Техникалық Қызмет Көрсету - Makita BO3710 Instruction Manual

Hide thumbs Also See for BO3710:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

► Сурет7: 1. O пішінді сақина
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Төсемді алып тастау кезінде О пішінді сақина
құралдан шығып кетуі мүмкін. Осы жағдай
орын алса, О сақинасын бастапқы орнына
қайтарып, төсемді орнатыңыз.
Шаң қапшығы (қосымша керек-жарақ)
► Сурет8: 1. Шаң түтігі 2. Шаң қапшығы
Шаң түтігіне шаң қапшығын бекітіңіз. Шаң түтігі
соңына қарай сүйірленген. Шаң қапшығын бекіткен
кезде жұмыс барысында шығып кетпеуі үшін оны
шаң түтігіне орныққанша мықтап итеріңіз.
Жақсы нәтиже алу үшін шаң қапшығын шамамен
жартысы толған кезде босатыңыз, шаңды
мүмкіндігінше көбірек кетіру үшін оны қағыңыз.
Сүзгіні (қосымша керек-жарақ)
орнату
► Сурет9: 1. Ұстағыш
Картон жиегіндегі логотип пен шаң қорабындағы
логотиптің бір жақта орналасуын тексеріңіз, содан
кейін картон жиегін әрбір ұстағыштың ойығына
туралау арқылы сүзгіні орнатыңыз.
► Сурет10: 1. Шаң қорабы 2. Шаң жүретін мойын
Картон жиегіндегі логотип пен шаң жүретін мойындағы
логотиптің бір жақта орналасуын тексеріңіз, содан
кейін шаң жүретін мойынды шаң қорабына орнатыңыз.
Шаң қорабын және сүзгіні алып тастау.
► Сурет11: 1. Ысырма 2. Шаң жүретін мойын
Екі ысырманы басу арқылы шаң жүретін мойынды
шығарып алыңыз.
► Сурет12
Алдымен сүзгінің картон жиегінің логотип
белгіленген жағын қысу арқылы жылжытыңыз, содан
кейін оны шаң қорабының ұстағышынан шығарып
алу үшін картон жиегін төмен қарай тартыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Ажарлау жұмыстары
► Сурет13
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды ешқашан ысқыш қағазсыз қолданбаңыз.
Төсемді қатты зақымдауыңыз мүмкін.
Құралға ешқашан күш түсірмеңіз. Шамадан
тыс түсірілген қысым ажарлау тиімділігін
төмендетуі, ысқыш қағазды зақымдауы немесе
құралдың қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін.
Құралды мықтап ұстаңыз. Құралды іске қосыңыз
және ол толық жылдамдыққа жеткенше күтіңіз.
Содан кейін құралды өңделетін бөлшектің бетіне
мұқият орналастырыңыз. Төсемді өңделетін
бөлшекпен беттестіріп ұстаңыз және құралға аздап
қысым түсіріңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тексеру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екеніне және желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан
пайдаланбаңыз. Нәтижесінде құралдың
түссізденуі, бүлінуі немесе онда жарықтар
пайда болуы мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН
қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстары, графитті
қылшақты тексеру және алмастыру, кез келген
басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу
жұмыстары Makita компаниясының өкілетті қызмет
көрсету орталықтары тарапынан (Makita қосалқы
бөлшектерін қолдана отырып) орындалуы керек.
ҚОСЫМША
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Бұл керек-жарақтар мен қондырмаларды осы
нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен
бірге пайдаланған дұрыс. Басқа керек-
жарақтар мен қондырмаларды пайдалану
адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін.
Керек-жарақты немесе қондырманы тек
мақсатына сәйкес пайдаланыңыз.
Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу
үшін жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ысқыш қағаз (алдын ала тесілген саңылаулары
бар)
Ысқыш қағаздың жабысқақ ілмек түрі
Тескіш пластина
Диск табаны (ысқыш қағаздың жабысқақ ілмек
түрімен бірге пайдалануға арналған)
Диск табаны (ысқыш қағаздың қалыпты түрімен
бірге пайдалануға арналған)
Шаң қапшығы
Шаң қорабы
Сүзгі
Шланг
ЕСКЕРТПЕ:
Тізімдегі кейбір элементтер стандартты
керек-жарақтар ретінде құралдың
қаптамасында болуы мүмкін. Олар әр елде
әртүрлі болуы мүмкін.
19 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Bo3711

Table of Contents