Makita DMR203 Instruction Manual page 76

Cordless job site speaker
Hide thumbs Also See for DMR203:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
● 10,8В-12В(макс.) батареялар
Индикатор немесе шамдар
Жанып
Өшіп
Жыпылықтап
тұр
түр
ЕСКЕРТУ:
Пайдалану жағдайына және қоршаған орта
температурасына байланысты индикатор нақты
сыйымдылығынан сәл өзгеше көрсетуі мүмкін.
Өніммен бірге берілген АТ қуат
адаптерін пайдалану
Резеңке қорғанысын алып тастап, адаптер ашасын
динамиктің оң жағындағы ТТ ұяшығына салыңыз.
Адаптерді стандартты желілік розеткаға қосыңыз.
Адаптерді пайдаланған кезде батарея блогы
автоматты түрде ажырайды.
ЕСКЕРТУ:
● Динамикті тасымалдар алдында АТ қуат
адаптерін толықтай ажырату керек. АТ қуат
адаптері ажыратылмаған болса, электр тогымен
жарақаттауы мүмкін.
● Адаптер кабелін тартуға және/немесе сүйреуге
болмайды. Әйтпесе динамик құлап, сізге немесе
жаныңыздағыларға зақым келтіруі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ:
● Желілік адаптер динамикті желілік қуат көзіне
қосуға пайдаланылады. Желілік ұяшық динамиктің
қалыпты пайдаланылған кезінде қол жетімді болуы
үшін қажет.
● Динамикті желіден ажырату үшін желілік адаптерді
электр розеткасынан толықтай ажыратыңыз.
● АТ қуат адаптерін тек Makita белгілеген өнімдермен
пайдалану керек.
● Қуат кабелін қолмен ұстауға және ауызбен жалғауға
болмайды. Бұл электр тогымен жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
● Электр қуат ашасын сулы немесе майлы қолмен
ұстауға болмайды.
● Зақымдалған немесе шатасқан кабель электр
тогымен жарақат алу қаупін арттырады. Кабель
зақымдалған болса, қауіпсіздікке төнетін қауіпті
болғызбау үшін оны ауыстыруға өкілетті қызмет
орталығын шақыру керек. Оны жөнделмейінше
Қалған
сыйымдылық
тұр
75% ~ 100%
50% ~ 75%
25% ~ 50%
0% ~ 25%
пайдалануға болмайды.
● Пайдаланып болғаннан кейін АТ қуат адаптерін
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Балалар кабельмен ойнаса жарақат алуы мүмкін.
USB қуат жеткізу ұясы
Бұл ұяны пайдаланып, ұялы телефонды немесе 2,1А-дан
кем тұрақты ток тұтынатын кез келген басқа құрылғыны
қуаттауға болады.
Қуаттау процедурасы динамик қосылып тұрғанда ғана
орындалады.
Ескертпе:
ұялы телефон немесе ойнатқыш сияқты сыртқы
құрылғының техникалық спецификациясы динамикке
сәйкес келуі тиіс. Қуаттау алдында сыртқы құрылғының
нұсқаулығын оқып шығыңыз.
МАҢЫЗДЫ:
● USB құрылғысын қуаттаушы құрылғыға жалғар
алдында үнемі USB құрылғысындағы деректердің
көшірмесін жасау керек. Әйтпесе деректеріңіз
күтпеген жағдайда өшірілуі мүмкін.
● Қуаттаушы құрылғы кейбір USB құрылғыларына
қуат жеткізбеуі мүмкін.
● Пайдаланбаған кезде немесе қуаттап болғаннан
кейін USB кабелін ажыратып, қақпағын жабыңыз.
● USB портына қуат көзін жалғамаңыз. Әйтпесе
өрт қаупі туындауы мүмкін. USB порты тек төмен
кернеудегі құрылғыларды қуаттауға арналған.
Төмен кернеудегі құрылғыларды қуаттамаған кезде
USB портының қақпағын үнемі жабық ұстау керек.
● USB қуат жеткізу портына шеге, сым, т.б. салуға
болмайды. Әйтпесе қысқа тұйықталудың
салдарынан түтін немесе өрт шығуы мүмкін.
● Бұл USB ұяшығын компьютердің USB портына
жалғамаңыз, бұл құрылғылардың бұзылуына әкелуі
әбден мүмкін.
МУЗЫКАНЫ BLUETOOTH
АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
Bluetooth құрылғысындағы музыканы динамик арқылы
ойнату/тарату үшін автоматты түрде динамикке
қосылар алдында Bluetooth құрылғысын динамикпен
сәйкестіру керек. Сәйкестіру нәтижесінде екі құрылғы
бірін-бірі танитындай байланыс орнайды.
Ескерту:
Дыбыстың сапасын жақсарту үшін дыбыс деңгейін
Bluetooth құрылғысының дыбыс деңгейінің үштен екі
деңгейінен асырмай қойып барып динамиктің дыбыс
деңгейін реттеуді ұсынамыз.
Bluetooth құрылғысын алғаш рет
сәйкестіру
1. Динамикті Қуат түймешігін басып қосыңыз.
Динамиктің анықталғанын білдіру үшін дисплейде
76 Қазақ тілінде

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents