Makita DBO380 Instruction Manual page 49

Cordless finishing sander
Hide thumbs Also See for DBO380:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Шаңсорғышты құралдың ауыстырып-қосқышы
арқылы іске қосқыңыз келсе, алдымен құрал тіркеуді
аяқтаңыз.
1.
Аккумуляторларды шаңсорғыш пен құрылғыға
орнатыңыз.
2.
Шаңсорғыштың күту режимінің ауыстырып-
қосқышын "AUTO" күйіне орнатыңыз.
► Сурет32: 1. Күту режимінің ауыстырып-қосқышы
3.
Сымсыз іске қосу шамы жасыл түсті болып
жанғанша, шаңсорғыштағы сымсыз іске қосу
функциясының түймесін 3 секунд басыңыз. Содан
кейін құралдың да сымсыз іске қосу функциясының
түймесін дәл солай басыңыз.
► Сурет33: 1. Сымсыз іске қосу түймесі 2. Сымсыз
іске қосу шамы
Шаңсорғыш пен құрал сәтті жалғанса, сымсыз іске
қосу шамдары 2 секунд бойы жасыл түсті болып,
содан кейін көк түсті болып жыпылықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: 20 секунд өткеннен кейін, сымсыз іске
қосу шамдары жасыл түсті болып жыпылықтауын
тоқтатады. Шаңсорғышта сымсыз іске қосу шамы
жыпылықтап тұрған кезде, құралдағы сымсыз іске
қосу түймесін басыңыз. Сымсыз іске қосу шамы
жасыл түспен жыпылықтамаса, сымсыз іске қосу
функциясының түймесін басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бір шаңсорғыш үшін екі немесе одан
көп құрал тіркеу кезінде құралдарды бір-бірден
тіркеңіз.
Сымсыз іске қосу функциясын
қосу
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз іске қосу алдында
шаңсорғышқа арналған құралды тіркеуді аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Шаңсорғыштың да пайдалану
нұсқаулығын қараңыз.
Шаңсорғышқа құралды тіркегеннен кейін,
шаңсорғыш автоматты түрде құралдың ауыстырып-
қосқышымен іске қосылады.
1.
Құралға сымсыз блокты орнатыңыз.
2.
Шаңсорғыштың шлангісін құралға жалғаңыз.
► Сурет34
3.
Шаңсорғыштың күту режимінің ауыстырып-
қосқышын "AUTO" күйіне орнатыңыз.
► Сурет35: 1. Күту режимінің ауыстырып-қосқышы
4.
Құралдағы сымсыз іске қосу түймесін қысқа
басыңыз. Сымсыз іске қосу шамы көк түсті болып
жанады.
► Сурет36: 1. Сымсыз іске қосу түймесі 2. Сымсыз
іске қосу шамы
5.
Құралды қосыңыз. Құрал істеп тұрғанда
шаңсорғыштың істеп тұрғанын тексеріңіз.
Шаңсорғыштың сымсыз іске қосылуын тоқтату үшін
құралдағы сымсыз іске қосу түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құралда 2 сағат бойы жұмыс
орындалмаса, сымсыз іске қосу шамы көк
түсті болып жыпылықтауын тоқтатады. Мұндай
жағдайда шаңсорғыштың күту режимінің
ауыстырып-қосқышын "AUTO" күйіне орнатып,
құралдағы сымсыз іске қосу түймесін қайта
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Шаңсорғыш кідіріспен іске қосылады/
тоқтайды. Шаңсорғыш құралдың ауыстырып-
қосқышын анықтау кезінде уақыт кідірісі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз блоктың беріліс қашықтығы
орналасқан жері мен қоршаған орта жағдайларына
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Бір шаңсорғышқа екі немесе одан
көп құрал тіркелген кезде, басқа пайдаланушы
сымсыз түрде іске қосу функциясын пайдаланып
жатқандықтан, құралыңызды қоспасаңыз да
шаңсорғыш іске қосылуы мүмкін.
49 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dbo381

Table of Contents