Makita DBO380 Instruction Manual page 47

Cordless finishing sander
Hide thumbs Also See for DBO380:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

3.
Картондағы саңылаудың ішкі жоғарғы жақ жиегінен
ұстап тұрып, оны төмен қарай тарту арқылы картондағы
саңылаудың сыртқы жоғарғы жақ жиегін шаң қорабының
тұмсығындағы жоғарғы ілмектен босатыңыз.
4.
Картон саңылауының сыртқы төменгі жақ
жиегін төменгі ілмектен босату үшін тартып тұрып,
шаң қорабынан сүзгіні шығарыңыз.
► Сурет17: 1. Сүзгі 2. Картон саңылауы 3. Жоғарғы
ілмек 4. Төменгі ілмек 5. Шаң қорабы
5.
Картон саңылауының төменгі жиегін төменгі
ілмекке ілу және жоғарғы жиегін жоғарғы ілмекке
ілінгенше ішке қарай басу арқылы сүзгіні ауыстырыңыз.
► Сурет18: 1. Сүзгі 2. Картон саңылауы 3. Жоғарғы
ілмек 4. Төменгі ілмек 5. Шаң қорабы
6.
Шаң қорабының екі жағындағы құлыптау ысырмасын
басып тұрып, шаң жүретін мойынды орнына салыңыз.
► Сурет19: 1. Шаң жүретін мойын 2. Шаң қорабы
3. Құлыптау ысырмасы
Алдыңғы тұтқаны орнату және шешіп алу
Орнату
Құрал мен алдыңғы тұтқаны бөлек жеткізілген жағдайда,
жұмыс алдында құралға алдыңғы тұтқаны орнатыңыз.
Алдыңғы тұтқаның ұшын мотор корпусындағы
ұяға салып, тұтқаның шетіндегі контурларды
ұядағылармен туралаңыз.
Алдыңғы тұтқаны корпусқа қарай мықтап итеріп,
ұстап тұрыңыз және ұстауға арналған бетін жоғары
қаратып, 90 градусқа бұраңыз.
► Сурет20: 1. Алдыңғы тұтқа 2. Ұя 3. Мотор
корпусы 4. Ұстауға арналған беті
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
алдыңғы тұтқаны тартып мықтап бекітілгеніне
көз жеткізіңіз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
ойықтың шетіне толық итеріп, алдыңғы
тұтқаны айналдыру кезінде оны сол күйде
ұстаңыз. Олай істемесеңіз, құрал зақымдалуы
мүмкін.
Шешіп алу
Алынбалы алдыңғы тұтқаны шешіп алып, ажарлау
жұмыстарын тар, қолайсыз және қиын жерлерде
барынша тиімді орындауға болады.
Алдыңғы тұтқаны мотор корпусына қарай итеріп,
ұстап тұрыңыз және оны солға немесе оңға қарай 90
градусқа бұраңыз. Содан кейін оны құралдан алып
тастаңыз.
Шаңсорғышқа жалғау
Қосымша керек-жарақ
Таза күйде ажарлау жұмыстарын орындау қажет
болса, құралға Makita шаңсорғышын жалғаңыз.
Қосымша 28 мм-лік шлангіні немесе 22 алдыңғы
манжеттер мен тазартқышпен бірге берілген
шлангіні жалғап пайдаланыңыз.
► Сурет21: 1. Шаң түтігі 2. Алдыңғы манжеттер
3. Шланг 4. Шаңсорғыш
Құрастырған соң,
Алдыңғы тұтқаны
Аккумулятор қабын орнату және
шешіп алу
Қосымша керек-жарақ
Аккумулятор қабы өңделетін бөлшекті және
аккумуляторды қорғауға арналған.
► Сурет22: 1. Аккумулятор қабы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
басқа жерге тасымалдау кезінде немесе
құралды пайдаланбай ұстап тұрған кезде,
аккумулятор қабын қолмен ұстауға болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор қабын BL1815N және
BL1820B сияқты жұқа аккумуляторлармен
пайдалануға болмайды.
Аккумулятор қабын орнату үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз.
1.
Аккумуляторды суретте көрсетілгендей қабына
салыңыз.
► Сурет23
2.
Аккумулятор қабындағы тілдерді
аккумулятордағы тесіктерге туралап келтіріңіз де,
аккумуляторды қабына итеріп кіргізіңіз.
► Сурет24: 1. Тесік 2. Тіл
3.
Төрт бұрышы да аккумулятор қабына мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
► Сурет25
Аккумулятор қабын шешіп алу үшін төрт бұрышты
босатып, тілдерді батареядағы тесіктерден
шығарыңыз да, аккумуляторды қабынан тартып
шығарыңыз. Аккумуляторды тартып жатқанда,
аккумуляторды және оның қабын мықтап ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Ажарлау жұмыстары
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
ысқыш қағазсыз қолданбаңыз. Төсемді қатты
зақымдауыңыз мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
түсірмеңіз. Шамадан тыс қысым түсіру ажарлау
тиімділігін төмендетуі, ысқыш қағазды зақымдауы
және/немесе құралдың қызмет ету мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Ашық аймақтарды ажарлау
1.
Құралды ең қолмен мықтап ұстаңыз және бір
қолыңыз тұтқада, ал екіншісі алдыңғы тұтқада болуы қажет.
2.
Құралды іске қосыңыз және ол толық
жылдамдыққа жеткенше күтіңіз.
3.
Құралды өңделетін бөлшектің бетіне абайлап
орналастырыңыз.
4.
Төсемді толықтай тепе-тең және тегіс ұстап,
құралға аздап салмақ түсіріңіз.
► Сурет26
47 ҚАЗАҚША
Құралды бір жерден
Құралды ешқашан
Құралға ешқашан күш

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dbo381

Table of Contents