динамиктен сырғытып шешіп
алыңыз.
Батареяның қалған сыйымдылығын
көрсету
* Модель нөмірінің соңында «В» әрпі бар батарея
картридждері үшін
1. Индикатор шамдары 2. Тексеру түймесі
Батареяның қалған сыйымдылығын көрсету үшін
батарея картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз.
Индикатор шамы бірнеше секундқа жанады.
● 14,4В/18В батареялар
Индикатор немесе шамдар
Жанып
Өшіп
тұр
75 Қазақ тілінде
1
Жыпылықтап
түр
тұр
2
Қалған
сыйымдылық
75% ~ 100%
50% ~ 75%
25% ~ 50%
0% ~ 25%
Батареяны
қуаттау керек
Батареяда ақау
болуы мүмкін

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents