Makita DBO380 Instruction Manual page 44

Cordless finishing sander
Hide thumbs Also See for DBO380:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құралды өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде құралды және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Құралды және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құралдың және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жарақат алуға
әкеп соқтыруы мүмкін.
► Сурет1: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп
тұрса, ол толығымен құлыпталмағанын білдіреді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей
етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған
жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді
немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
► Сурет2: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру
түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Құралдың функциясын
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Индикатор шамдары
Жанып тұру
Өшірулі
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятордың қорғаныс жүйесі
жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор
шамы жыпылықтайды.
Құралдың/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрал құралды/аккумуляторды қорғаныс жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қозғалтқыштың қуат
көзін автоматты түрде өшіреді. Егер құрал немесе
аккумулятор төмендегі жағдайлардың біреуіне тап
болса, құрал жұмыс барысында автоматты түрде
тоқтайды.
Шамадан тыс жүктемеден
қорғаныс
Құрал немесе аккумулятор тым жоғары ток
шығаратын күйде жұмыс істегенде, құрал автоматты
түрде ешбір сигналсыз тоқтайды. Бұл жағдайда
құралды өшіріңіз және құралдың шамадан тыс
жүктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз.
Содан кейін қайта іске қосу үшін құралды қосыңыз.
Қызып кетуден қорғаныс
Құрал немесе аккумулятор қызып кетсе, құрал
автоматты түрде тоқтайды. Бұл жағдайда құралды
және аккумуляторды іске қайта қосудан бұрын, оның
сууына мүмкіндік беріңіз.
Зарядтың шамадан тыс
таусылуынан қорғаныс
Аккумулятордың қалған қуаты жеткіліксіз болған
кезде, құрал автоматты түрде тоқтайды. Осы кезде
аккумуляторды құралдан алып тастап зарядтаңыз.
44 ҚАЗАҚША
Қалған қуат
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dbo381

Table of Contents