Makita M3600 Instruction Manual page 26

Hide thumbs Also See for M3600:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
1.
Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
2.
Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электр құрал қауіп
төндіреді және оны жөндеу керек.
3.
Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе электр
құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас бұрын,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумулятор блогы бар болса, оны шығарып
алыңыз. Осындай алдын алу шаралары электрлік
құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
4.
Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы жаттығудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
Электр құралдарға техникалық қызмет көрсетіңіз.
5.
Қозғалмалы бөлшектердің ауытқуы және оралуы,
зақымдалған бөлшектер және электрлік құралдың
жұмысына кері әсер ететін басқа жағдайлардың бар-
жоғын тексеріңіз. Зақымы болса, электрлік құралды
жөндеген соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым
оқиғалардың көбі электрлік құралдарға дұрыс
техникалық қызмет көрсетілмеу себебінен болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және басқаруға оңай.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралды білікті маманға жөндетіп
алыңыз, ол тиісті қосалқы бөлшектерді
пайдалануы керек. Бұл электрлік құралдың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Тұтқаларды құрғақ, таза ұстаңыз және
3.
майлы болмауын қамтамасыз етіңіз.
Фрезер қауіпсіздігі бойынша ескертулер
1.
Электр құралын оқшауланған арнайы
қысқыштармен ұстаңыз, себебі дискілі алмас
ара өз сымына тиіп кетуі мүмкін. Кернеулі
сымды кесуден электр құралының ашық металл
бөліктерінде кернеу пайда болады, нәтижесінде
операторды ток соғуы мүмкін.
2.
Өңделетін бөлшекті орнықты платформаға
бекітіп тіреу үшін қысқыштарды немесе басқа
тиімді әдісті пайдаланыңыз. Өңделетін бөлшекті
қолмен немесе денеңізге қарама-қарсы ұстасаңыз,
құралды игере алмай қалуыңыз мүмкін.
3.
Құралды пайдалану ұзақ уақытқа
созылатын болса, құлаққа арналған
қорғаныш құралын тағып жүріңіз.
Фрезер фрезаларын өте мұқият
4.
пайдаланыңыз.
5.
Жұмысқа кіріспес бұрын фрезер
фрезасында жарықтардың немесе
зақымдардың бар-жоғын мұқият тексеріңіз.
Жарылған немесе зақымдалған фрезаны
дереу алмастырыңыз.
6.
Шегелерді кеспеңіз. Жұмысты бастау
алдында шегелердің бар-жоғын тексеріп,
оларды өңделетін бөлшектен алып
тастаңыз.
7.
Құралды екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
8.
Қолыңызды айналмалы бөлшектерге
жақындатпаңыз.
9.
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас бұрын
фрезер фрезасының өңделетін бөлшекпен
жанасып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
10. Құралды нақты өңделетін бөлшекке
қолданардан бұрын біраз уақыт бойы
іске қосылып тұруына мүмкіндік беріңіз.
Фрезаның дұрыс орнатылмағанын
көрсететін дірілдеу мен теңселудің бар-
жоғын тексеріңіз.
11.
Фрезер фрезасының айналу бағыты мен
беріліс бағытынан сақ болыңыз.
12. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
13. Құралды өңделетін бөлшектен алып
тастамас бұрын үнемі фрезерді өшіріп,
фрезасы толық тоқтағанша күтіңіз.
14. Фрезер фрезасын пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды; ол өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
15. Құрал табанына абайсызда сұйылтқыш,
бензин, май немесе соған ұқсас заттарды
жақпаңыз. Олар құрал табанында жарықтар
тудыруы мүмкін.
16. Құрал жылдамдығына сәйкес келетін артқы
ілмек диаметрі дұрыс фрезер фрезаларын
пайдаланыңыз.
17. Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаң жұтпаңыз және
теріге тигізбеңіз. Материал жеткізушісінің
қауіпсіздік туралы деректерін ұстаныңыз.
18. Пайдаланып жатқан материал мен
жұмыс үшін әрдайым тиісті түрде шаңнан
қорғайтын масканы/респираторды
пайдаланыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
26 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents