Makita DMR114 Instruction Manual page 95

Job site radio
Hide thumbs Also See for DMR114:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Менің эквалайзерім профилін баптау
1. Эквалайзер баптауы мәзірін енгізу үшін эквалайзерді
бақылау түймесін басыңыз.
2. «MY EQ» режимін таңдау үшін баптау тетікшесін
бұраңыз. Содан кейін «BASS» баптауын енгізу үшін
баптау тетікшесін басыңыз.
3. Қажетті бас деңгейін таңдау үшін баптау тетікшесін
бұраңыз. «MIDDLE» баптауын енгізу үшін баптау
тетікшесін басыңыз.
4. Қажетті орташа деңгейді таңдау үшін баптау
тетікшесін бұраңыз. «TREBLE» баптауын енгізу үшін
баптау тетікшесін басыңыз.
5. Қажетті жоғары жиілік деңгейін таңдау үшін баптау
тетікшесін бұраңыз. Баптауды растау үшін баптау
тетікшесін басыңыз.
Ескерту:
● Эквалайзерді бас дыбысын арттырып, жоғары
дыбыс деңгейінде тыңдау үшін пайдалансаңыз
дыбыс шытырлап үзіліп шығады. Бұл жағдайда
радио дыбысын тиісінше реттеңіз.
МУЗЫКАНЫ BLUETOOTH
АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
Bluetooth құрылғысындағы музыканы радио арқылы
ойнату/тарату үшін автоматты түрде радиоға қосылар
алдында Bluetooth құрылғысын радиомен сәйкестіру
керек. Сәйкестіру нәтижесінде екі құрылғы бірін-бірі
танитындай байланыс орнайды.
Ескерту:
● Дыбыстың сапасын жақсарту үшін дыбыс деңгейін
Bluetooth құрылғысының дыбыс деңгейінің үштен екі
деңгейінен асырмай қойып барып радионың дыбыс
деңгейін реттеуді ұсынамыз.
● Радио ең көбі 8 сәйкестірілген құрылғыны жадында
сақтай алады, жадтағы құрылғылар саны асып
кетсе, ең бірінші сақталған құрылғы жойылады.
Bluetooth құрылғысын алғаш рет
сәйкестіру
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз.
Радионың Bluetooth режимін таңдау үшін қосу
көзінің түймесін басыңыз. Дисплейде «BT PAIR»
жазуы шығып, «PAIR» жазуы жыпылықтайды.
2. Құрылғының пайдалану нұсқаулығына сәйкес
радиоға қосылу үшін құрылғыңызда Bluetooth
қосыңыз. Bluetooth құрылғысының тізімін ашып
«DMR114» атты құрылғыны таңдаңыз (Bluetooth
BT2.1 нұсқасынан бұрынғы мобильді құрылғыларда
«0000» құпия кодын енгізу қажет).
3. Қосылғаннан кейін дыбыстық сигнал беріледі.
Дисплейде «BLUETOOTH» жазуы шығады да
10 секундтан кейін жазу күңгір болады. Өзіңіздің
құрылғыңыздан музыканы таңдап қосуыңызға
болады. Дыбыс деңгейін бастапқы құрылғыдан
немесе радиодан реттеуге болады.
4. Ойналған тректерді қосу/тоқтау және іздеуді
Bluetooth қосылған құрылғыдан немесе радиодан
басқаруға болады.
Ескерту:
● Егер 2 Bluetooth құрылғысы алғаш рет сәйкестіріліп,
екеуі де радионы іздесе, екеуінде де радиоға
қосу мүмкіндігі көрінеді. Алайда егер бір құрылғы
радиомен бірінші болып қосылса, басқа Bluetooth
құрылғысы оны таба алмайды.
● Егер Bluetooth құрылғыңыз уақытша радиодан
ажыраса, оның қайтадан қолмен қосу керек.
● Егер Bluetooth құрылғыңызда «DMR114» көрініп,
құрылғыңыз оған қосыла алмаса, радионы тізімнен
жойып, жоғарыда берілген нұсқау бойынша қайта
сәйкестіріңіз.
● Bluetooth таратудың оңтайлы қашықтығы радиодан
шамамен 10 метр (30 фут) (ашық жерде), бірақ 30
метр (100 фут) қашықтыққа да жетуі мүмкін.
● Егер Bluetooth байланысы оңтайлы қашықтықтан
алыс кету, кедергілер, т.б. себептермен ажырау
уақыты асқандықтан жоғалып кетсе, құрылғыны
радиоға қайта қосу қажет болуы мүмкін.
● Заттай кедергілер, басқа сымсыз құралдар немесе
электромагнитті құрылғылар да байланыс сапасына
әсер етуі мүмкін.
● Bluetooth байланысу көрсеткіші қосылған
Bluetooth құрылғысына қатысты әртүрлі болуы
мүмкін. Радиоға қосылмас бұрын құрылғыңыздың
Bluetooth мүмкіндіктерін қараңыз. Кейбір Bluetooth
құрылғыларында барлық қажетті сипаттамалар
болмауы мүмкін.
Bluetooth режимінде аудио
файлдарды қосу
Радионы таңдалған Bluetooth құрылғысымен
ойдағыдай қосқаннан кейін музыканы қосылған
Bluetooth құрылғысы арқылы басқарып қоса аласыз.
1. Музыка ойнауы басталғанда радиодағы немесе
құрылғыңыздағы дыбыс деңгейінің тетікшесі арқылы
дыбыс деңгейін баптаңыз.
2. Ойналған тректерді қосу/тоқтау және іздеуді
Bluetooth қосылған құрылғыдан басқаруға болады.
Немесе радиодағы тректерді қосу/тоқтау келесі,
алдыңғы трекке өту түймесі арқылы қайта ойнатуды
басқаруға болады.
3. Тректерден өту үшін келесі трек немесе алдыңғы
трек түймелерін басып ұстап тұрыңыз. Қажетті
трекке жеткенде түймені жіберіңіз.
Ескерту:
● Кейбір ойнату жүйесінің қолданбалары немесе
құрылғылары бұл жолмен басқарылмауы мүмкін.
● Кейбір мобильді телефондар қоңырау соққанда
немесе қабылдағанда уақытша ажырауы мүмкін.
Кейбір құрылғыларда мәтіндік хабарламалар,
электронды хаттар келгенде немесе басқа да аудио
таратуға қатысы жоқ себептермен Bluetooth аудио
таратылуының дыбысын уақытша өшіруі мүмкін. Бұл
қосылған құрылғының функциясы болып табылады
және радионың ақауы емес.
95 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents