Makita DMR114 Instruction Manual page 91

Job site radio
Hide thumbs Also See for DMR114:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТУ:
Пайдалану жағдайына және қоршаған орта
температурасына байланысты индикатор нақты
сыйымдылығынан сәл өзгеше көрсетуі мүмкін.
Резервтік батареяны орнату
(2-ші және 3-ші сур.)
Резервтік батареяны бастапқы жадта сақталған
деректердің жоғалмауы үшін батарея бөлігінде сақтау
керек.
1. Батарея бөлігін ашу үшін батарея бөлігінің бекіткішін
тартыңыз. Оның ішінде негізгі батарея бөлігі және
резервтік батарея бөлігі бар.
2. Резервтік батарея бөлігінің қақпағын ашып, 2
жаңа UM-3 (AA өлшемді) батареясын салыңыз.
Батареялардың полярлығы бөлік ішінде
көрсетілгенге сәйкес болуы керек. Батарея қақпағын
қайта орнатыңыз.
3. Резервтік батареяны салғаннан кейін негізгі батарея
блогын радионы қуаттау үшін салыңыз.
Өніммен бірге берілген АТ қуат
адаптерін пайдалану
Резеңке қорғанысын алып тастап, адаптер ашасын
радионың оң жағындағы ТТ ұяшығына салыңыз.
Адаптерді стандартты желілік розеткаға қосыңыз.
Адаптерді пайдаланған кезде батарея блогы
автоматты түрде ажырайды.
ЕСКЕРТУ:
● Радионы тасымалдар алдында АТ қуат
адаптерін толықтай ажырату керек. АТ қуат
адаптері ажыратылмаған болса, электр тогымен
жарақаттауы мүмкін.
● Адаптер кабелін тартуға және/немесе сүйреуге
болмайды. Әйтпесе радио құлап, сізге немесе
жаныңыздағыларға зақым келтіруі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ:
● Желілік адаптер радионы желілік қуат көзіне қосуға
пайдаланылады. Желілік ұяшық радионың қалыпты
пайдаланылған кезінде қол жетімді болуы үшін
қажет.
● Радионы желіден ажырату үшін желілік адаптерді
электр розеткасынан толықтай ажыратыңыз.
● АТ қуат адаптерін тек Makita белгілеген өнімдермен
пайдалану керек.
● Қуат кабелін қолмен ұстауға және ауызбен жалғауға
болмайды. Бұл электр тогымен жарақат алуға әкелуі
мүмкін..
● Электр қуат ашасын сулы немесе майлы қолмен
ұстауға болмайды.
● Зақымдалған немесе шатасқан кабель электр
тогымен жарақат алу қаупін арттырады. Кабель
зақымдалған болса, қауіпсіздікке төнетін қауіпті
болғызбау үшін оны ауыстыруға өкілетті қызмет
орталығын шақыру керек. Оны жөнделмейінше
пайдалануға болмайды.
● Пайдаланып болғаннан кейін АТ қуат адаптерін
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Балалар кабельмен ойнаса жарақат алуы мүмкін.
Ескерту:
Егер радионың АМ диапазонында адаптерден
бөгеуілдер пайда болса, радионы АТ қуат адаптерінен
кемінде 30 см қашық жерге қойыңыз.
Қуаттауға арналған USB порты
арқылы қуаттау
Радионың алдыңғы жағында USB порты бар. USB
құрылғысын USB порты арқылы қуаттауға болады.
1. MP3, CD плейер сияқты USB құрылғысын нарықта
бар USB кабелімен жалғаңыз.
2. Радионы қосу үшін қуаттау түймесін басыңыз.
3. Радио айналмалы токпен қуатталғанына немесе
батареямен қуатталғанына қарамастан радио
арқылы, ол қосылып тұрған кезде USB құрылғысын
FM, BT немесе AUX режимінде қуаттауға болады,
режим түрі сыртқы аудио көзі жалғанғанда көрінеді.
Ескерту:
● USB құрылғыларын АМ режимінде қуаттауға
болмайды, өйткені радионың сигнал қабылдауы
USB құрылғысы қуатталған кезде өте төмен болып
кетеді.
● USB құрылғысы қуатталған кезде динамиктің шығыс
қуатының максималды дыбысы төмендейді.
● USB ұяшығы ең көп дегенде 5В/2,4А электр тогын
береді.
Маңызды:
● USB құрылғысын қуаттаушы құрылғыға жалғар
алдында үнемі USB құрылғысындағы деректердің
көшірмесін жасау керек. Әйтпесе деректеріңіз
күтпеген жағдайда өшірілуі мүмкін.
● Қуаттаушы құрылғы кейбір USB құрылғыларына
қуат жеткізбеуі мүмкін.
● Пайдаланбаған кезде немесе қуаттап болғаннан
кейін USB кабелін ажыратып, қақпағын жабыңыз.
● USB портына қуат көзін жалғамаңыз. Әйтпесе
өрт қаупі туындауы мүмкін. USB порты тек төмен
кернеудегі құрылғыларды қуаттауға арналған.
Төмен кернеудегі құрылғыларды қуаттамаған кезде
USB портының қақпағын үнемі жабық ұстау керек.
● USB қуат жеткізу портына шеге, сым, т.б. салуға
болмайды. Әйтпесе қысқа тұйықталудың
салдарынан түтін немесе өрт шығуы мүмкін.
● Бұл USB ұяшығын компьютердің USB портына
жалғамаңыз, бұл құрылғылардың бұзылуына әкелуі
әбден мүмкін
РАДИОНЫ ТЫҢДАУ
AM/ FM диапазондарын баптау
Ескерту:
FM антеннасы тұтқасына кіріктіріліп орнатылған.
Радионы пайдаланған кезде сигналды дұрыс қабылдау
үшін тұтқасын дұрыстап түзетіңіз. AM жолағының
сигналын жақсы ұстау үшін радионы айналдырыңыз,
өйткені антенна радионың ішіне кіріктірілген.
1. Радионы қосу үшін қосу түймесін басыңыз.
2. Радионың АМ немесе FM режимін таңдау үшін қосу
91 Қазақ тілінде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents